|
|||
Туған жер –адам өміріндегі киелі орын» тұжырымына қатысты өз көзқарасыңызды білдіріп, дәлелдеп жазыңыз.12. «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі»,-деген Бауыржан Момышұлының аманат сөзін өз пікіріңізбен дәлелдеп жазыңыз. Қымбатты жас өрендер! Өскелең ұрпақтың, әсіресе, өздеріңіз секілді жас өрендердің өз еліне, туған халқының тарихына деген қызығушылығы ана тіліне деген сүйіспеншіліктен басталуы тиіс. Тұтас аумағына бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ жеріміздің сан ғасырлық тарихы да, қазақ жерін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» қорғай білген ата-бабаларымыздың ерлігі мен батырлығы да осы ана тіліміз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен, ұлы мұраға айналды. Бұл турасында қазақтың көрнекті қоғам қайраткері және жазушысы Жүсіпбек Аймауытов: “Ана тілі-халық болып жасағаннан бергі оның жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі”, — деген болатын. Қазақстан Республикасының Президенті, Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады», дей келіп, «Тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», — деген ашық ұстаным айтты. Иә, әрбір халықтың бақыт шекарасын айқындайтын өлшемдер бар десек, оның ең біріншісі – тілі, екіншісі – асыл діні, үшіншісі – ғасырларға созылған тарихы. Патриоттық құндылық дегенiмiздің өзі — елi мен туған жерiн, Отанын сүю, мемлекеттiң тәуелсiздiгi мен бейбiтшiлiгiн, әлемдік тыныштықты сақтау үшiн күресу, өзінің ана тілін, ділін, салт — дәстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы iзгiлiк қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейрiмдiлiктi, ұлтаралық мәдениеттi дамыту. Ал қазақстандық патриотизм — қазақстанды мекендейтін барлық ұлт пен ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекетінің әлемдік биіктен көрінуі үшін білім, мәдениет, экономика, әлеуметтік тұрғыда дамуына жағдай жасай отырып, еліміздегі бейбітшілік, бірлік пен тәуелсіздікті сақтау үшін барлық күш жігерін жұмсауы. Қазақстандық патриотизм – бүкіл қазақстандықтарды жасампаз еңбекке ша-қыру, береке-бірлікті, баянды ынтымақты орнықтыру. Отансүйгіштік рух — тәуелсіз еліміздің әлемдік өркениет көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орнын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш. Төл тарихы, мәдениеті мен өнері, экономикалық қуаты жоқ ел басқаларға да қызықсыз. Ал оларды кең таныту үшін алдымен өз қадір-қасиетіңді өзің жақсы білуің, мақтаныш ете алуың керек. Әр адам ата-бабаларымыз негізін салып кеткен игі дәстүрлерді мақтан ете отырып, өз ұлтын терең сүю арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс. Саналы азамат болып қоғамға пайда келтіру, білім мен тәрбие алу, ата-ананы сыйлау және қартайған шағында оларға қамқорлық жасау әрбір жасөспірімнің парызы болып саналады. Ал ұлттық парыз – Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін, жерін аман сақтап қалу, ата-баба дәстүріне өте сезімталдықпен қарау. “Парыз — ақыл-ой, сезім, ерік-жігер, ар-ождан, абырой, әділдік, шындық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді қамтиды…, және деПарыздан мықты күш жоқ, Парыздан берік сауыт жоқ, Парыздан нәзік сезім жоқ, Парыздан қатал қазы жоқ”, — дейді халық батыры Бауыржан Момышұлы. Қымбатты жас өрен, қай заманда болмасын тарихтың қозғаушы күші сол дәуірді тудырған әйгілі тұлғалар. Халқымыздың ұлы ақыны Абай “адамның адамшылығы-ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады”,-деген тұжырым жасайды. Ал отансүйгіштік рухтың өзі адам бойындағы рухани-адамгершілік сезімнен бастау алады. Қазақстандық патриотизм – еліміз бен жеріміздіңің тәуелсіздігі, білім мен ғылымда, мәдениетте, спортта әлемдік сатылардың биік шыңынан көріне білу. Қазақстандық патриотизм — әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезінуі, мемлекеттік рәміздерге, мемлекеттік тілге құрметпен қарауы. Міне, бүгінгі жас өрендер, сіздер, ата-бабадан келе жатқан дархандық пен бауырмалдықты, татулық пен мейірімділікті бойларыңызға сіңіре отырып, туған еліміз — Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне, туған тіліміз – қазақ тілінің өз мәртебесіне сай дамуына үлес қосады, еңбек етеді деген сенімдемін. 13. Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі ата тәрбиесі мен ғибраты туралы айтылған ойларын нақты мысалдармен дәлелдеп жазыңыз (Ы.Алтынсариннің туғанына – 180 жыл). Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин шығармалары қазақтың қара домалақ балалары үшін үлкен мағынаға ие.Әсіресе, оның «Қазақ хрестоматиясы" оқулығы мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршіндерге рухани азық болды. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілейін деп тұрған өтпелі кезеңінде Ыбырай жас жеткіншектерге ой салатын, тәрбиелік мағынасы мол, түрлі қызықты әңгімелерді көптеп жазуға тырысып бақты. Мысалы, ағартушының «Мейірімді бала» әңгімесі тәрбиелік мағынаға тұнып тұр десек артық айтпағанымыз. Оған дәлел ретінде Сейіт бала туралы мына бір әңгімесіне құлақ түріп көрелікСейіт орам үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп шошынғаннан шешесі есінен танып қалады. Мұны көрген соң, Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып танып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатады. Сонда сынықшы кісі:- Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? -деп сұрайды. Сейіт, шешесі шығып кеткен соң, демін алып, сынықшыға сыбырлайды:- Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесін деп, шыдап жатырмын,- дейді.Сейіт өзінің жас шамасына қарамастан жіберген қатесін түсінді. Ол екінші рет зар жылап, көз жасын көлдететін болса, ардақты ананың баласының еңіреген даусын ести алмай, талып қалатынын алдын ала сезгендей болды. Онсызда баласының қамын ойлап, зыр жүргіріп жүрген анасына қосымша жүк болмауды ойлады. Ер жігітке тән мінез көрсетті. Ішінен: «анашым сәл шыда өсуіме аз қалды» дегендей сезім қалдырды. Сейіттің мұндай іс-әрекеті екі түрлі мағына береді: алғашқысы балалықтан өтіп жауапты да дербес жетілгендікті білдірсе, екіншісі түн ұйқысын төрт бөлген анасын ерекше қастерлегенін айшықтайды.Қортындылай келе Ыбырай Алтынсарин «Мейірімді бала» әңгімесінде адамдық қасиеттерді жақсы сипаттаған. Бүгінгінің тілімен айтқанда ана мен бала арасындағы ерекше байланысты психологиялық тұрғыда еркін жеткіз ген Ыбырай Алтынсарин шығармаларының бүгінгі күнге дейінгі жеткен тәрбиелік мәнінің мазмұны әлі де қолданыста.Ы. Алтынсариннің ұрпағына қалдырған мұрасы –ұлан-ғайыр. Небәрі жарты ғасырға жуық өмір кешкен ұстаздың өнегелі еңбегі жан – жақты зерттеліп, туған халқының керегіне жарауда.Оның күні бүгінге дейін мектеп оқушыларының әнұраны іспетті «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңінің неге тұрады?! «Біз болмасақ, Сіз барсыз, үміт еткен достарым»,- деп өзі бастаған оқу – ағарту жұмыстарының алуан қырлы асқарлы істерін, бүкіл ұлт болашағын келер ұрпағына үлкен үмітпен жүктеп, келешектен қуаныш күткен ұлы ұстаздың тындырғаны көп болса да, түнек құрсауындағы қалың елінің білім нәрінен жаппай сусындатып, ғылым мен өнер үйренуінен армандауымен кеткен.Ыбырай салған сара жол – бұл күндері қанатын кеңге жайған,тамырын жіберген, экономикасы мен мәдениеті дамыған тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім шаңырақтарында жалғасын табуда.Ы.Алтынсаринның шығармаларын зерттеу арқылы ол шығармалардың жеке тұлғаны қалыптастыруда алатын қаншалықты маңызды екенін көрсету.Ы.Алтынсаринның шығармаларының, соның ішінде әңгімелерінің және өлеңдерінде айтылған мәселелердің. 14. «Туған жер –адам өміріндегі киелі орын» тұжырымына қатысты өз көзқарасыңызды білдіріп, дәлелдеп жазыңыз. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала - бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын.
|
|||
|