|
|||
Саяси ғылымдардағы саяси режимдерді түсіндірудегі негізгі теориялық классификацияларды түсіндіріңіз10. Саяси ғылымдардағы "саяси режимдерді" түсіндірудегі негізгі теориялық классификацияларды түсіндіріңіз Саяси режим – дегеніміз елдегі саяси өмірдің сипатын анықтайтын мемлекеттік билікті жүзеге асырудың түрі мен әдістерінің жиынтығы,қоғамның саяси жүйесінің қызмет ету амалы. -Саяси режимнің сипаты қоғамның саяси жүйесінің қызмет ету мен ерекшелітеріне тәуелді болады.Сонымен қатар саяси мәдениет пен саяси дәстүрге де байланысты болып келеді. -Елдің саяси жүйе конституциялық құрылыспен, мемлекеттік билікті жүзеге асыруда қолданылады. Саяси режимнің сипатын анықтауда саяси ғылымда екі бағыт қалыптасты: 1.Заңды құқықтық бағыт: конституциялық жүйесі және тәжірибе жүзінде іске асырылуы. 2.Әлеуметтік бағыт: қоғамды басқарудағы ерекше әлеуметтік механизм, билік органдарын қалыптастырудың негізгі модельдері, саяси шешім қабылдаудың амалы, саяси субъетінің саясатқа қатысу амалы. Саяси режимнің типтері: 1.Тоталитаризм 2.Авторитарлық режим 3.Демократиялық режим Авторитаризммен органикалық байланыстағы және одан тек тоталдығымен,яғни акциялардың, әрекеттердің бәрін қамтып, жекелікті жоққа шығарушылығымен ерекшеленетін ерекше саяси режим. Тоталитарзмнің белгілері: -Идеологиялығы -Бұқаралық партияның болуы -Мемлекеттік қоғамның барлық саласында бақылау орнату -Қоғамда плюрализм болмайды -Оппазиция болмайды Мемлекеттік биліктің тоталитарлық режимді ұйымдастырудың ерекшелітері: -Биліктің орталықтандырылуы, биліктің басында диктаторлар болады, репрессивті ақпарат жұмыс жасайды; – Билеуші партияның монополиясы; – Биліктің легитимділігі күшке негізделеді; Азаматтардың еркіндігі мен бостандығы болмайды. Тоталитарлық жүйелер әр түрлі нышандарға ие болса да оларды саяси практика мен режимнің өзіндік ерекшелітері принциптері саяси процестерде қолданатын әдістері мен құралдары біріктіреді. Авторитаризм – билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті авторитарлық режим өз бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық күрес жок. Авторитарлық саяси режимнің белгілері: -Саясаттан басқаның барлығына рұқсат; -Билікті ұстаушы бір адам немесе бір топ; -Билік күшке негізделеді; -Оппазиция болады,бірақ әлсіз; -Саяси құқықтармен еркіндіктердің шектелуі. Авторитарлық режимнің формалары: -Дәстүрлі авторитарлық режим; -Этатистік идеократтық авторитарлық жүйе -Бәсекелесуші олигархияның авторитарлық режимі -Авторитарлық бюрократиялық режим -Авторитарлық әскери режим. Демократиялық режим. Мұндай режимде ел халқының кең әлеуметтік жіктері, халық, қоғамды қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады. Демократия – әлеуметтік өмір агенттері өздері құрған билік құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын басқару формасы болып саналады. Демократияның басты ерекшеліктері: -Еркіндік принципі; -Саяси бәсекелестік; -Билік құрушы саяси элитаның қызметін бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндігі. -Мемелекеттік биліктің құрылымдық икемділігі -Демократиялық режимнің саяси жаңалықтарды қабылдай білу қабілеті -Саяси қатынастар субъектілерінің іс әрекеті мен қызметі үшін саяси кеңістік жасау -Саяси және идеологиялық плюрализм -Демократиялық қоғам ашық қоғам Демократия консепциялары: -Ұжымдық антикалық. Ж.Руссо теориясы социялистік демократия -Антикалық демократия: көпшіліктің шексіз белгісі; -Руссо теориясы: билік жалпы еріктің негізінде жеке адамдардың бірігуі нәтижесінде пайда болған халықтың қолында болады.
|
|||
|