|
|||
лттық сананы, жалпы адамзат санасын танып-білуге қатысты теориялар мен көзқарастардың түрлігігін нақты санмен айту мүмкін емес.Уақыт ізін айшықтауға келгенде сәулет өнерінен асқан құдіретті дүние жоқ. Қара жерге қазық болып қағылып, тау боп төселген ғимараттар салынған дәуірінің тыныш-тіршілігі мен арман-мұратынан, қилы тағдырынан сыр мен шежіре шертер нағыз дерек. Сол дәуірдің ғимаратына қарап-ақ, уақыт лебі мен тарих желісін, өркениет мәнін түсінуге болады. Тарихқа зер салсақ, қазақ даласында құрылыс ерте дәуірлерде басталған. Жетісу мен Шу бойы, Сыр жағалауы, Арыс пен Талас өзендерінің бойы, Ұлы Жібек жолының өн бойында өркениет пен ежелгі қала мәдениеті дамып, бірегей сәулет өнерінің туындылары бой көтерді. Қожа Ахмет Яссауи, Айша бибі, Қарахан кесене-күмбездері, Сыр бойында жатқан қалалар соның дәлелі. Архитектуралық нысандар Қазақстанда негізі Кеңес одағы кезінде көптеп салынды. Алматы қаласы ұзақ жылдар Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстанның ең ірі әрі ең әсем қаласы болды. Ел тарихындағы күрделі кезең саналатын тоқсаншы жылдардың өзінде де Алматы күрт өсіп, кемелдене түсті. Алайда архитекторлардың бір ауыздан келісетін нәрсесі – бұл елорданы ауыстыру идеясы қазақстандық сәулет өнері мен құрылысының дамуына үлкен үлес қосып, заманауи өзгеріс әкелді. "Архитектура мен құрылыс елдің тұрақтылығы мен ілгерілеуге байланысты қуат көздерінің молдығын танытатын ең басты көрсеткіштердің бірі ретінде басымдыққа ие болды", - дейді өнер зерттеушісі Халима Труспекова. «Екінші Мекке» атанған Түркістан қаласы тарихи сәулет ескерткіштерімен танымал. Айтулы ескерткіштердің ең көрнектісі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Десек те, Әзірет Сұлтан жайлы сөз болғанда, оның ұлы ұстазы Арыстан баб жайлы айтпай кете алмаймыз. Бұл кесенелердің салыну тарихы да аса тағылымды. Алтын Орданы бағындырған Әмір Темір, ендігіде дін ғұламасын ұлықтап, зәулім кесене тұрғызуға ниеттенеді. Ясы шаһарының қақ ортасында бұрын соңды болмаған құрылыс басталады. Құрылыстың ауыр жүгін бар қала халқы жұмыла көтергенімен, адам баласының ақылына сыймайтын себептермен тұрғызылған қабырғалар қирай береді. Сонда Әзірет Сұлтан Әмір Темірдің түсіне кіріп, бірінші кезекте өз ұстазына кесене салдыруын аян етеді. Ендігіде Арыстан баб дүниеден өткенінде, ХІІ ғасырда оның жолын жалғастырушы шәкірттерімен салынған екі бөлмелі кішігірім мазардың орнында салтанатты кесене бой көтереді. Біздің күнге дейін Әмір Темір салдырған кесене талай қирап, қайта қалпына келтірілген. 1971 жылы қала тұрғындары қаражат жинап, Арыстан баб кесенесін күйдірілген кірпіштен қайта тұрғызған. Ақсақ Темір дәуірінен оюлы бағаналар ғана қалып, көздің қарашығындай сақталып келеді. Әзірет Сұлтан кесенесінің биіктігі 37,5 метрге тең. Құрылыс 1405 жылы аяқталған. Кесене қазақ халқының бай тарихын танып, ғасырлар тұңғиығына бойлауға мүмкіндік береді. Киелі Түркістанға келген туристер арасында да ұлы ұстазға деген құрмет дәстүрі қалыптасқан. Қасиетті мекенге саяхат Арыстан Баб кесенесіне барып, тағзым етуден басталады. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қазіргі кезге дейін сақталған архитектуралық құрылыстар саны көп емес және мұсылмандық орта ғасырлар дәуірімен шектелген. Сондықтан сәулет енері тарихының жалпы проблемаларын шешу, архитектуралық-көркемдік бейне эволюциясын ашып көрсету, сәулет өнері дамуының зандылыктарын зерттеу көбінесе сәулет енері ескерткіштерін археологиялық зертгеуге байланысты. Сәулет өнері археологиялық қазба жұмыстарында табылған ескерткішерде, тіпті тас дәуірі ескерткіштерінің өзінен-ақ ұшырасып, одан кейінгі кезендерде барған сайын ұлғая береді. Ол адамның материалдық және рухани мәдениет сапаларын біріктіретін жасампаздық қызметінің ерекше түрі — «пайданың, беріктік пен әсемдіктің» ұштастырылуы болып табылады 9. «Ұлы Даланың жеті қыры» – тарих пен болашақтың алтын көпірі» тақырыбындағы негізгі мәселені Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласындағы ақпараттармен байланыстырып жазыңыз. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының, қазақ жері мен елінің, қазақтардың сонау түп тамырынан бергі тарихын жазып, сақтап, өңдеп, тарих жолында келе жатқан әрбір ұрпақтың санасына жеткізіп, ұлттық сананың біртұтастығы мен тарихи сабақтастықты ұстап келе жатқан ерекше құбылыс. Бұл мақаланың мақсаты - қазақ тілінің ұлттық сананы дамытудағы рөлі туралы қарастыра отырып, оның нақты практикалық, яғни әдістемелік жолдарын көрсету. Ұлттық сананы, жалпы адамзат санасын танып-білуге қатысты теориялар мен көзқарастардың түрлігігін нақты санмен айту мүмкін емес.
|
|||
|