Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жылжымалы құрамды жөндеу технологиясы



Жылжымалы құрамды жөндеу технологиясы

1. Локомотивтерге техникалық қызмет көрсетудің негізгі міндеті?

А. Техникалық қызмет көрсету жұмыстарын қосалқы бөлшектердің қажетті қормен қамтамасыз ету

В. Локомотивті диагностикалаудың прогресивті әдістерін қолдану

С. Локомотивтерге әсер етудің зиянды факторларын азайту

D. Локомотивке жабдықтау өткізу

Е. Локомотивтерді жұмысқа жарамды жағдайда ұстау

 

2. Сумен жуу қоспасы құрамына қандай компоненттер кіреді?

А. Қышқылдар

В. Солидол

С. Керосин

D. Каустикалық сода, шаруашылық сабын

Е. Ацетон

 

3. Бөлшектердің тозуы дегеніміз не?

А. Өлшемдер мен пішінінің өзгеру процесі

В. Ішкі байланыстардың әлсіреу процесі

С. Бөлшектер мөлшерінің арту процесі

D. Кристалды тордың өзгеру процесі

Е. Шыңдау бетінің әлсіреу процесі

 

4. ТҚК-2 техникалық қызмет көрсетудің ТҚК-3 техникалық қызмет көрсетуден айырмашылығы?

А. Тек атауында

В. Жұмыстардың көлемі мен жөндеуде тұру уақытында

С. Жөндеу бригадасының құрамында

D. Жұмыстарды орындау сапасында

Е. Слесарлық аспап жиынтығында

 

5. Кавитациялық тозу дегеніміз не?

А. Үйкеліс беті арасында майлау қабаты түзілген кезде пайда болатын тозу

В. Үйкелетін беттерге қышқыл түскен кезде пайда болатын тозу

С. Бу-газ көпіршіктерінің пайда болуы кезінде (майда) пайда болатын тозу

D. Үйкелетін беттерге су түскен кезде пайда болатын тозу

Е. Үйкелетін беттерге қатты бөлшектер түскен кезде пайда болатын тозу

 

6. Техникалық қызмет көрсету ТҚК-1 орындау кімнін міндеті?

А. Локомотив бригадасының

В. Депо кезекшісінің

С. Негізгі деподағы кешенді бригадалардың

D. Негізгі деподағы кешенді және локомотив бригадалардың

Е. Арнайы пункттердегі слесарьлар бригадасының

 

7. Бөлшектерді тазалаудың қандай тәсілдері болады?

А. Жуу машинасымен

В. Сыртқы, ішкі, беттік

С. Үрлеу қондырғысымен

D. Механикалық, химиялық, аралас

Е. Қырғыштармен тазалау

 

8. Локомотивті жөндеудің аяқталуы қалай анықталады?

А. Бригадир өкімі бойынша

В. Технологтың баяндамасы бойынша

С. Локомотивті бөлшектеуден кейін

D. Тұру уақыты бойынша

Е. Нақты орындалған жөндеу жұмыстары бойынша шебердің журналды толтыруында

 

9. Қосқыш болттарда жарықты табу тәсілі?

А. Кептіру арқылы

В. Жуу жолымен

С. Магниттік дефектоскопия көмегімен

D. Үйкеліс арқылы

Е. Майлау жолымен

 

10. Шойын бұйымдарын дәнекерлеу технологиясы?

А. Бөлшектерді алдын ала өндеп ыстық дәнекерлеу

В. Суық дәнекерлеу

С. Ұсталық дәнекерлеу

D. Қыздыру орнын салқындатумен дәнекерлеу

Е. Контактілі дәнекерлеу

 

11. Тепловоз тоңазытқышының секциялары қалай тазартылады?

А. Күйдіру арқылы

В. Жуу ерітіндісінің мәжбүрлі айналымы арқылы

С. Дизельді отынмен жуу

D. Керосинмен жуылады

Е. Су ерітіндісінде жуылады

 

12. Дизельдегі цилиндрлік төлкелердің жұмысшы беттеріндесызаттар пайда болу себептері?

А. Салқындаудың төмендеуі

В. Себептері анықталмаған

С. Жоғары жүктемелер

D. Төлкені орнату технологиясының бұзылуы, поршеньдерді дұрыс орнатпау

Е. Иінді біліктің айналу жиілігінің төмендеуі

 

13. Тепловоздың моторлы-осьтік подшипниктерінің ішпектерін тығыздау қалай қалпына келтірледі?

