Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жылжымалы құрамның автоматты тежегіштері



Жылжымалы құрамның автоматты тежегіштері

1. Тежеу кезінде тежеу колодкаларының үйкеліс коэффициенті неге тәуелді болады

А. Басу күшіне, ауа райы жағдайына, колодка материалына

В. Компрессор картеріндегі майлау сапасына

С. Доңғалақ жұптары бандажының диаметріне

D. Жұмысты ұзақ уақыт орындауға  

Е. Жолдың жағдайына 

 

2. Қазіргі уақыттақолданыстағы тежегіш жүйесін ұсынған кім

А. Казанцев

В. Черепанов

С. Матросов

D. Крылов

Е. Вестингауз, американдық өнертапқыш

 

3. Тежегіш күші дегеніміз не

А. Вагонға әсер ететін күш

В. Тартқыш қозғалтқыштарға көмекке әрекет ететін күш

С. Тежегіш цилиндрге әсер ететін күш

D. Рельс жағынан доңғалаққа әсер ететін, қозғалысқа кері бағытталған сыртқы күш

Е. Пойыздың қозғалысына перпендикуляр әрекет ететін күш

 

4. Тежегіш колодкасының үйкеліс коэффициенті ... тәуелді болады

А. Локомотив салмағына, вагон арбашасының мөлшеріне

В. Доңғалақ жұбының салмағына, арбашаның өлшемдеріне

С. Вагонның мөлшеріне, локомотивтің мөлшеріне

D. Колодканың материалына, колодканың үлестік қысымына, рельстердің жағдайына, қозғалыс жылдамдығына

Е. Доңғалақтың мөлшеріне, диаметрі мен салмағына 

 

5. Халықаралық талаптар бойынша тежегіш толқынының жылдамдығы болу керек кемінде:

А. 1200 м/с

В. 800 м/с

С. 900 м/с

D. 1000 м/с дейін

Е. 300 м/с дейін

 

6. Қандай тежегіш қол тежегіші деп аталады?

А. Дискілі тежегіш

В. Магнитті-рельсті тежегіш

С. Адамның күшінен жұмыс істейтін тежегіш

D. Сығылған ауаның көмегімен жұмыс істейтін тежегіш

Е. Пойыздың тежегіш магистралінің үзілуі кезінде іске қосылатын тежегіш

 

7. ТПЕ негізгі талабы бойынша жылжымалы құрамдар немен жабдықталуы тиіс:

А. Башмактармен

В. Шлангылармен

С. Крандармен

D. Құбырлармен

Е. Автоматты тежегіштермен

 

8. КТ-7 компрессорының картеріне қандай май құйылады?

А. Авиациялық май М-26 

В. Компрессорлық май К-19

С. Ж.Р.О. майлауы

D. ЦИАТИМ-201 майлауы

Е. Дизельді май М-12

 

9. №395 машинист кранының қай бөлігінде теңестіруші поршень орналасқан?

А. Жоғарғы бөлігінде

В. Стабилизаторда

С. Редукторда

D. Төменгі (теңестіруші) бөлігінде

Е. Ортанғы бөлігінде

 

10. №395 машинист кранының қай бөліктері отырғызу орындарына ысқылап отырғызылады?

А. Золотник, редуктор мен стабилизатордың қоздырғыш клапандары, 2 орындықты клапан

В. Тұтқа бекіткішпен

С. Кранның ортанғы бөлігі төменгі бөлігіне

D. Кері клапан

Е. Кранның жоғарғы бөлігі ортанғы бөлігіне

 

11. Шартты №254 қосалқы тежегіш краны қандай қызмет атқарады?

А. Пойыздың тежегіш магистралін сығылған ауамен қоректендіреді

В. Локомотивтің тежегішін басқарады

С. Ауаны бақылайды

D. Компрессорды қосады және ажыратады

Е. Доңғалақ жұптары астына құм береді

 

12. Шартты №395 кранның тұтқасы 5 позицияда болғанда ТМ қысымы не себептен төмендемейді

А. Золотниктегі диаметрі 2,3 мм тесіктері немесе ортанғы бөліктегі диаметрі 1,6 мм тесіктері бітелген

В. Себебі түсініксіз

С. Майлаудың төменгі сапасы

D. КТ-7 компрессорының төменгі өнімділігі

Е. Бекіту бөлшектерінің әлсіреуі

 

13. Шарт. № 395 машинист кранының тұтқасы қандай позицияда болғанда пойыздың тежегіш магистралі зарядталады?

