Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





КУРСТЫҚ ЖҰМЫС. Кіріспе.. Спорттық жаттығулардың жүйесі. Жаттығуды ұйымдастыру түрлері. Спорт жаттығуының принциптері. МАЗМҰНЫ. КIРIСПЕ….



                                 

ЖШС КАСПИЙ ӨҢІРІ БОЛАШАҚ КОЛЛЕДЖІ

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі

Тақырыбы: Оқу жаттықтыру сабағының тығыздығы

 

 

Орындаған: Амангелді Н.М

Тобы: ФК-18 с/б

Жетекші: Қосымбаева Н.Ж

 

                                    МАЗМҰНЫ Ақтау- 2021

ЖШС «КАСПИЙ ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІ»

Курстық жұмысқа тапсырма

«Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша

Студенттің аты-жөні: Амангелді Нұрзат

Тобы:ФК-18 с/б

Тақырыбы:Оқу жаттықтыру сабағының тығыздығы

 

1. Кіріспе.

2. Спорттық жаттығулардың жүйесі

3. Жаттығуды ұйымдастыру түрлері

4. Спорт жаттығуының принциптері


Берілу мерзімі: «27» қаңтар 2021 жыл.

Тапсырылған мерзімі: «27» қаңтар  2021 жыл.

                                                   

                                                   

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ…..................................................................................................................4

1. Оқу - жаттығу сабақтарын өткізу.....................................................................5

ТАРАУ1.1 1.2.Абылай Бастапқы дайындық …….............................................………….......................7

1.2 2.1.АбылайӘдіс-тәсілдік әрекеттерді қолдану барысында күштік әсердің ұзақтығына, кеңістікке бейімделуге, түрлі белгілерге әсер ету жылдамдығына, уақыттың тығыздығы..................................................................................................................8

 

2. Дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері.....2.XVII.......................................10

2.1 Бұлшық еттер күші..............................................................................................10

2.2 Дене тәрбиесі мен әдістемесі.............................................................................12

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................13

ПАЙДАЛАНЫЛҒАНАбылай ӘДЕБИЕТТЕРтұлғсына ТIЗIМI....................................................14

 

 

КIРIСПЕ

 

Қурстықбайланысты жұмыстыңсыңар жалпыкөзқарас сипаттамасы.Жаттықтырушының қызметі әсіресе бүгінгі таңда ғарыштап дамыған заманда оның кәсіби шеберлігі мен біліктілігіне байланысты. Өйткені ол спортшыны тәрбиелеуде аса маңызды тұлға болып табылады. Жаттықтырушының педагогикалық шеберлігі оның тәжірбиесіне ғана емес, сондай-ақ спортты таңдаған түрінің теориялық жағынан да терең біліміне байланысты екендігі даусыз. Жаттықтырушы өз қызметінде бүгінгі таңдағы ғылыми жетістіктер мен алдыңғы қатарлы тәжірбиелерді пайдалана отырып жүргізгені абзал. Педагогикалық шеберліктің негізі-жұмысқа шығармашылық ізденістер мен жаңаша бағыт-бағдармен, теориялық білімді іс-жүзіне тиімді қолдана отырып келуімен қаланады. Жаттықтырушы әркез өзінің білімін көтерумен, тек қана білімін емес кәсіби дайындығын шыңдап отырғанда ғана тәрбиеленушісіне терең және пайдалы әсер ете алады. Бүгінгі жаттықтырушы оқушының жұмысына аса қажетті деген қасиеттерді анықтауға болады.

Бүгінгі жаттықтырушы-оқытушы рухани жан дүниесі таза, адамгершілігі биік, аңғарымпаз жан болуы керек.

Егер тәрбиеленушінің бойынан биік қасиеттерді көргісі келсе ол міндетті түрде өз бойынан табылғаны жөн.

Адалдық пен ішкі дүниенің тазалығы-жаттықтырушының басты ұстанатын қазығы десек те болады. Жаттықтырушы қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жастарға тәртіп жайлы әсіресе әр адамның ішкі тәртібі, ортада өздерін қалай ұстау керектігі, спорттық этикалық талаптарын жалпы ұжымға, отанға, қоғамға, ортаға қалай қарым қатынас жасауды үйретулері міндетті.

 Жұмыстың мазмұны- Бүгінгі күннің жаттықтырушысы жалпы биік мәдениеттің көрінісі болуы тиіс.

Жаттықтырушының биік мәдениеті оның педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыруда болашақты болжауға, әрбір тәрбиеленушінің бойындағы ерекше қабілеттерді анықтауға, психология педагогика жағынан белгілі бір жаңаша бағыттарға жол ашуға мүмкіндік жасайды. Ең бастысы жаттықтырушы-оқытушы жастар тәрбиесіне қай қырынан келуді білгені абзал.

