Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мәтіннің құрылымын анықтау үшін мынадай сызба ұсынылып, оларды толтыру тапсырылады.



Оның себебі де белгілі. Адам баласы пайда болғаннан бергі проблеманы бір мақала көлемінде, тіпті бір монография көлемінде де қамту дегеннің өзі мүмкін емес екені белгілі. Десек те, осы бағыттағы қол жеткен жаңа теорияларға сүйене отырып, Қазақстанның даму барысындағы өзгерістердің тіл жүйесінде таңбалануын және сол жүйенің сом алтындай құнды кәусарларын таныту арқылы жастардың санасында қазақы ұлттық сананың қызмет ету тетіктерін қалыптастыру туралы ой қозғау – белгілі бір нәтижелерге жетелейтін жол.

Бұрынғы дәстүрлі қазақ тілін зерттеу мен оқытудың тұйықтығы - қазақстандық ғылым мен білім жүйесінің жабық жүйеде және әлемдік байланысқа енбеген күйінен туған нәтиже. Ал қазіргі ересен динамикалық болмысқа ие болып отырған ғылым және білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар сол жүйеден рухани азық алып жүрген жастар үшін мемлекет көздеген биік сапалы нәтижеге қол жеткізетін болуы керек.

Мақсаты осылай қойылған жаңалықтар мен өзгерістердің нақты практикалық жүзеге асырылуын білім беру жүйесінде қызмет етіп жүрген ғалымдар мен оқытушылардың әрбір іс-әрекетінің ұлттық мүддемен түйісіп жатуымен тікелей байланысты.

Тақырыптың өзектілігі - қазақ тілі сабақтарында магистранттардың, студенттердің тек қазақша сөйлеуін ғана емес, қазақ тілі жүйесінде сақталған ақпаратты санасында сақтай білуі, өңдей білуін, қазақша ақпарат алмаса білуін, өмірлік керегіне жарата білуін көздейтін болсақ, қазақ тілі сабақтарының ұлттық сананы қалыптастыру әдістерімен түйісетін нүктелерін анықтау керек, оларды тиімділікпен әдістемелік жүйеге енгізу қажеттілігімен анықталады.

Қазақстан Республикасы үшін зор маңызға ие болатын әрбір жарқын оқиға немесе өзекті мәселе студенттердің, магистранттардың да санасынан орын алуы олардың ел өміріне жауапкершілікпен қарауына тірек болып табылады. Сондықтан елдік сананың қалыптасуы мен дамуында белгілі бір орын алатын тарихи мәселелер жастардың білім алу үдерісімен өріле меңгертілуі керек. Елімізде жаңа қоғамдық нормалар мен құндылықтар жүйесін қалыптастыруда үлкен орын алатын Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары мен мақалаларының мәтіндерін қазақ тілін оқыту үдерісінде қолдану - тіл мен қоғамның байланысын және білім алушы жастар мен өмір тынысын сабақтастырудың бір жолы.

Қазақстан халқының Тәуелсіздік дәуіріндегі өмірінде қалыптасып жатқан идеалдар, мәдени нормалар мен дәстүрлер, көпұлтты қоғамдағы әрбір жекелеген ұлттың құрметке лайық өзінің орны – барлығы мемлекетіміздің өміршеңдігін дәлелдейтін белгілер ғана емес, одан әрі дамуының да нәрлі көздері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болып отырған қазақ тілін оқытудың да осы тұрғыдан қарастырылуы көптеген тиімді әдістемелік жүйелерді жасауға мүмкіндік береді. Бір жағынан, қазақ тілін Қазақстандағы барлық өмір сүріп отырған мемлекеттік тілі ретінде үйрету жүйесін, екінші жағынан, қазақ тілін осы тілдің иегері - қазақтардың болмысын, тарихын, мәдениетін, жан-дүниесін танытатын ақапарт көзі ретінде лингвоелтанымдық бағытта үйрету мүмкіндіктері танылады. Бұл бағыттағы сабақтар қазақша сөйлеу мен жазуды үйретудің тиімді бастау көздері ұлттық дүниетаным иірімдерін танытудан басталатыны белгілі.

Қазақ елінің әлемдік бейбіт қарым-қатынас жүйесіне енуі, атом полигонын жабуы, әлем діндер съездерін өткізуі бейбітсүйгіш саясатын анықтап берді. Ішкі жүйеде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылып, сапалы жұмыс жасап келе жатқандығы да әрбір қазақстандықтың санасындағы «бейбітшілік», «тыныштық», «тұрақтылық», «ұрпақ», «болашақ» деген маңызды ұғымдардың сеніммен қалыптасуына зор тірек болып келеді.

Ұлттық өзіндік сананың дамуында қазақстандық қоғамның даму көкжиектерінің қарқындап кеңейіп келе жатқандығы да үлкен орын алады. Ал осының өзі, біртіндеп, рухани мәдениет саласында жаңа құбылыстардың туындап отыруының табиғи үдеріс ретінде қабылдауға алып келеді.

Рухани салада жаңа құбылыстар пайда болуымен бір мезетте ұлттық сананың қуатты тарихи қабаттары да қозғалысқа түсіп, өткен өмірді танудың жаңа арналары, жаңа көзқарастар мен жаңа қажеттіліктер пайда болады.

Осыдан келіп, ұлттың дүниетанымның, ұлттық сананың дамуы дегенді болашақ пен өткенді бірдей танитын екі жаққты қамтитын құбылыс тануға болатын шығар. Жаңалық қаншалықты қарқынмен алға қарай бағытталса, сол қарқындағы қуат өткенді де қамтиды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» мақаласы мен 2018 жылдың 21 қарашасы күні жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – Қазақстанның дамуындағы маңызды бағыттарды қамтыған алып ойдың нәтижелері. Мақалалардағы еліміздің әлеуметтік-рухани дамуы және тарихи сананың жаңғыруы туралы айтылған маңызды мәселелерді дер кезінде бүгінгі білім алып жатқан жастардың санасына жеткізу – әрбір оқылатын пән мен оқытушының міндеті.

Қазақстандық жастар үшін өнегелі нәрі мол аутентикалық мәтін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы сабақтың негізгі оқу материалы ретінде алынды. Елбасы мақаласының қазақы ұлттық дүниетанымның болмысына жасалған терең талдаулары негізінде қазақ тілі сабағының рационалдық сипаты тереңдейді. Мақаланың аксиологиялық болмысы және қазақша сөйлеу мен жазу дағдыларын саналылық принципке сүйене отырып дамыту бағыты магистранттарға өткізілген қазақ тілі сабағының мазмұнын құнды ете түседі.

Елбасы мақаласын магистранттарға таныстыру, тілдік талдаулар жүргізу, өзіндік пікірлерін айтқызуда мәтінді аксиологиялық құрылым ретінде қарастырып, аксиологиялық талдау әдістерін қолдану ұсынылды.

Мәтіннің құрылымын анықтау үшін мынадай сызба ұсынылып, оларды толтыру тапсырылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.