|
|||
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІСтр 1 из 4Следующая ⇒ Ф 4.2.3.-2014-06-02-01-03
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ «Экономика және бизнес» факультеті «Туризм және сервистік қызметі көрсету» кафедрасы
БЕКІТЕМІН «Экономика және бизнес» факультетінің деканы ____________Жангуттина Г.О. «____»__________2014 ж.
СИЛЛАБУС
Пәннің коды мен атауы TK KKP 2203 Қызмет көрсету психологиясы Кредит: 4 Семестр: 4 Оқытушының аты-жөні:Сарсебаева Айгуль Муктаровна Кафедра офисі:Алматы қ., Фуркат көш. 348/4, №3 корпус, 303-Б каб. Телефон: 2769706 ішкі 128 Офис-сағаттары: кестеге сәйкес e-mail: ajgulya.81@mail.ru
Пререквизиттері: «Қонақжайлылық сферасындағы сервистік қызмет», «Қызмет көрсету және сервис технологиясы», «Сервис және қызмет көрсету технологиясы», «Мейрамхана ісі мен қонақ үй кәсіпкерлік қызмет негіздері». Постреквизиттері:«Мейрамханалық шаруашылықпен басқару», «Қонақжайлылық саласындағы ақпараттық технологиялар», «Әлемдік қонақ үй шаруашылығы», «Қонақ үй бизнесі», «Мейрамхана және мейманхана бизнесінің стратегиялық менеджменті». Пәннің қысқаша сипаттамасы:Мейманхана мен мейрамхана бизнесіне қажетті қызмет көрсету психологиясын меңгеру. Курстың мақсаты: Мейманхана ісі және мейрамхана бизнесі мамандықтарына қажетті қызмет көрсету психологиясын оқыту. Пәнді оқып үйренудің негізгі міндеттері: - Кәсіби қызметке қажетті психологиялық білім мен дағды беру; - Қонақтардың қал-жағдайларын анықтауды және болжауды үйрету, адамның жеке тұлғалық ерекшеліктеріне орай басқару үрдісін бағдарлау; - Шешімдерді психология ғылымы мен мейманхана, мейрамхана бизнестерінің ерекшеліктеріне сай қабылдау; - Қонақ үйді басқару психологиясын, қонақ үй менеджерінің психологиясын, менеджер мен клиенттер, қызметкерлер, әріптестер арасындағы қатынастарды зерттеу; - Жас мөлшеріне, мінез-құлқына қарай қызмет түрлерін таңдаудағы психологиялық үрдістердің ролін анықтау; - Жарнаманың психологиялық аспектілерін, жарнаманың психологиялық әсер ету мәселелерін зерттеу. Студент міндетті: Білуге тиіс: - Қызмет көрсету саласындағы жеке тұлға психологиясын; - Қызмет көрсету саласындағы топ ішіндегі қатынасу психологиясы; - Қызмет көрсету саласындағы басқару психологиясы; - Қызмет көрсету саласындағы тауарлар мен қызметтің жарнамалық психологиясы. Білу керек: - Қызмет көрсету саласындағы жарнаманың мотивациялық психологиясы; - Маркетинг пен жарнама психологиясы; - Адам темпераменттері жайлы мағлұмат.
|
|||
|