 Берiлгенхандй курстықегемендi жұмыстыңелiмiздiң мақсаты– Тәрбие және оқу үрдісінде әр ұстаз өзінше, өз жолымен түсіндіруге тырысады. Педагогикалық әсер етудің негізгі түрі ретінде сөз алынады. Әдемі, анық, мәдени, әдеби сөйлеу арқылы жаттықтырушы жастарды өзіне қарата алады. Сонымен қатар жаттықтырушының іс қимылы, кәсіби деңгейі өзін-өзі ұстауы да аса маңызды.Тіпті бірдей деңгейдегі сөйлеу мәнері ұқсас жағдайлардада кейде ол бір балаға жағымды, ал екіншісіне тіпті керсінше ұнамауы мүмкін сәттер болады. Осындайда жаттықтырушы-оқытушы сөз қабылдамаған жасқа ісінен, әрине өзінің шеберлігі арқылы көрсеткені әлдеқайда тиімді. Педагогтің жетістігі де сол, ол қай балаға қандай тіл ұғымды қай тіл жеңіл соны дөп басып тануы шарт.

Курстықтанысуымыз жұмыстыңкерек. объектiсi – Бүгінгі күннің жаттықтырушы-оқытушысына қойылатын талаптардың бірі, ол өзі спортқа басымен ден қойған адам болғаны жөн. Ол ештеңеден, еш кедергіден қорықпайтын жаңалықтарды бірден қабылдайтын, ізденгіш, жүрегінде түгі бар, от-жалыны бар адам болуы керек, өте білімді, теориялық жағынан көп оқыған, мәдениетті бола тұра, кейде жаттығу кезінде салғырттық танытып жатса, оны бала бірден сезініп қояды. Егер біліп тұрған нәрсеңді жан жүрегіңмен жеткізе алмасаң ол-әлсіздік. Оны спортқа қызығып келген жастардың жүрегіне жеткізбеу өзіңді педагог ретінде алдау болса, үйренейін деп келген баланың, спортқа деген қызығушылығын төмендету.

КурстықҚазақстанға жұмыстыңәлемдiк деңгейде құрылымы -Жаттығу кезінде жеңіске жетелеу керек, біздің команда ең мықты қарсыластарымызды жеңеміз деген мақсатпен жұмыс жүргізілгенде ғана нәтиже болмақ. Жаттықтырушы өзіне сый-құрметі еңбегімен яғни жастардың өзіне сенімі арқылы келеді.

Жаттықтырушы-оқытушының бойында шыдамдылық, төзімділік, біліктілікпен қатар әр сабаққа келгенде командамен жұмыс істеуге деген құмарлық тұруы шарт. Эмоция болғаны да дұрыс.

Егер бәріне селсоқ, әйтеуір сағатым өтсе болғаны деген көзқарас қалыптасса, онда жаттықтырушының өз жұмысына деген немқұрайлы қарағаны. Онда балаларда қызығушылықтан айырылады. Қолынан келмей жатқан нәрселерді көрсетіп, ерінбей бірнеше рет қайталап, оларды жарыстарға апарады да жеке-жеке әңгімелесіп, команда ішінде жақсы көңіл күй қалыптастыру да жаттықтырушының міндеті. Өзі балалармен бірге жаттығу жасап, олар 2-3 сағат жаттықса, оқытушы олардан артық уақыт жаттығады, үлгі болғаны дұрыс. Кәсіби дайындығы мол жаттықтырушы спорт жаттығуларының жүйесін, мазмұнын, негізін, жоспары мен есебін жасап отырғанда ғана нағыз кәсіби шеберлігі шыңдалған маман болып есептеледі.

2.Спорттық жаттығулардың жүйесі. Бұл сөздің төркінінде қай спорт түрінің болса да спорттық жаттығу жүйесінде, тағыда білім мен біліктілік, сондай-ақ жаттығу процесін басқару мен ұйымдастыру қызметін көреміз. Жаттығу процесін ұйымдастыру дегеніміз жаттығуды жақсы өткізудің кешенді шаралары. Жаттығуды басқару алдын ала жоспарланып, арнайы дайындықты талап етеді.

3.Жаттығуды ұйымдастыру түрлері. Жаттығуды ұйымдастыру түрлеріне сабақ, өзіндік дәрістер және спорт жарыстары енеді. Олар өз ерекшеліктеріне қарай нақты міндеттерді шешеді.

4.Спорт жаттығуының принциптері. Спорттық жаттығу педагогикалық процесс болғандықтан оған жалпы білім мен тәрбие міндетті түрде кіреді. Сонымен қатар жаттығуды арнайы атап айтар болсақ, дене әрекетінің қабілетіне қарай және жарыстың түріне байланысты ерекшеленуі мүмкін.

Спортшы алдына қойған міндеттері мен жаттығудың әдістерін түсінуі керек. Жаттықтырушы-оқытушы өз кезегінде оқушының өздігімен жаттығуына жағдай жасап, оның естігені мен көргенінен қорытынды шығаруына, сөйтіп өз түйсігімен жаттығуға ат салысуына мүмкіндік туғызғаны абзал. Жаттығудың күрделілігіне қарай қимыл-әрекеттерді де дұрыс пайдалана білу керек.

 

 1. Оқу - жаттығу сабақтарын өткізу



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.