|
|||
Бақылау сұрақтарыБақылау сұрақтары 1 Өнімді стандарттау, сертификаттау туралы түсінік беріңіз. Осы сала бойынша ҚР-да қазіргі таңда қандай заң әрекет етеді? 2 Былғарылық мақсатқа пайдаланылатын тері шикізаты қалай жіктеледі? 3 Әртүрлі мал, жануарлардан былғарылық бағыттадайындалатын терілерді сылу тәсілдері. 4 Тері шикізатын ГОСТ 28425-90 бойынша сұрыптау кезінде ондағы ақауларды ақалай бағалайды? Ақауларды бағалау бірліктеріне жекелеген тері топтары бойынша тоқталыңыз. 5 Тері шикізатының жекелеген сұрыптары бойынша рұқсат етілген ақаулар санын ескере отырып, терілерді сұрыптау қалай жүргізіледі? 6 Терінің шет жақтарының өлшемдері қандай? 7 Ауданы және ұзындығы бойынша өлшенетін ақауларды қалай есептейді? Жекелеген тері топтары үшін олардың шекті мөлшерлері қандай? 8 ГОСТ 28509-90 стандарт бойынша қой терісінің жүн жамылғысы қандай талаптарға сәйкес болуы керек? Қой терісінің ақауларын қалай бағалайды? 9 Қой терісін стандарт бойынша сұрыптау қандай талаптарға сәйкес жүргізіледі? 10 Мамықты-үлпек жүнді аң терілерін қалай сұрыптайды? 11 Тері шикізатын таңбалау жұмысы қалай жүргізіледі? 12 Былғарылық тері шикізатын буып-түю тәсілдері қандай? 13 Тері шикізатының салмағы мен ауданын қалай өлшейді? 14 Теріні таңбалауға арналған бояулар қалай дайындалады? 15 Қой терісін таңбалауда қандай деректер қойылады? 16 Қой терілерін буып-түю үшін қандай тәсілдер қолданылады? Әдебиеттер: Қ.С.Сәбденов., Т.К. Бексейітов және т.б. Қой шаруашылығы. Алматы, 2011. К.Е.Елемесов., М.Д.Закиров т.б. Қаракөл елтірісі, аң терісі және тондық қой терісі шикізаттарының тауартануы. 1-2 кітап. Алматы, 1993. С.Қ.Шауенов, Ж.Құржықаев, С.Нарбаев. Тері, мех, бағалы аң шикізатының технологиясы мен тауартануы (практикум). Астана, 2008. А.Н.Беседин, С.А.Каспарьянц, Товароведение и экспертиза меховых товаров. Москва, 2007. З. Сайт, Ж.Сейітқажы. Мал және аң терілері шикізатының тауартануы. Астана, 2014.
|
|||
|