Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Асқорыту жүйесінің физиологиясы.



                       Асқорыту жүйесінің физиологиясы.

Асқорытудың мәні мен маңызы. Ауыз қуысында, асқазанда

                                 астың қорытылуы.

Асқорыту – өте күрделі процесс. Ас қорыту жолына түскен тағам механикалық және химиялық өңдеуден өтеді. Механикалық өңдеу барысында ас кесектері ұсақталып,бөлшектенеді, сілекеймен шыланып,жұмсарады. Химиялық өңдеуге асқазан, ішек, ұйқы безі сөлінің ферменттері, өт қатысады.

Ас қорыту ауыз қуысынан басталады. Тағам ауызда 15-30 секунд кідіреді. Осы уақыт ішінде тағам шайналады,сілекеймен шыланады, астың дәмі физикалық қасиеттері туралы мәлімет алынады,тілдің түбіне қарай жылжып,жұтылады. Ауыз қуысында сілекейдің құрамындағы α-амилазаның әсерінен көмірсулар ыдырай бастайды.

Сілекей-жақасты,тіласты,шықшыт бездерінің сөлі. Сілекей тамақ ішкен кезде көп бөлінеді.Сілекей – қоймалжың,сұйық зат. Ол 0,5 – 1,5% құрғақ заттан тұрады. Құрғақ заты бейорганикалық және органикалық заттардан тұрады. Бейорганикалық заттары : натрий, калий, кальций, магний хлоридтері сульфаттары, карбонаттары, иодит, бромид, фторидтер, темір, никель, литий. Органикалық заттары : альбумин, глобулин, муцин, гликопротеид, ферменттер, амин қышқылдары. Сілекейдің негізгі ферменті  α – амилаза. Сондай-ақ микробтарды өлтіретін лизоцим ферменті, муцин болады. Муцин – гликопротеид.Ол шайналған ас кесегін жұмсартып, шырышпен қоршайды да,оңай жылжитын күйге келтіреді.

Ауыз қуысына түскен тағам ондағы рецепторларды тітіркендіреді. Пайда болған қозу бет, тіл-жұтқыншақ, үштік, кезеген жүкелері арқылы орталық жүйке жүйесіндегі рефлекстер орталығына барып жетеді. Сол жүйкелерден келген эфференттік импульстер ас кесегін ауызда шайналып, жұтылуын реттейді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.