Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тері шикізатының химиялық құрамын анықтау



2.3 Тері шикізатының химиялық құрамын анықтау

Сабақтың мақсаты.Студенттерге тері шикізатының химиялық құрамын анықтау тәсілдері мен әдістерін менгерту. Срнымен бірге былғарылық тері және үлпек жүнді (мехтық) тері шикізатын құрайтын су, көнді зат (ақуыз), күлді  зат, май және май текті заттарды және тері шикізатының жеңілдеуін және таза салмағын анықтау.

Жұмысқа қажетті: бюкс (шыны ыдыс), сүзгіш қағаз, Сокслет аппарат немесе Зайченко аппарат, аналитикалық таразы, эксикатор, шыны ыдыс, муфель пеш, аналитикалық таразы.

 

Терінің химиялық құрамы. Жануарлар терісінің химиялық құрамы өте күрделі болып келеді. Терінің химиялық құрамында жануардың түріне, тұқымына, жасына, бағым күтіміне байланысты айырмашылық- тар болады. Бірақ теріде орташа мөлшерімен су – 64-68%, құрғақ зат 32-36%, оның ішінде ақуыз 24-26%, май және май текті заттар 3-10%, көмірсулар 1,5-2,5%, минералдық заттар 0,8%-ке дейін орналасқан.

Терідегі ақуыздық заттар негізінен коллаген, эластин, кератин, ретикулин, муцин, мукойд, альбумин, глобулин қатарлы ақуыздардан құралады. Терідегі ақуыздық заттардың 93-97%-н коллаген құрайды.

Ақуыздар - бұл аминқышқылдардың қалдықтарынан тұратын органикалық құрылым. Тері ұлпасындағы ақуыздар сумен көп немесе аз мөлшерде байланыста болады. Суды белок-су жүйесінен ажырату көпшілік жағдайда ақуыздың құрылымын қайтарымсыз өзгеріске ұшыратады.

Мүлде құрғақ күйдегі ақуыздар қатты да пішінсіз, түссіз емес зат. Кейбір ақуыздар суда ериді, кейбірі суды өзіне сіңіріп қоймалжың зат-гельге айналады, ал кейбір ақуыздар сумен қосылмайды.

Ақуыздардың қарапайым құрылымы олардың шығу тегіне қарамай сапалық жағынан бірдей болып келеді. Олардың құрамында көміртегі, сутегі, оттегі, азот және күкірт бар. Бұл элементтер әртүрлі ақуызда төмендегі мөлшерде кездеседі (құрғақ зат салмағындағы пайыздық үлес бойынша): көміртегі 48-55%; сутегі 5-7,5%, оттегі 20-34%, күкірт 0,3-2,5%, азот 15,0-19,5%.

Қазіргі кезде барлық ақуыздарды олардың бөлік кескініне қарай фибриллярлық және глобулярлы деп екі үлкен топқа бөліп қарайды. Бірінші топқа тері ақуыздарынан коллаген, кератин, ретикулин, эластин, екінші топқа альбумин және глобулин жатады. Фибриллярлы немесе талшықты ақуыздар «құрылымдық» қызмет атқарады және теріні құрайтын негізгі материал болып табылады. Глобулярлы ақуыздар жануардың тірі кезінде тері жабынында жүрілетін физиологиялық қызметтерге қатысады.

Тері шикізатын алғашқы өңдеу, әсіресе теріні өндірісте өңдеу үдерістері терінің талшықты ақуыздары (негізінен коллаген) мен басқа да химиялық заттардың өзара әрекеттесуіне негізделген. Сондықтан терінің негізгі талшықты ақуыздарының құрылысы мен қасиеттері туралы түсініктің маңызы зор. Тері ақуыздарының ішіндегі ең көбі коллаген. Егер мүлде құрғақ дерманың 98,5%-і ақуыздан тұратын болса оның 95,4%-і тек коллагеннің үлесіне тиеді. Қалған бөлігін кератин, эластин, ретикулин құрайды.

Былғарылық тері және үлпек жүнді (мехтық) шикізатын химиялық талдау.Былғарылық тері және үлпек жүнді (мехтық) тері шикізатын химиялық талдаудың нәтижесін олардың сапасын сипаттауға қолданады. Тері шикізатын құрайтын құрамының негізгі бөліктері өңделген кезде былғары және үлпек жүнді теріне айналады және олардың мөлшері мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттармен мөлшерленеді. Сондықтан тері шикізатын химиялық талдаудың мақсаты - сапалы өнім алу үшін тері шикізатын алғашқы өңдеу және өндірісте терең өңдеудің әрбір технологиялық үдерістердің параметрлерін дұрыс таңдауына мүмкіндік туғызады. Химиялық талдау нәтижесінде көрсеткіштердің шектелген мөлшерден едәуір ауытқуы тері шикізатын алғашқы өңдеу және өндірісте терең өңдеу технологиялық үдерістеріндегі өзгерістерді көрсетеді.

