|
|||
Дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері.1.2 Әдіс-тәсілдік әрекеттерді қолдану барысында күштік әсердің ұзақтығына, кеңістікке бейімделуге, түрлі белгілерге әсер ету жылдамдығына, уақыттың тығыздығы
Балалардың түрлі жас кезеңдерінде дене қасиеттері бір мезгілде қалыптаспайтындығы белгілі. Әр қасиеттің дамуы үшін өсудің шыңына жететін, сенситивтік кезеңдері бар, дамудың жеке бағдарламаларын генетикалық анықтайтын ерекшеліктері болады. Спорттық күрес спорттың ситуациялық түрі болып табылады және әдістер, байланыстар, ауыстырулар күрделі әдіс-тәсілдік әрекеттері мен кешендердің жиынтығын құрайды. Олардың әрбірі нақты міндетпен, күштік, уақыттық және кеңістіктік өлшемдермен, координациялық күрделілікпен т.б. сипатталады. Баланың 10-12 жас аралығы қозғалыс ептілігінің жоғары өсу қарқынына қолайлы кезең болып табылады. Оған орталық жүйке жүйесінің жоғары бейімделгіштігі мен қозғалыстардың кеңістік-уақыттық сипаттамаларының жетілуінен көрінетін қозғалыс аппаратының белсенді дамуы септігін тигізеді. Арнайы бағыттағы жасалған ойын мен тапсырмалар кешендері қажетті дене қасиеттерін иелену мен бірсайысты жүргізу әрекеттерін игеруге мүмкіндік берді. Олардың орындалуы барысында координациялық қабілеттердің дамуына үлкен назар бөлініп, реттіліктің дидактикалық қағидасы іске асып, қозғалыс әрекеттерін игеру жағдайлары қамтамасыз етілді. Арнайы ойындар дене қасиеттерін дамыту үшін бағытталған жаттығуларды жетілдіретін имитациялық жаттығуларға негізделді. Имитациялық жаттығулар әртүрлі жастағы болашақ спортшыларды қимыл әрекеттерге үйрету мен жетілдіру мақсатында пайдаланылды. Олар спорттық жаттығуды дұрыс қалыптастыруға, оны игеру үрдісін жеңілдетуге, қызметтік мүмкіндікті тиімді іске асыруды жоғарылатып, қозғалыс қызметтері арасында тиімді координацияны қамтамасыз етті және жарыс кезінде қажетті координациялық құрылымын орындауға септігін тигізді. Жас балуандарды жаттығу сабақтарында қолдануға ұсынылған ойын тапсырмалары мен жаттығулары екі топқа бөлінді. Бірінші топқа негізгі дене дайындығы мен қозғалыс тәжірибесінің кеңеюіне септігін тигізетін жалпы дамытушы бағыттағы жаттығулар, тапсырмалар мен қозғалмалы ойындар енді. Екінші топқа арнайы бағыттағы ойындар мен тапсырмалар кірді. Олар қарсыласпен сайысуға дайынық сезімін тәрбиелеуге, бастапқы күрес рухын жетілдіруге, сайыстың күрделі жағдайын бейімдеуге, тәсілдік ойды жақсартуға, жекпе-жек жүргізу қабілеттерін иеленуге бағытталған. Ойынының екі тобы да жас балалардың жалпы және арнайы дайындығы деңгейін арттыруға бағытталды. Іріктеп алынған ойын тапсырмалары және жаттығулардың көмегімен тепе-теңдіктен шығарудың тиімді тәсілдері жасалып, күш салу нүктелері бейімделді, әдістердің дұрыс түрлері жасалды. Бұл кешендер мен тапсырмалар шабуылдау, қорғаныс әрекеттері мен ұстап қармауды игеруге мүмкіндік берді. Бірсайысқа маманданған балаларда қозғалыс тәсілін үйренудің бастапқы кезеңінде қолды (оң немесе сол) еркін таңдау мүмкіндігі берілді. Одан