Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Асқазанда астың қорытылуы.



                            Асқазанда астың қорытылуы.

Асқазанның шырышты қабатында негізгі, париетальді, қосымша жасушалардан тұратын асқазан бездері орналасқан.Бұл бездер тәулігіне 2-3 л асқазан сөлін бөледі. Асқазан сөлі түссіз, реакциясы қышқыл зат,құрамында 0,5-3,5% құрғақ заты бар, ол органикалық, бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттары: ферменттер мен муцин.Бейорганикалық заттар: натрий, калий, кальций хлоридтері,сульфаттары, фосфаттары және тұз қышқылы көп.

Негізгі жасушалары – пепсиноген ферментін,париетал – тұз қышқылын, қосымша – муцин бөліп шығарады.

Асқазан сөлінің құрамында : пепсин, гастрексин, липаза, муцин болады. Жаңа туған баланың асқазанында сүтті ірітетін фермент – химозин болады.

Асқазанның липаза ферменті тек эмульсияланған майға әсер етеді. Май тек қана он екі елі ішекте эмульсияланады(өте ұсақ бөлшектерге бөлшектенеді). Асақазан липазасы тек қана сүттің құрамындағы майға әсер етеді,себебі ол эмульсия түрінде кездеседі.Май ыдырап глицерин мен май қышқылына айналады. Асқазан сөлінде көмірсуды гидролиздейтін фермент болмайды. Тек қана сілекейдің α – амилазасы крахмал мен гликогенді дисахаридке, мальтоза ферменті мальтозаны глюкозаға дейін ыдыратады. Муцин – асқазанның шырышты қабатын қаптап, тұз қышқылын бейтараптайды. Пепсиннің зиянды әсерінен қорғайды. Асқазанға түскен  витаминін асқазан ферменттерінен қорғайды.

Тұз қышқылының маңызы:

1. Пепсиногенді пепсинге айналдырады.

2. Пепсиннің әсерін күшейтеді.

3. Ақуыздарды жұмсартады.

4. Микробтарды жояды.

5. Химустың 12 елі ішекке өтуіне септігін тигізеді.

6. Химозиннің әсерін жеңілдетеді.

7. Ұйқы безінің сөл бөлуін күшейтеді.

8. Асқазан сөлінің өзін-өзі реттеуін қамтамасыз етеді.  

Асқазанның сөл шығаруын 3 кезеңге бөлеміз :

1- кезең. Мидың қатысуымен өтетін рефлекстік кезең. Ол шартты және шартсыз фазалардан тұрады.

2- кезең.Асқазандық кезең.Ол асқазанға түсісімен басталады. Ол- рефлекстік,механикалық және гуморальдық- химиялық деген 2 фазадан тұрады.

3- кезең.Ішек кезеңі.Ас 12 елі ішекке түскен сәттен басталады.Астың асқазанда қорытылу мерзімі оның құрамына байланысты(6-8 сағ)

Пилорус ашылып – жабылып асты асқазаннан 12 елі ішекке бөлек – бөлек сығымдалып өткізеді. Ол рефлекстік жолмен іске асады.

Құсу – аш ішектің рефлекс арқылы кері жиырылуынан болатын қимыл. Оған іш бұлшық еттері мен көкет қатысады.

 

        



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.