А. 3 позициясында

В. 5-4 позицияларында

С. Барлық позицияларда

D.2 позициясында

Е. 1 позициясында

 

14. №395 машинист кранының қай бөлігінде золотник орналасады?

А. Жоғарғы бөлігінде

В. Ортанғы бөлігінде

С. Стабилизаторда

D. Редукторда

Е. Төменгі (теңестіруші) бөлігінде

 

15. Жылжымалы құрамның тежегіш аспаптарында қолданылатын кері клапандар қандай рөл атқарады?

А. Қауіпті (өте үлкен) қысымнан қорғайды

В. Ауа өткізгішті жабады

С. Ауаны тек бір бағытта өткізеді

D. Конденсат пен суды шығарады

Е. Пойыздың автотежегіштерін басқарады

 

16. Тежегіш колодкалары қандай материалдан жасалуы мүмкін?

А. Болаттан

В. Жезден

С. Графиттен

D. Шойыннан

Е. Қоладан

 

17. Жылжымалы құрамда тежегіштердің қызметі?

А. Жақсы салқындатады

В. Пойызды жылдам жеделдетеді

С. Қозғалыс жылдамдығын реттейді, пойызды тез тоқтатады

D. Бұрылыстардан жақсы өткізеді

Е. Механикалық жұмысты электр энергиясына түрлендіреді

 

18. Машинист кранының тұтқасын немесе тоқтау кранын тежеу жағдайына ауыстырған сәттен бастап тоқтағанға дейінгі уақыт ішінде пойыздың өтетін ара қашықтығы аталады:

А. Жүру жолы

В. Тежегіш жолы

С. Тұрақ

D. Қозғалыс

Е. Жылжымалы құрам

 

19. Электропневматикалық тежегіштің қандай артықшылықтары бар?

А. Тежегіш толқынының үлкен жылдамдығы, тежегіш жолының төмендеуі, пойызда бойлық реакциялардың төмендеуі

В. Артықшылықтары жоқ

С. Реверсирлеу мүмкіндігі

D. Жақсы салқындату

Е. Тежегіш күшінің пойыз салмағына тәуелділігі

 

20. Қайдай жағдайда пойыздың тежегіштері автоматты түрде әрекет етеді?

А. Мұндай әрекет болмайды

В. Тартым қосылған кезде 

С. Пойыздың өздігінен ағытылу кезінде

D. Тартым өшкен кезде

Е. Пойыз қозғалысының басында

 

21. Дискілік тежегіштің колодкалыға қарағанда айырмашылығы?

А. Тежегіш колодкалардың саны

В. Тежегіш толқынының жылдамдығы

С. Ешқандай айырмашылығы жоқ

D. Тежеу механизмінің конструкциясы

Е. Тағайындалуы

 

22. 2ТЭ10М тепловозда компрессордың өнімділігін қалай тексеруге болады?

А. Тексеру мүмкін емес

В. Пойыз қозғалысы жылдамдығын төмендету бойынша

С. Аса зарядты қысымды жою бойынша

D. Пойыздың тежегіш магистраліндегі қысымды ұстап тұру бойынша

Е. Тепловоздың бас резервуарларындағы қысымды 7-ден 8 кгс/см2-ге дейін, 60 секундтан аспайтын уақыт ішінде арттыру бойынша

 

23. №395 машинист кранының редукторы қандай негізгі бөліктерден тұрады?

А. Сору және айдау клапандары, босату құрылғысы

В. Золотниктер, төлкелер, магистралды поршень, режимдерді ауыстырып қосқыш, серіппелер

С. Корпус, теңестіргіш поршень, төлкелер, 2 орындықты клапан, төсемдер, серіппе

D.Корпус, стакан, мембрана, қоздырғыш клапан, шайбалар, серіппелер, төсемдер

Е. Тұтқа, фиксатор, золотник, өзек, корпус

 

24. №483-000 ауа бөлгішінің қанша ірі бөлігі бар?