Химиялық талдауға арналған үлгіні дайындау.Химиялық талдау жүргізу үшін шикізат партиясынан орташа үлгіні дұрыс алу қажет. Ол үшін егер 100 данаға дейін болса 3, 101-625 дана болса – 5, арықарай келесі формула бойынша алынатын терінің санын анықтайды.

 ,

мұнда x – партиядан алынатын терінің саны ( ), 

n – партиядағы тері шикізатының саны. Алғашқы теріні еркінше алады, арықарай бойынша қатаң анықталған санымен таңдалады.

Таңдалған объекттерден орташа үлгіні белгілі мөлшерде кесіп алады. Алынған үлгіні 0,01 г абсолюттік дәлсіздікпен өлшейді де, 3х4 мм болатындай майдалап ұсақтап, берік кептелген тығыны бар екі шыны ыдысқа салып, жақсы араластырады. Талдау екі параллель үлгіде жүргізіледі.

Ылғал мөлшерін анықтау.Ылғал мөлшерін анықтау әдісі майдаланын ұсақталған үлгілерді кептіруге негізделген. Кептіруді әртүрлі кептіру тәсілімен, температура мен және ұзықтығымен жүргізуге болады. Әр бюксқа 0,0001 г дәлсіздік пен тұрақтандырылып өлшенген 3-4 г нақты үлгіні алады. Бюксіні кептіру шкафында 170-180оС температурада 1 сағат кептіргеннен кейін шығарып, қыздырылған хлорид кальций бар эксикаторда 20оС-қа дейін суытып өлшейді. Келесі өлшеу қосымша кептірілген әр 30 минут сайын жүргізіледі.

Шошқа, қой және ешкі терісінің үлгіні 135-137оС температурада 7 сағат кептіреді және алдын ала эксикаторда суытылғанан кейін өлшенеді. Келесі өлшеу қосымша кептірілген әр 1 сағат сайын жүргізіледі.

Барлық тері шикізатының үлгіні тұрақты салмаққа жеткенге дейін кептіреді.

Шикізаттағы ылғал мөлшерінің салмақтық үлесін келесі формула бойынш анықтаймыз.

 ,

 мұнда W - ылғал мөлшерінің салмақтық үлесі (%), 

        m – кептіруге дейінгі үлгі салмақ (г), 

        m1 - кептіргеннен кейінгі үлгі салмақ (г).

Соңғы нәтижені параллель жүргізген екі сынаудың орташа арифметикалық нәтижемен анықтаймыз және осы кезде екі сынаудың айырмашылығы 0,7 пайыздан аспауы керек.

Тері шикізатының жеңілдеуін анықтау.Тұздап теріні консервілеген кезде тұзды сіңірген сайын терінің ылғалдылығы азайады және салмағы кемиді. Тері шикізатын алғашқы өңдеген (консервілеген) кезде тұздалған терінің салмақ жоғалтуын жеңілдеу (усол) деп атайды. «Жеңілдеу пайызы» және «жеңілдеу коэффиценті» деген екі ұғым бар. Жеңілдеу пайызы тұздалған тері салмағының алғашқы, тұздаудан бұрынғы тері салмағына қатынасын пайызбен есептеген көрсеткіш. «Жеңілдеу коэффиценті» тұздалған терінің салмағын оның ылғалды (алғашқы) салмағына аудару мөлшері. Жеңілдеу мөлшері тері шикізатының сипатына, тұздың мөлшеріне және қойманың температуралық-ылғалдылық жағдайына байланысты.

Терінің жеңілдеуін ГОСТ 13104 бойынша аналитикалық және органолептикалық әдісімен анықтайды. Аналитикалық әдісі деп тері шикізатының жеңілдеуін ондағы ылғал мөлшерімен анықтауды айтады және органолептикалық әдіспен бағалағанда қайшылық туған жағдайда осы әдіс қолданылады.

Ірі қара терісінің жеңілдеуін келесі кесте бойынша анықтайды:

Ылғалдың салмақтық үлесі

Жеңілдеу

Ылғалды тұздалған Тұздыққа тұздалған
23,8 27,8
22,0 26,0
20,2 24,2
18,4 22,4
16,6 20,6
14,8 18,8
13,0 17,0
13,0 17,0
11,8 17,0
10,6 15,2
9,4 13,4
8,2 11,6
7,0 9,8

1 Біркелкі кеппеген жерлер бар терінің жеңілдеуін келесі формула бойынша анықтайды.