кейін, баланың қызметтік ассиметриясын назарға ала отырып, әдіс-айланың жаңа элементін ол жетекші қолды күшті (ыңғайлы) жаққа, кейін жетекші емес қолмен немесе ең әлсіз жаққа игеруіне назар бөлінді. Бірсайыста немесе спорттың басқа түрлерінде қозғалыс әрекеттерін айна алдында орындау әдістемелік тәсілдің бірі болды. Ол координациялық мүмкіндіктерді арттыруға үлкен әсер етті. Координациялық қабілеттердің негізгі құралы тапсырманы ерекше қоюға немесе өзгеретін жағдайға уақыт пен кеңістікте бейімделуге, қозғалыстарды уақытылы жөндеу мен қарсыластың денесінің қозғалуының ықтимал жағдайларын алдын ала көруге, әдіс-тәсілдік әрекеттерді қолдану барысында күштік әсердің ұзақтығына, кеңістікке бейімделуге, түрлі белгілерге әсер ету жылдамдығына, уақыттың тығыздығына, қозғалыстарды орындау нақтылығы мен жылдамдығына бағытталған дене жаттығулары таңдап алынды. Күресте координациялық қабілеттерді дамытуға ынталандыру үшін келесі әдістемелік тәсілдер қолданылады: жаттығуларды әртүрлі бағытта орындау (жан-жаққа түрлі жағдайлардағы жаттығулар), ерекше бастапқы жағдайларды қолдану (бір-бірінен ерекше ойын тапсырмалары), кеңістіктегі шектеулердің өзгеруі (кілем алаңын шектеу, шетте, кілемнің бұрышында), жаттығуларды орындау әдістерін ауыстыру, жылдамдықты немесе қозғалыс қарқынын өзгерту, жаттығуларды басқа қозғалыстармен қиындату, серіктестің қарсы әрекетінің өзгеруі, таныс қозғалыстарды бейтаныс үйлесімділікте орындау іске асырылды. Жаттығуларға бірте-бірте қиындатылған тапсырмаларды және жаңа, қиын жағдайларда орындалуды үздіксіз жаңарту барысында теңдік жаттығулары қосу жаттығуларының үдерісі барысында қозғалыс қасиеттерін дамытудың өзгеру қарқынына жағымды әсер етуге мүмкіндік береді (екі тестте де бірінші жылдың соңында Р<0,05: t=2,07 жүгіруде, Ромберг сынағында t=2,21). Қозғалыс қасиеттерін дамтыудағы оң қарқын жаттығу үдерісінің кейінгі кезеңдерінде де сақталды (екі тестте де біз дайындаған Р<0,05), яғни біздің қолданған әдістемеміздің дұрыстығын дәлелдеді. Жас балуандарды оқытудың әдістемесінде арнайы координациялық бағыттағы ойындар мен тапсырмалар кешенінің үлкен көлемін пайдалану (жалпы оқыту-жаттығу уақытының жартысынан көбі) бастапқы және кейінгі кезеңдерде әдіс-айла әрекеттердің игерілуін жылдамдатуға мүмкіндік береді деп корытындылай келе, әдіс-айла әрекеттердің сыртқы биомеханикалық құрылымын және негізгі жарыс қозғалыстарының жалпы құрылымын сақтайтын, жаттығулар мен ойын тапсырмаларын қолдана отырып дидактикалық қағидаларын жүзеге асыра отырып, қозғалыс әрекеттерін игеруді жеңілдететін, жағдайларды жасау керектігін және жас балуандардың жалпы және арнайы дене дайындығының деңгейін арттыруға, бірсайысты жүргізу дағдыларын игеруге, тәсілдік ойды жақсартуға, сайыстың қиын жағдайларына бейімдеуге және олардан дәстүрлі емес тәсілмен жылдам шығуға, яғни кейінгі кезеңдерде жаттығу үрдісін анық басқаруға мүмкіндік бередіндігіне назар аударылды. 2. Дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері.
|
|||
|