Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Антикалық дәуір ойшылдарының саясат және саяси ғылым туралы тұжырымдамаларын түсіндіріңіз



3. Антикалық дәуір ойшылдарының саясат және саяси ғылым туралы тұжырымдамаларын түсіндіріңіз

батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама қайшы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыраңқылық күн кешкен ел еді. Саяси өмір тез өрбіді, ал саяси сана теориялық терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ғалымдар көп. Олар: Платон, Аристотель. Платонның екі жүздей еңбектері бар: «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар» және т.б. Оның ойынша мемлекет адамдарын алаламай нәсіліне, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамай бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек.Ол адамдарды үлкен үш әлеуметтік топқа бөлді: 1) әкімдер 2)қорғаушылар 3) өндірушілер. Әкімдерге фәлсафашыларды жатқызды (жасы елуден кем емес). Бір таптан екінші тапқа өтуге болмайды. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, алигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішіндегі ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері адамгершілік, абырой, ар намыс деп санады. Ертедегі гректердің саяси ой пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель (б.з.б 384-322) болды. Ол Афиныда бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Сондықтан Аристотель саясаттанудың «әкесі» саясаттануға қатысты «Саясат», «Афинының политигі», «Этика» деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына берді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Ол құл иеленушілікті қолдады, құлждар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді. Аристотельдің ойынша, мемлекет қоғамның дамыған түрі, ал қоғам отбасының дамыған түрі болып табылады. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны жатқызды. Ал тирания, алигархия және демократияны бұрыс мемлекеттің түріне жатқызды. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлады, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді. Аристотель Платон айтқандай қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті жақтады.

 

4 (Қазақ ғалымдарының, ойшылдарының еңбектеріндегі саяси ойдың басым ерекшеліктерін түсіндіріңіз «әл-фараби, жүсіп баласағұни») Қазақ жеріндегі ойшылдар. Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Қазақтың алғашқы философы, әлеуметтанушысы. Математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрген. Ол екінші Аристотель атанған. Барлығы 160-тан астам трактат жазған. "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы", "Азаматтық саясат" деген еңбектері бар. Әл-Фараби басқару түрін екіге бөлген

1. Қайырлы - халықты бақытқа апарады. 2. Қайырымсыз - мұнда теріс әрекеттер болады. Әл-Фарабидің айтуынша адам бақытты болуға лайықты, сондықтан сол ол бақытын табуға тиіс. Оған ол тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болады дейді. Ұлы дана халықтар достығын қолдады. Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі — Жүсіп Хас-хаджиб Баласағұни (1021-1075). Ол - ақын, философ, қоғам қайраткері болған. "Құтадғу білік" (Құтты білік) деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адамның тағдыры, қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы, т.с.с берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған. Қазақ халқының, тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар Қасым, Есім, Тәукехандар, "Қасымханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған. Ал Тәуке хан "Жеті жарғы" деп аталған қазақ әдеп-ғұрып заңдарының жиынтығын жасады. Мұнда құқықтық тәртіп деп мемлекеттік құрылымының негізгі принциптері айқындалды. Ол "халық кеңесі" мен "Билер кеңесін" тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады. Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды. Қазақ саяси ойы ХХ ғасырдың басында заманалық өркениетке сәйкестеніп, жаңаша мазмұнда дами бастады. Бұл дамудың өзіндік ерекшелігі — оның Ресей империясы орнатқан отарлық езгі ахуалында орын алуына байланысты болатын. Қазақтың белгілі ойшысы-ШоқанУалиханов (1835-1865). Ол ғалым. ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, зерттеуші. Халықты патша-шенеуліктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат-мүдесі деп білді. Шоқанның ойынша, халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты болады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.