У = S1У1+ S2У2 ,

 

мұнда S1 , S2 –  терінің көлемі, %,

      У1, У2 - терінің жеңілдеуі, %.

 

Мысалы: Терінің 80% ауданы 45% ылғалдылықта, 20% ауданы 40% ылғалдылықта біркелкі кеппеген болса терінің жеңілдеуін табу.

Терінің 80% ауданы 45% ылғалдылықта болса жеңілдеу 14,8%

Терінің 20% ауданы 40% ылғалдылықта болса жеңілдеу 23,8%

 

У = S1У1+ S2У2 = 14,8 x 0,8 + 23,8 x 0,2 = 16,6%

 

2 Егер біркелкі кеппеген теріде қатты кепкен жері терінің топографиялық бөлігінің қарынында кездессе сол ауданды 0,7 коэффициентіне көбейтеді.

Мысалы: Кепкен жері терінің барлық ауданының 25%-ны құрайды, оның 10% қарын бөлігінде кездессе кепкен бөлігінің ауданын табу.

15% + 10% x 0,7 = 22% болады.

 

3 Әртүрлі деңгейдегі жеңілдеу пайыз бар терілердің жалпы жеңілдеуін келесі формула бойынша анықтайды.

 

 ,

мұнда У – әртүрлі деңгейдегі жеңілдеген терілердің женілдеу, %

n ,n ,n - әртүрлі деңгейдегі жеңілдеу пайыз бар терілердің саны

 

Мысалы: Жеңілдеу бойынша бірыңғай емес 30 дана терілері екі топқа бөлінген. Бір топтағы терінің саны 20 және жеңілдеу пайыз 13%, екінші топтағы терінің саны 10, жеңілдеу 16%.

 

 ,

 

    Терінің жеңілдеуін органолептикалық әдіспен анықтау қоймаларда, тері-шикізат зауыттарда және базаларда кеңінен қолданылады. Терінің жеңілдеу деңгейін терінің жон арқа сызығы аумағында, ет кесіндісі, қансырату деңгейі, шел қабаты және жүн жамылғысының ылғалдылығы, сан жағының және құйрық түбінің кесіндісінің жағдайы және түріне қарап бағалайды.

 

 

Терінің жеңіл-деуі, %

Терінің тығыз-

дығы

Қансырату деңгейі

Шел қабатынын пышақпен қырғаннан кейінгі жағдайы

Жүн жабынды-сының ылғалды-лығы

Құйрық түбінің кесіндісінің түсі

Түс Ылғалды-лығы
6-8 Жұмсақ, серпімді Қанды-қызыл, кып-қызыл Көкшіл-қызыл Терінің барлық беті қатты сулы Қатты ыл- ғалды, ала- қанның қырымен және пышақ пен сыққан да жеткілік ті су шыға ды Көкшіл, қатпар-ланған (тегіс емес)
8-10 Жұмсақ, кей жерінде серпімді Қанды және қып-қызыл Көкшіл-ашық-қызыл Терінің барлық беті сулы және жартысы қатты сулы Ылғалды, алақанның қырымен және пышақ пен сыққан да көп мөл шерде су шығады Көкшіл, қатпар-ланған (тегіс емес)
10-12 Серпім-ділігі аз Аздаған қанды (ашық-қызыл-сары) Көкшіл-ашық-сары Терінің жарты аумағы сулы Ылғалды, алақанның қырымен және пышақ пен сыққанда көп емес мөлшерде су шығады Сүт түстес-көкшіл-ақ, қатпар-ланбаған  
12-14 Тығыз, серпімді, майысқақ, иілімді Солғын (ашық-сары) Сұр, жуылған теріде сүт түстес ақ Сулы жері жоқ, ылғал дылығы қалыпты Ылғалды, бірақ сыққан да су шықпайды Көгілдір сүт түстес-ақ
14-16 Тығыз, серпімді Солғын (ашық-сары) Сұр, жуылған теріде сүт түс тес ақ Терінің 20-25% аума ғы құрғақ, қал ған аумағы қалыпты ыл ғалдылықта Терінің аумағының 20-25 % құрғақ, алақан суланбайды Сүт түстес-ақ
16-18 Тығыз, серпімді, Қатты солғын (түссіз ) Сарғыш-танған сүт түстес ақ Терінің 30-35% аумағы құрғақ, қал ған аумағы қалыпты ыл ғалдылықта Терінің аумағының 30-35% құрғақ Шел қаба тының беті сарғыш-танған сүт түстес-ақ
18-20 Өте тығыз, серпімді Шел қабатының түсіндей Айтарлық-тай сарғыш-танған сүт түстес ақ Терінің 50% аумағы құр ғақ, қалған аумағы қалып ты ылғалды-лықта Терінің аумағының 50% құрғақ Қатпарлан-баған сарғыш