А. Станокта егеу арқылы

В. Тегістеу арқылы

С. Ішпектердің бүйірлерін балқытып толықтыру немесе ішпектердің сырт жағын ұзарту арқылы

D. Қыздыру арқылы

Е. Теңгеру арқылы

 

14. Тартқыш электр қозғалтқыш якорының тоқ өткізгіш бөліктерінде қандай ақаулар болуы мүмкін?

А. Салбырау, созылу, сығылу

В. Күйектер, ойықтар, сызаттар

С. Бұралу, майысу, жарылу

D. Тығыздалуының босатылуы

Е. Ылғалдану, ластану, зақымдану, оқшаулау бұзылуы

 

15. ГП-311Б басты генераторлардың полюсі мен якорьдың арасындағы саңылау немен өлшенеді?

А. Индикатормен

В. Микрометрмен

С. Штангенциркулмен

D. Арнайы щуппен

Е. Сызғышпен

 

16. Бөлшектердің өзара алмасу принципі неде?

А. Бөлшектерді салмағы бойынша таңдауда

В. Өлшем бойынша іріктеуде

С. Бірдей бөлшектерді басқаларына ауыстыру мүмкіндігі

D. Өнімділік бойынша бөлшектерді таңдауда

Е. Бөлшектерді сұрыптауда

 

17. Поршеньдерде күйіктерпайда болу себептері?

А. Майлаудың төменгі салқындатылуы, күйіктердіңжиналуы

В. Бөлшектер мен тораптарды құрастыру технологиясының бұзылуы

С. Отынның толық жанбауы

D. Жоғарғы айналу жиілігі

Е. Дұрыс емес жұмыс режимі

 

18. Техникалық қызмет көрсету ТҚК-4 техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеулердің қандай түрлерімен бірігіп өткізіледі?

А. ТҚК-5

В. ТҚК-1

С. ТҚК-3, ТҚК-6 және ТҚК-7

D. Жабдықтауда

Е. ТҚК-2

 

19. Локомотивтің доңғалақ жұбы бандажы қырының қалыңдығы?

А. 10 – 20 мм шегінде

В. 25 – 33 мм

С. 10 мм

D. 20 мм

Е. 1 – 2 мм

 

20. Тепловоздың 46ТПЖН-550 аккумуляторлық батареясы электролитінде қандай тығыздығы рұқсат етіледі?

А. 1,23 – 1,24

В. 1,27

С. 1,32

D. 2

Е. 1,19 – 1,21

 

21. Электр машинаның істен шығуы немесе якорьдың айналмауы неден  болады?

А. Полюстерді бекіту болттардың үзілуінен, якорь бандаждарының тарқатылуынан

В. Дұрыс орнатылмауына байланысты

С. Тұрақты қызмет көрсетуге байланысты

D. Себептері анықталмаған

Е. Төменгі жүктемеден

 

22. Тепловоздардың тораптары мен бөлшектерін жөндеу кезінде сынау стендтері не үшін қолданылады?

А. Тепловоз тораптары жұмысының реттелуін тексеруге

В. Массаны анықтауға

С. Тораптарды таңбалауға

D. Түйіндерді бөлшектеуге

Е. Тораптарды майлауға

 

23. Аккумуляторлық батареяның қызмет мерзімін қалай ұзартуға болады?

А. Кернеуді төмендету арқылы

В. Кернеуді жоғарлату арқылы

С. Кедергіні ұлғайту арқылы

D. А.Б. электролиттің тазалығын, тығыздығын, зарядтау тоғын және кернеуін бақылау арқылы

Е. Қызмет көрсетуді жеңілдету арқылы

 

24. Электролит тығыздығын өлшеуге арналған аспап?

А. Спидометр

В. Ареометр

С. Жиілікті өлшеуіш

D. Амперметр

Е. Вольтметр

 

25. Бөлшектердің тозуын қалай анықтауға болады?

А. Тозуды, көзбен анықтауға болады

В. Тозуды, салмағы бойынша анықтауға болады

С. Тозуды, оның өлшемін – нормаға сәйкестігін өлшеумен анықтауға болады

D. Тозуды, қозғалтқыштарды таңбалау бойынша анықтауға болады

Е. Тозуды, қыздырып анықтауға болады

 

26. Болатты бөлшектерді дәнекерлеу әдістері?

