Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Саяси ғылымдардың қоғамдық ғылымдар саласында алар орнын және қалыптасу тарихын қысқаша тоқталыңыз



6. Саяси ғылымдардың қоғамдық ғылымдар саласында алар орнын және қалыптасу тарихын қысқаша тоқталыңыз

Саяси ғылым - қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен даму тарихын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістерді, саяси сана мен саяси мәдениетті, әлемдік саяси үрдісті зерттейді. Саяси ғылым сұрақтары бойынша өткен 1948 ж. халықаралық коллоквиум оның зерттеу объектілері ретінде:

1) саяси теория;

2) саяси институттар;

3) саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;

4) халықаралық қатынастарды анықтады.

Сонымен бірге, саясат қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бір саласы жөнінде білім көзі болып, ол туралы жан-жақты ғылыми мағлүмат береді, екіншіден, нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму заңдылықтарына сай пайда болады, оларды ашып, іске асырғанда басшылыққа алына ғылымға негізделеді, саяси жүмыс жемісті болу үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізу қажет.

Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі ортақ –қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім. Саясаттану ең алдымен философиямен тығыз байланысты.Философия-табиғат, қоғам және таныс дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде де жатқанын және т.с.с ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты философиялық тұрғыдан дәлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүние-танымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын байқатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заңдылықтарды нақтылайды, айқындайды, саяси танымы тереңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады. Сайып келгенде, саясаттану өмірдің жалпы жақтарын қарастырғанда философия тұжырымарына сүйенеді, ал саясаттың нақтылы жақтарына келгенде философия саясаттануға жүгінеді. Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыда дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеумттік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді. Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қарастырады. Құқықты К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған. Саясаттану құқықтануға жалпы теория, оның теориялық-әдістемелік негізі іспеттес. Саяси өкімет жүйесінсіз әлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтық тұрғыда қалыптаспай саяси өкімет те әдеттегі қызметін атқара алмайды. Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі –әлеуметтану. Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның сяаси салаға әсерін зерттейді. Оның айналысатны мәселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде,саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.