Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бастапқы дайындық



1.1. Бастапқы дайындық

бiлдiруi мүмкБастапқы дайындық топтарында жаттығу сапасын жақсарту мақсатында жас балуандардың дене сапаларын жетілдіру үшін сынақ бақылаулар мен тесттер жүйесін құру қажет екендігін айқындалды. Дене күш сапасын арыттыру және күреске қажетті негізгі дене мүшелерінің дамуын анықтау мен болжау қажеттілігін, анықтау кезінде негізінен жылдамдық-күштілік сапаны жетілдіру спорттық күресті меңгеру кезінде басты көңіл бөлуге қажетті жағдайлар екендігі анықталды.

Ұсынылған жағдайлар балалармен жастар спортындағы қолданып жүрген жекпе-жекте және балуандарды мамандандырудың бастапқы сатысындағы теория мен тәжірибені толықтыратын құрал болып табылады.

Мәселе спорт түрінде мамандануды қай жастан бастап емес қалай жасау қажет екені басты болып табылады. Барлығы оқыту-үйрету әдістемеден, дәрістер мазмұны мен жарыстарға дайындау сипатына байланысты екендігі анықталды.

Біздің зерттеу және сұрақ анкеталары көрсеткендей дарынды балалардың күрестен кету себептерінің негізі қазіргі балалар арасында қолданылатын жарыстар жүйесі екендігіне көзіміз жетті. Қазіргі ереже бойынша жас балуандар ересектер тәртібімен күреседі, тек салмақ категориялары өзгеріп, айқастар уақытына азғана шектеулер қойылады. Жоғары нәтижелер көрсеткен балалар жыл бойына түрлі аумақтағы жарыстарға міндетті түрде 8-10 рет қатысуға тиіс. Кейде ең талантты деген балалар жастардың тіпті ересектер арасындағы жарыстарға қатысып, 3-5 кг салмағын жеңілдетуге мәжбүр етіледі.

Сонымен қатар спорт мектептерінде ересек балуандарды оқыту мен жаттықтыру мазмұнын еш өзгеріссіз балалар топтарына ығыстырған. Организмнің жас ерекшеліктерін ескермей жаттықтыру және жарыс жүктемелерін, қолдану жастардың жоғары нәтижелерге жетпестен күреспен айналысуды тоқтатуға әкелетін түрлі жарақаттарды алуларына жиі әкеледі.

Біз алдымызға (спортшыларды жастық психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып) тездетуге емес, негізгі дене сапасының табиғи дамуына жағдай жасауға, балуандарды әркелкі әдіс-тәсілдік арсеналдарымен қаруландыруға, жарыс кезінде төзімділікке тәрбиелеуге ықпал ететін оқыту мен жаңа жарыстар жүйесін құруды мақсат еттік.

Біз ұсынып отырған жүйенің мазмұнында әрбір жаңа кезеңде дене сапасын дамыту үшін қолайлы жағдайлар қарастырылған, ал жарыстар жүйесі олардың жалпы дамуына ықпал етуге тиіс деген мақсатта ұйымдастырылды.

Балалардың күреске деген табиғи құштарлығын ескере отырып, балаларды ерте бастан қарапайым күрес әдіс және тәсілдік машықтарына үйрете бастауды мүмкін деп есептейміз. Ол үшін біз түрлі жастағы балалармен дәрістердің мазмұнын анықтайтын міндетті және ерікті бағдарламалар бойынша жарыстар жүйесін ұсынамыз.

Бұл жүйе бойынша тікелей жекпе-жек күресу түрін өткізуден бас тарттық, олай ету жарыстарда балаларды аса үлкен психикалық күйзелістен

сақтандыруға жәрдем етеді, сонымен қатар дене-күшін, әдістік және тәсілдік

дайындықтың мықты іргетасын қалатуға мүмкіндік туғызады.

Спорттық ізбасарларды даярлау әдістемесі бойынша жүргізген тәжірибе негізінде түрлі дене сапасын арттыруға және жоғары координациясы бар жаттығулар алынды. Міндетті бағдарламада бекітілген бұл жаттығулар балуандардың дене сапасының даму деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

Жаттығулар орындау күрделілігімен қиындықтардың өсуімен таңдалған. Мәселен 10-12 және 13-14 жастағы балалар үшін олардың дене сапасының даму деңгейін ғана емес, оларды ерекше жағдайларда көрсете білу қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін жаттығулар бағдарламаға енгізілді.

Міндетті және еркін бағдарламалар бойынша жарыстар жеке, командалық және жекелей-командалық (оларды салмақтық категория бойынша, тіпті біріншілік үшін де жүргізуге болады) бола алады. Жеңімпаз барлық жарыстар түрінен жиналған ұпайларымен (ортақ жеңіс үшін) сонымен қатар бағдарламаның әрбір түрі бойынша бөлек-бөлек те анықтау, орындалушы жеке және командалық топта жұмыс істей білу дағдысын арттырады.

Тәжрибелік топтарда жалпы және арнайы дене дайындығы және әдіс-тәсілді жетілдіру мақсатында балалардың жас ерекшеліктеріне қарай бөлу (еркін бағдарлама)

10-11 жас

1. Диаметрі 1,5 м шеңберден қарсыласын итеріп шығарып тастау

– 3 рет.

2. Қораздар шайқасы – 1,5 мин.

3. Белгі бойынша серіктестен допты тартып алу – 3 рет.

4. Формула бойынша тізерлеп жекпе-жектер: 45 сек. –1 мин.үзіліс.

12-13 жас

1. Төңкерілген отырғыштағы күрес (кім тепе-теңдіктен шығара алады) – 3 рет.

2. Жеңгенше тізерлеп күресу – 2 мин.

3. Тұрыстағы жекпе-жектер 1 мин. күрес – 1 мин. тынығу – 1 минуттан алма-кезек тізерлеп күресу.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.