Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тоқ ішектің маңызы;



Тоқ ішектің маңызы;

Аш ішектен тоқ ішекке тәулігіне 2-4 литрдей химус өтеді.

1.Химус құрамындағы су қанға тоқ ішекке сіңеді.

2.Тоқ ішектегі микробтар клетчатканы ыдыратады.

3.Ақуызды шірітетін микробтар болады.

4.Тоқ ішектің микрофлорасы К витамин синтездейді.

5.Нәжіс қалыптасады.

12 елі ішектен асқа ұйқы безінің,12 елі ішектің сөлі және өт әсер етеді. Ұйқы безінің сөлі түссіз, сілтілі, құрамында 1% құрғақ заты бар. Тәулігіне 1,5-2 л сөл бөледі.

Ұйқы безінің сөлінің ферменттері:

1. Ақуызды ыдырататын : трипсин, химотрипсин, карбоксипептидаза, эластаза, рибонуклеаза.

2. Майды ыдырататын – липаза. Майда алдымен өт эмульсияға айналдырады.

3. Көмірсуларға әсер ететін α – амилаза, мальтаза, лактаза ферменттері.

Ұйқы безі тамақ ішкен соң 2-3 минут өтісімен мол етіп сөл бөледі, ол тамақтың құрамына қарай 6-14 сағатқа созылады.Сөл бөлу2кезеңнен,рефлекс және қан арқылы химиялық жолмен сөл шығарудан тұрады.

Өт – бауыр жасушаларынан түзіліп, 12 елі ішекке құйылып тұратын сұйық зат. Ол тамақ ішкен соң ,12 елі ішекке құйылады.   

Өттің құрамы : билирубин пигменті, холестерин, лицитин, өт қышқылдары (гликохол), олардың тұздары, муцин, май қышқылдары, бейтарап майлар, Na, K, Ca, Mg тұздары болады. Түсі – сарғылт – қызыл. Реакциясы сілтілі, тәулігіне 500-1500 мл өт бөлінеді.

Өттің маңызы:

1.Липазаның әрекетін күшейтеді.

2.Майды эмульциялайды.

3.Май қышқылдары мен глицериннің ішекке сіңуін күшейтеді.

4.12 елі ішекке өткен HCl бейтараптайды.

5.Ішектің перистальтикасын күшейтеді.

6.12 елі ішектің секретин гормонының бөлінуіне әсер етеді.

7.Өттің түзілуі,12 елі ішекке құйылуын тездетеді.Бактерицидтік әсері бар.

8. Майда еритін витаминдердің, холестерин мен кальций иондарының қанға сіңуін жеңілдетеді.

                                                 Бауыр

Бауыр - адам денесіндегі ең үлкен без: оның салмағы ересек адамда шамамен 1,4-1,5 кг, яғни адам салмағының 2%-не тең. Құрылысы күрделі, қызғылт-қоңыр түсті ағза. Құрсақ қуысының оң жағында, қабырғалардың ішкі бетінде сүңги орналасқан, біраз бөлігі сол жақта. Бауыр жасушалары – гепатоциттер.

Бауырдың қызметі:

1. Бауыр өт шығарып (тәулігіне 1л), асқорыту үрдісіне қатысады.

2. Лимфа түзілу процесіне қатысады.

3. Бауыр зат алмасу процесіне қатысады.

4. Бауырда қан ұюына қатысатын көптеген белоктар (протромбин, фибриноген, проконвертин, проакцелерин, V, XI, XII, XIII факторлар, сондай –ақ гепарин, антитромбин т.б) түзіледі.

5. Бауыр холестерин, сондай-ақ стероидтық гормондар алмасуына қатысады.

6. Бауыр су мен тұз алмасуына қатысады.

7. Бауыр витаминдер алмасуына қатысады, мұнда А витамині түзіледі, майда еритін витаминдердің (А, Д, Е, К) алмасуы осында өтеді.

8. Бауыр қан жүйесінің маңызды бөлігі. Қан түзілуіне қатысады (баланың құрсақта дамуы кезеңінде), қан айналысына, қан жасушаларының ыдырауына, қанның денеге таралуына (қан қоймасы) қатысады. Бауыр арқылы минутына 1500-1800 мл қан өтеді.

9. Бауыр қан қоймасы ретінде қан айналысындағы барлық қанның 20-30%-ін тамырға айдап шығарып отырады.

10. Бауыр дененің қорғаныс қызметіне қатысады, иммундық жүйенің негізгі бөліктерінің бірі.

11. Бауыр - экскреторлық ағза, кейбір заттар өтпен бірге сыртқа шығарылады.

12. Бауыр – уыт қайтарғыш ағза, денеде пайда болған және сырттан келіп түскен әртүрлі улы заттар мен токсиндерді бейтараптайды.

13. Бауыр жылу реттелу процесіне қатысады.

14. Бауыр пигменттер алмасуына қатысады.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.