А. Электр доғалы және газды дәнекерлеу

В. Плазмалық балқыту

С. Суық дәнекерлеу

D. Ұсталық дәнекерлеу

Е. Ыстық дәнекерлеу

 

27. ТҚК-2 тепловоздың тұру уақыты немен өлшенеді?

А. Тәулікпен

В. Айларда

С. Минутпен

D. Сағаттарда

Е. Секундта

 

28. Дизельдерді зауыттық жөндеу кезінде иінді біліктің мойынының цилиндрлік пішінін қалай қалпына келтіреді?

А. Хромды балқытып толықтыру арқылы қалпына келтіреді

В. Қалпына келтірілуге жатпайды

С. Мойындарды станокты өңдеу (тегістеу)

D. ГЭН-150 В желімін пайдаланумен

Е. Бетті толықтыру арқылы қалпына келтіреді

 

29. Тепловоздарды жөндеуден кейін реостатты сынаудың қандай түрлері жүргізіледі?

А. Ұсақ және ірі

В. Жалпы және жеке

С. Жоғары, орташа және төмен

D. Мерзімді және ішінара

Е. Толық және бақылау

 

30. Локомотивтердің электр жабдықтарында оқшаулама кедергісін немен тексеруге болады?

А. Амперметрмен

В. Мегомметрмен

С. Ареометрмен

D. Вольтметрмен

Е. Жиілікті өлшеуішпен

 

31. Тартқыш электр қозғалтқыштарында коммутацияның бұзылу себептері?

А. Ластану, щеткалардың әлсіз басылуы және дірілі

В. Якорьдың жоғарғы айналу жиілігі

С. Үлкен жүктеме

D. Якорьдың төменгі айналу жиілігі

Е. Динамикалық теңгеру кезіндегі тартқыш қозғалтқыш якорының ең жоғары теңгерімсіздігі

 

32. Тотығу тозуы дегеніміз не?

А. Діріл кезінде туындайтын тозу

В. Салқындату кезінде туындайтын тозу

С. Температуралық қызған кезде туындайтын тозу

D. Үйкелетін бетіне құм түскен кезде туындайтын тозу

Е. Үйкелетін беті арасында сілті, қышқыл қабаты пайда болғанда туындайтын тозу

 

33. Хромдау кезінде қолданылатын ерітіндінің (электролиттің) құрамын атаңыз?

А. Бензин

В. Сілтілі ерітінді

С. Хром ангидридінің және күкірт қышқылының сулы ерітіндісі

D. Хромды темірдің сулы ерітіндісі

Е. Күкірт қышқылы

 

34. Тепловоз дизеліндегі ішпектер қандай мақсатта таңбаланады?

А. Оларды тексеруден кейін бұрынғы орындарға дұрыс орнату үшін

В. Тазалау үшін

С. Бұралудың алдын алу үшін

D. Тозуды азайту үшін

Е. Теңгеру үшін

 

35. Тепловоздың доңғалақ жұптары осінің жарықтарын қалай табуға болады?

А. Осьті өлшеумен

В. Магниттік немесе ультрадыбыстық дефектоскоптау арқылы

С. Осьті қыздыру арқылы

D. Түсті дефектоскопиямен

Е. Осьті бояу арқылы

 

36. Сілтілі аккумуляторлық батареяларда қолданылатын ерітіндінің (электролиттің) құрамын атаңыз?

А. Хлорлы темірдің сулы ерітіндісі

В. Тазартылған су

С. 30% ұшқыр калидың (КОН) сулы ерітіндісі

D. Күкірт қышқылы ерітіндісі

Е. Хром ангидридінің сулы ерітіндісі

 

37. Бөлшектерді балқытып толықтыру қандай мақсатта жүргізіледі?

А. Теңгеру үшін

В. Ақауларды анықтау үшін

С. Бөлшектерді бұрынғы орынға қою үшін

D. Бөлшектердің қажетті өлшемдерін қалпына келтіру үшін

Е. Жақсы бояу үшін

 

38. Түйіндерді бөлшектеуден кейін ұсақ бөлшектер қалай тазартылады?