А. Сегіз

В. Үш

С. Алты

D. Бір

Е. Екі

 

25. Локомотивтерде жылдамдық өлшегіш қандай қызмет атқарады?

А. Жылдамдықты бақылайды және пойызды жүргізудің негізгі параметрлерін жазады

В. Пойыздағы вагондардың өздігінен ағытылуын ескерту үшін

С. Тежеу толқынын жеделдетеді

D. Пойызда бойлық реакцияларды азайтады

Е. Инерция күшін төмендетеді

 

26. Пойыздың тежегіштерін қысқартылған сынау толық сынаудан немен ерекшеленеді?

А. Тежегіш туралы анықтаманы толтыру тәртібімен

В. ТМ ауа қысымының шамасымен

С. Тек атауымен

D. ТМ разрядтау шамасымен

Е. Уақыт шығынымен, мақсатымен, қарау технологиясымен

 

27. Автоматты тежегіштердің негізгі қызметі?

А. Жолдың жарамдылығын көрсету

В. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін, жоғары сенімділікті және тоқтаусыз іс-қимылды қамтамасыз ету

С. Бағдаршамдағы сигналдарды көрсету 

D. Пойыздың қозғалысын қамтамасыз ету

Е. Пойыз қозғалысының басталуын ұйымдастыру

 

28. Доңғалақ жұбының алналмауынан және оның рельс бойынша сырғуы салдарынан пайда болады:

А. Колодкалардың босатылуы

В. Доңғалақты салқындату

С. Жүгірткі (ползун)

D. Ілінісу коэффициенті

Е.  Колодкалардың қызуы

 

29. Юз орнынан қозғалғанда әсіресе қауіпті. Доңғалақ жұбы юздан өздігінен шыға алмайды жүгірткенің (ползун) тереңдігі кезінде:

А. 20–30 мм

В. 33–36 мм

С. 25–33 мм

D. 20–40 мм

Е. 2,5–3 мм

 

30. Темір жол көлігінің жылжымалы құрамдарында қандай тежегіштер қолданылады?

А. Реактивті

В. Парашютты

С. Ауалы, автоматты

D. Гидравликалық

Е. Қол, автоматты 

 

31. Жоғары жылдамдықты электр пойыздар қандай тежегіштермен жабдықталады:

А. Магниторельсті тежегіштермен

В. Дәнекерленген тежегіштермен

С. Болатты тежегіштермен

D. Пластмассалы тежегіштермен

Е. Шойынды тежегіштермен

 

32. Компрессор қандай қызмет атқарады?

А. Тежегіштерді босатады

В. Пойыздың қозғалыс жылдамдығын реттейді

С. Локомотив пен пойыздың тежегіш және ауа аспаптарын сығылған ауамен қамтамасыз етеді

D. Бақылайды

Е. Пойыздың автотежегіштерін басқарады

 

33. №395 машинист кранына қандай ауа магистральдары қосылады?

А. Электрлік

В. Қоректік және тежегіш магистральдары

С. Барлық магистральдар

D. Отын магистралі

Е. Импульстік

 

34. Шартты №395 машинист кранының V-ші жағдайы не үшін қызмет етеді?

А. Босату және зарядтау үшін

В. Пойыздық қысымын ұстап тұру үшін

С. Перекрыша үшін

D. Пойыздың ТМ қысымын арттыру үшін

Е. Қызметтік және сатылы тежеу үшін

 

35. №254 қосымша тежегіш кранының тұтқасында неше позиция болады?

А. 2 позиция

В. 6 позиция

С. 5 позиция

D. 3 позиция

Е. 4 позиция

 

36. Шартты №395машинист кранының IV позициясы не үшін қызмет етеді?

А. Пойыздық қысымын ұстап тұру үшін

В. Қысымды бақылау үшін

С. Шұғыл тежеу үшін

D. Тежеу үшін

Е. Перекрыша үшін

 

37. Тежеу колодкасы тежеу иінтіректі берілістің башмагымен қандай бөлшекпен бекітіледі?

А. Сыммен

В. Шплинтпен

С. Чекамен

D. Контрогайкамен

Е. Плунжермен

 

38. Жөндеуден кейін тежегіш аспаптарын қабылдау жүргізілетін сынау стенділерін қандай мерзім (уақыт) арасында тексереді?

