Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Отын құрылғылары.



1.Отын құрылғылары.

       Отын құрылғыларының негізгі бір элементі боп оттық кіреді. Онда жану процесі арқылы отының химиялиқ энергиясы жану процесінде пайда болған продуктының жылу энергиясына айналып, келесіде сұйыққа және буға беріліп жатады. Оттық құрылғыны екі түрге бөлуге болады: қабаттық және камералық. Қабаттық оттықта қатты отын торлы шарбақтардың үстінде жанады. Камералық оттықта қатты отынды алдын-ала бөлшектеп шан және ұсақ бөлшектер ретінде, ал сұйық отынды форсунка арқылы шашып жағады. Сол сияқты газдалған отындыда қолданады. Камералық оттық факелді және тұйынды болып бөлінеді. Мына суретте факелдық, қабаттық және құйындық тәсілмен жағылатын отын көрсетілген.

 

 

 Отынды тасымалдау ауа арқылы жүреді. Отын бөлшектері әбен жанып біткенше белгілі бір уақыт аралығында траеториялар бойынша айналып өтеді. Центрға тартқыш күштің арқасында ауаменен қатты араласа отырып тығыздалған бір қабат түрінде жанады. Циклондық камерада бөлшектенген отынның өлешеміне байланысты уақыт аралағында ұсталады. Қабаттық оттық әртүрлі жану операциясының механизмдеріне байланысты (отынды ендіру, күлдір шығару) келесі түрлеріне бөлінеді: қолмен жұмыс істеу, жартылай механикалық, механикалық. Төмендегі суретте әртүрлі құрығыларының классификациялары көрсетілген.

 

Қабаттық оттықтар отының жану процесін ұйымдастыру түріне байланысты үш топқа бөлінеді:

1. Қозғалмайтын торлы шарбақты және қозғалмайтын отын қабаты (сурет 15.2, а,б)

2. Қозғалмайтын торлы шарбақ және шарбақтың үстіндегі қозғалыстағы отын.(сурет 15.ә, в, г, д)

3. Қозғалатын торлы шарбақ және онымен бірге қозғалыстағы отын қабаты.(сурет 15.2, е)

15.2, а суретінде оттыққа отынды қолмен лақтырып пайда болған күлді қолмен шығарады. Мұндай физикалық қол жұмысы қажет оттықтар аз пар өндіруші қазандықтарда ғана қолданылады.

15.2, б суретінде жартылай механикалық оттық көрсетілген, онда пневмомеханикалық лақтырғыш арқылы және қолменен итеріп бұрылатын шарбақтар көрсетілген.

15.2, в суретінде отынды салу сол отынның өзінің салмағының арқасында жүзеге асады. Көлбеу торлары бар оттық (30-40 градус бұрышқа бұрылатын) торф және ағаш қолданылады.

«ғ.2, г суретінде көрсетілгендей қайтатын ілгерлемелі қозғалыстағы шарбақтар көлбеу итерілетін торларда отынды қабаттарыменен әрқашан көсеп отыратындай жағдай жасалған. Мұндай оттықтарда қоңыр көмір, тас көмір, жанатын сланстар жағылады.

15.2, д суретінде көсеуші көсеу арқылы оттықта көп күл шығатын қоңыр жәнет бір-бірімен жабысып қалмайтын тас көмірді пайдаланады. Мұндағы көсеу шойыннан немесе болаттан құйылған үш бетті призма сияқты болып келеді. Алдыңғы жазықтаық пен горизонттық жазықтық арасындағы көлбеу бұрыш 35, ал артындағы 15 градус.Камералық оттықтар қатты отын жағатын орташа және үлкен өнімді жұмыс жасайтын қазандық агрегаттарда қолданылады. Камералық оттықтардың негізгі артықшалығы мынада:

1. Эконикалық жағынан алғанда пайдалылығы, яғни отын ретінде көмірдің барлық сорттарын оның ішінде төменгі сапалы түрлерін жағылуы.

2. Отынменен ауаның жақсы араласуының арқасында жану процесіның артылуы.

3. Қазандық агрегаттарының бірлік қуатының артуы.

4. Жұмыс істеу тәртібінің реттелуінің онайлығы, яғни жану процесін толық автоматтандыруға болатындығы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.