    Майлы заттардың мөлшерін анықтау.Майлы заттардың мөлшері шикізаттың түріне байланысты және әртүрлі мөлшерде кездеседі. Майды анықтау ылғалдылықты анықтағаннан кейін сол кеуіп ылғалдылығын жоғалтқан үлгіде жүргізіледі. Майлы заттардың мөлшерін анықтағанда сүзгіш қағаздан жасалған түтікке үлгіні салып Сокслет аппарат немесе Зайченко аппаратында дихлорэтанымен (басқа да органикалық еріткіштермен) майды бөліп айырып алған соң май қылдығының салмағымен анықтайды. Майсызданған үлгіні алдын ала өлшеген құрғақ бюксқа салып өлшейді де 1300С температурадағы термостатта салмағы тұрақтанғанға дейін 45-60 минут кептіреді.

Майлы заттардың мөлшерін келесі формула бойынша анықтайды.

 

 

 мұнда, x – майлы заттың мөлшері, %

b – майды бөліп алғанға дейінгі үлгінің салмағы, г

c – майды бөліп алғаннан кейінгі үлгінің салмағы, г

Осы әдісі ұзақ жүргізіледі және еңбекті көп қажет етеді. Рефрактометириялық әдісті соңғы кезде қолданып жүр. Осы әдістің мәні үлгідегі майды ерітінді (а-моно-бромнафталин немесе а-монохлорнафталин) арқылы қыздыру кезінде бөліп айырып алу.  Содан кейін оның сыну көрсеткішін (коэффициент) таза еріткіш мәнімен теңестіріп анықтайды. Бұл көрсеткіш ерітіндідегі майлы зат мөлшеріне тікелей байланысты.

Минеральды затты анықтау.Тері шикізатының құрамындағы минералды заттарды анықтағанда тері шикізатынан алған үлгіні өртегеннен кейін қалатын күлдің мөлшерімен анықтайды. Жаңадан сыпырылған теріде азғана мөлшерде минералды заттар болады. Консервілеген теріде (ылғалды тұздау, тұздап кептіру, қышқылды тұздау) минералды заттың мөлшері көбейеді. Консервілеген теріде минералды затты анықтау қиындық туғызады. Себебі көп мөлшердегі минералды заттар терінің күлге айналуын баяулатады және өртеген кезде ұшып кету мүмкін.

Жұмысқа қажетті:

Жұмысты орындау. Аналитикалық таразыда өлшенген 4 г үлгіні алдын ала тұрақты салмаққа жеткізген ыдысқа салып, суық муфель пешке қойып 500-6000С температурада 2-3 сағат өртеп, сосын эксикаторға 30-40 минут суытып өлшейді. Тұрақты салмаққа жеткенге дейін 3-ден кем емес рет өртеу, суыту, өлшеу жұмыстарын жүргізеді.

 

мұнда, x – күлдің мөлшері, %

a – өртегеннен кейінгі үлгінің салмағы, г

b – өртегенге дейінгі үлгінің салмағы, г

Зерттеуді екі үлгіде параллель жүргізеді және екі зерттеудің айырмашылығы г-нан кем болмауы керек.

 

Тапсырма 1.

 

Тапсырма 2.

 

 

Тапсырма 3.

 

 

Бақылау сұрақтар:

1 Терінің химиялық құрамын сипаттап,  соның ішінде тері ақуыздарының негізгі құрылымына тоқталыңыз.

2 Коллаген белогының негізгі қасиеттерін айтыңыз.

3 Кератин, эластин, ретикулин т.б. тері ақуыздарының қасиеттерін айтыңыз.

4 Тері шикізатын құрайтын су, көнді зат, күлді зат, май және май текті заттарды қалай анықтайды?

5 Тері шикізатының жеңілдеуін қалай анықтайды?

6 Тері шикізатын консервілеген кезде терінің салмағы неге кемиді?

 

 

Әдебиеттер:

1 Қ.С.Сәбденов., Т.К. Бексейітов және т.б. Қой шаруашылығы. Алматы, 2011.

2 С.Қ.Шауенов, Ж.Құржықаев, С.Нарбаев. Тері, мех, бағалы аң шикізатының технологиясы мен тауартануы (практикум). Астана, 2008.

3 А.Н.Беседин, С.А.Каспарьянц,. Товароведение и экспертиза меховых товаров. Москва, 2007.

4 З. Сайт, Ж.Сейітқажы. Мал және аң терілері шикізатының тауартануы. Астана, 2014.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.