А. Дірілді тазалау тәсілімен

В. Қарапайым бумен

С. Мәжбүрлеп айналыста

D. Термиялық тәсілмен

Е. Жуу машиналарында ағынды тәсілмен

 

39. Букс подшипниктерін майлау түрі?

А. 1ЛЗ

В. ЖРО

С. ЦИАТИМ

D. К19

Е. СТП

 

40. Неге байланысты электр аппараттарының жұмысқа қабілеттілігі бұзылады?

А. Қосудың бәсеңдеуіне байланысты

В. Жедел қосу салдарынан

С. Басылу күшінің төмендеуіне байланысты, тотық пленкасымен қапталу эрозиясына байланысты

D. Сирек қосылуына байланысты

Е. Ажыратылуына байланысты

 

41. Тартқыш электр қозғалтқыштарында коллектор бойынша щеткалардың катты ұшқындануы не себептен болады?

А. Щетканы басудың әлсіреуі, коммутацияның бұзылуы, электр машинаның ластануы

В. Жүктеменің төмендеуінен

С. Электр машинасының айналу жиілігінің ұлғаюына байланысты

D. Бекітудің әлсіреуіне байланысты

Е. Щеткаға басудың ұлғаюына байланысты

 

42. Гильзаның су жіктерінің герметизациясының бұзылу себептері?

А. Қайта зарядтау

В. Салқындатудың төмен сапасы

С. Майлаудың төмен сапасы

D. Резеңке сақиналардың серпімділігінің жоғалуы, гильзаның жарықтары және деформациясы, тығыздағыш сақиналардың ескеруі

Е. Ұзақ мерзімді жұмысшы жүктеме

 

43. Жөндеу мен құрастырудан кейін тартқыш электр қозғалтқыштарда қандай тексеру жүргізіледі?

А. Тозуға

В. Орнықтылыққа

С. Бос жүріс режимінде тексеру

D. Сезімталдыққа

Е. Герметикалығын тексеру

 

44. Тартқыш қозғалтқышын тексеруде «Нейтралды дұрыс орнату» нені білдіреді?

А. Қыздыруды тексеруде

В. Желдетуді тексеруде

С. Щеткаларды басуды тексеруде

D. Оқшаулаудың беріктігін тексеруде

Е. Щеткаларды дұрыс орнатуды

 

45. Бөлшектерді теңгерудің қандай тәсілдері бар?

А. Бақылау және толық

В. Статистикалық және динамикалық

С. Қалыпты және брактау

D. Алдын ала және қорытынды

Е. Белсенді және реактивті

 

46. Тепловоздардың аккумуляторлық батареяларында өткізілетін қалпына келтіру зарядтаудың емдеу-жаттығу зарядтаудан айырмашылығы?

А. Зарядтауды орындау технологиясы, уақыт шығындары

В. Айырмашылық жоқ

С. Зарядтау ұзақтығы

D. Кернеу шамасы

Е. Тоқ шамасы

 

47. Электр аппараттарының доға сөндіргіш құрылғыларында қандай зақымданулар пайда болады?

А. Қысымның төмендеуі

В. Жоғары ұшқындануы

С. Күйіктер, қабырғалар бетіндегі күйіктер, күйген қабырғалар 

D. Серпімділіктің жоғалуы

Е. Саңылаулардың ұлғайуы

 

48. Аккумуляторлық батареялардың сыйымдылығы неге байланысты?

А. Қозғалыс жылдамдығына

В. Орналасуына

С. Қысқыштар санына

D. Пішініне

Е. А.Б. өлшемдеріне, разрядтау шарттарына, А.Б. жағдайына

 

49. Моторлы-осьтік подшипник қандай себептер бойынша қатты қызуы мүмкін?

А. Жұмысының үлкен мерзімі

В. Майлаудың нашарлауы, «майға» кіші саңылауы

С. Жұмысының шағын мерзімі

D. Жоғары динамикалық жүктемелер

Е. Жоғары статикалық жүктемелер

 

50. Жөндеу кезінде бөлшектерді шыңдау қандай мақсатпен жүргізіледі?

А. Бұрынғы орнына қоюға

В. Жақсы бекітуге

С. Өлшемдерін үлкейтуге

D. Тозуды төмендетуге, металл қаттылығын арттыруға

Е. Металл қаттылығын төмендетуге

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.