А. Әрбір 3 ай сайын тексеруге жатады

В. 5 айдан кейін

С. Тексерілмейді

D. 4 айдан кейін

Е. 6 айдан кейін

 

39. Пойыздарда тежегіштерді толық сынау қандай жағдайларда жүргізіледі?

А. Пойызда соңғы крандарды жабу кезінде

В. Локомотивті ауыстыру, пойызды қалыптастыру кезінде

С. ТМ қысымы 5,5 кгс/см2 төмен түскен кезде

D. Пойыздағы вагондарды тіркеу немесе ағыту кезінде

Е. Басқару кабинасын ауыстыру кезінде

 

40. Қандай тежегіш автоматты деп аталады?

А. Жылдамдық тежегіші

В. Адамның күшінен жұмыс істейтін тежегіш

С. Пойыздың тежегіш магистралі үзілгенде іске қосылатын тежегіш

D. Сығылған ауаның көмегімен жұмыс істейтін тежегіш

Е. Тәуелсіз тежегіш

 

41. Темір жол көлігінің жылжымалы құрамдарында электр тежегіші қайда қолданылады?

А. Сұрыптау дөңестерінде

В. Өткелдердерде

С. Жолаушылар вагондарында

D. ВЛ-80С электровоздарында, ТЭП70 және ТЭ33А тепловоздарында

Е. Жүк вагондарында

 

42. Локомотивтің №254 кранында толық тежеу кезінде 0,3 МПа дейін цилиндрлерді толтыру уақыты құрайды:

А. 7 мин.

В. 5 мин.

С. 30 сек.

D. 2 мин.

Е.  4 сек.

 

43. Машинист крандарының қайсысы барлық пойыздың тежегіш жұмысын басқарады?

А. Тек №254 машинист краны

В. Тек №395 машинист краны

С. Осы крандардың екеуіде пойыз тежегішін басқармайды

D. №395 және №254 машинист крандары

Е. Машинистің қалауы бойынша

 

44. Электропневматикалық тежегіштер деп аталатын тежегіштер ненің көмегімен басқарылады:

А. Дизельді майдың

В. Болатты құбырлардың

С. Сығылған майдың

D. Электр тоғы мен сығылған ауаның

Е. Судың

 

45. Пойыздың өздігінен ағытылуы кезінде автоматты тежелуді жылжымалы құрамның қандай аспабы қамтамасыз етеді?

А. Трансформатор

В. Автотіркегіш

С. №305 машинист краны

D. Тежегіш магистралінің үзілу датчигі 418

Е. №483 немесе 292 ауа таратқыш

 

46. Барлық ауа бөлгіштер қалай тағайындалады?

А. Жүк және жолаушылар

В. Маңызы жоқ

С. Жылдам және баяу әрекет етететін

D. Болатты және шойынды

Е. Магистральды және маневрлі

 

47. ВР №483 ең сезімтал элементін атаңыз?

А. Қосымша разрядтау клапаны

В. Плунжер

С. Тірек

D. Үлкен диафрагма

Е. Басты поршень

 

48. Жылжымалы құрамның қосқыш жеңдері не үшін қызмет етеді?

А. Пойыз кедергісін азайту үшін

В. Жылжымалы құрамның әрбір бірлігінің тежегіш магистралін қосу үшін

С. Тартқыш күшін локомотивтен вагондарға беру үшін

D. Инерция күшін азайту үшін

Е. Доңғалақтардыңбайланысын арттыру үшін

 

49. Тежегіш құрылғылары не үшін қолданылады?

А. Қозғалысқа кедергі күштерді жасанды арттыру үшін

В. Пойыздың жылдамдығын арттыру үшін

С. Пойыздың тартым күшін арттыру үшін

D. Пойыздың кинетикалық қуатын арттыру үшін

Е. Вагон салмағын арттыру үшін

 

50. Үйкеліс коэффициенті әсер етеді?

А. Ештеңеге әсер етпейді

В. Тартқыш қозғалтқыштардың жұмысына

С. Рельстердің тозуына

D. Пойыз салмағына

Е. Тежегіш колодканың доңғалаққа басылу күшіне

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.