|
|||
Тартқыш жылжымалы құрамның конструкциясыТартқыш жылжымалы құрамның конструкциясы 1. Қай локомотивтердің пайдалы әсер коэффициенті ең жоғары? А. Ғылыммен бұл деректер анықталмаған В. Мотовоздар мен дрезиналарда С. Газтурбовоздарда D. Тепловоздар мен электровоздарда Е. Паровоздарда
2. ТЭМ2 тепловоздарының ПД1М дизелінің сипаттамалары? А. Төрт тактілі, мәжбүрлік ауа үрлеуімен, цилиндрлері V-тәріздес ретімен екі қатарда орналасқан В. Екі тактілі, бір қатарлы, мәжбүрлік ауа үрлеуімен, қарама-қарсы қозғалатын поршеньді С. Төрт тактілі, бір қатарлы, мәжбүрлік ауа үрлеуімен, орташа жылдамдықты D. Төрт тактілі, екі қатарлы, ауа үрлеусіз, баяу жүрісті Е. Төрт тактілі, карбюраторлы, жылдам жүрісті, ауа үрлеусіз 3. ТЭ33А тепловозының GEVO12 дизелінің сипаттамалары? А. Төрт тактілі, мәжбүрлік ауа үрлеуімен, цилиндрлері V-тәріздес ретімен екі қатарда орналасқан В. Екі тактілі, бір қатарлы, мәжбүрлік ауа үрлеуімен, қарама-қарсы қозғалатын поршеньді С. Төрт тактілі, бір қатарлы, мәжбүрлік ауа үрлеуімен, орташа жылдамдықты D. Төрт тактілі, екі қатарлы, ауа үрлеусіз, баяу жүрісті Е. Төрт тактілі, карбюраторлы, жылдам жүрісті, ауа үрлеусіз 4. Дизельды отын өздігінен қандай температурада тұтанады? А. 100–200 К. В. 200 К. С. 900 К. D. 2500 К. Е. 250 – 300 К.
5. Тепловоздағы тоңазытқыш шахтасы қандай қызмет атқарады? А. Суды салқындатады және кейбір тепловоздарда майды В. Тепловозды отынмен қамтамасыз етеді С. Тепловоздағы ауаны желдетеді D. Майды салқындатады Е. Отынды салқындатады
6. Дизельдің газдарды шығару жүйесі қандай негізгі бөлшектерден тұрады? А. Дизельде мұндай жүйе болмайды В. Орнықтырғыш, тіректі тақталар, саусақтар, сақиналар С. Жетекші және жетектегі дискілер, пластиналар жиынтығы D. Құбыр тақталары, қақпақтар, төсемдер, штуцерлер Е. От қораптары, коллекторлар, компенсаторлар, қорғау торлары
7. ТК-34 турбокомпрессорында қандай салқындату қолданылады? А. Маймен В. Табиғи С. Ауамен D. Су және ауамен Е. Салқындатылмайды
8. Дизельдің жұдырықты білігі жетекті неден алынады? А. Артқы бөліп таратқыш редуктордан В. Дизельдің иінді білігінен С. Алдыңғы бөліп таратқыш редуктордан D. Ауыспалы толтыру гидромуфтадан Е. Тік берілістен
9. 2ТЭ10МК тепловозында моторлы-осьтік подшипник қандай қызмет атқарады? А. Жылжымалы құрамды тіркейді В. Бандаждардың тозуын төмендетеді С. Тартқыш қозғалтқыштың массасын доңғалақ жұбының осіне береді D. Соққы әсерін төмендетеді Е. Доңғалақ жұбының екпіндерін шектеу үшін
10. 2ТЭ10МК тепловозында доңғалақ жұптарының көлденең екпіні немен реттеледі? А. Ареометрмен В. Микрометрмен С. Индикатормен D. Щуппен Е. Реттеу төсемдерімен
11. Жұмысын орындау кезінде дизель блогына қандай күштер әсер етеді? А. Қозғалтқыш цилиндрлеріндегі газдар қысымының күші, инерциялық күштер және басқалар В. Қысу күштері С. Статикалық, созатын күштер D. Динамикалық, июші күштер Е. Тартқыш күштер
12. Тепловоз дизельдерінің цилиндр төлкесі қандай қызмет атқарады? А. Поршеньнің қозғалысын иінді білікке береді В. Мәжбүрлік ауа үрлейді С. Жану камерасын құрайды, поршеньдердің қозғалысын бағытайды D. Салқындатады Е. Жылытады
13. ТЭМ2 тепловозының май қоры? А. 1200 кг. В. 1430 кг. С. 2 х 1500 кг. D. 1000 кг. Е. 430 кг.
14. Цилиндрге отын қандай қысыммен беріледі? А. 316 атм. В. 310 атм. С. 156 атм. D. 210 атм. Е. 250 атм.
15. 7FDL дизелінде қанша форсунка болады? А. 32 В. әр жағында 15 С. 12 D. 10 Е. әр жағында 5
16. Тепловоз дизельдерінің поршеньдеріне жүктемелер әсер етеді? А. Қалыпты В. Қысу С. Статикалық D. Созатын Е. Жылу, механикалық және динамикалық
17. Тісті берілістерде майлаудың қандай түрі қолданылады? А. Тірек-рамалы В. Тірек-осьтік С. Осьтік D. С.Т.П. Е. Ж.Р.О.
18. Май сүзгілерінің ластануыннеден анықтауға болады? А. Картердегі қысым бойынша В. Майдың түсінен және сүзгіге дейінгі және одан кейінгі қысымда үлкен айырмашылық бойынша С. Жоғарғы және төменгі температуралардың айырмашылығынан D. Майдағы көпіршіктер бойынша Е. Барлық аталғандар бойынша
19. ТЭМ2 тепловозындағы су қоры? А. 1000 кг. В. 1480 кг. С. 2 х 1450 кг. D. 800 кг. Е. 1200 кг.
20. Жоғары қысымды отын сорғысы (ЖҚОС) қандай негізгі бөліктер тұрады? А. Корпус, орнықтырғыш, саусақ, жүгірткі В. Корпус, ине, сүзгі, бүріккіш, тығын С. Плунжер, гильза, айдау клапаны, клапанның ершігі, корпус, серіппелер D. Корпус, ротор, диффузор, соплды аппарат Е. Корпус, якорь, полюстер, подшипниктер
21. Тепловоз дизельдерінің жоғары қысымды отын сорғыларында қандай ақаулар туындауы мүмкін? А. Қатты қызуы, қақ пайда болуы В. Осьтік екпіннің ұлғаюы, тіректі подшипниктердің тозуы С. Керілуінің төмендеуі, ішпектердің айналып кетуі D. Айдағыш клапан белшігі тығыздығының жоғалуы, плунжерлік жұп тығыздығының жоғалуы, серіппелердің әлсіреуі, өнімділіктің төмендеуі Е. Соққылар және сопақтық
22. Аккумулятор батареясының сыйымдылығы дегеніміз не? А. Аккумуляторлық батареяның сыртқы тізбекке электр тоғын беру мүмкіндігі В. Батареяның кернеуі С. Разрядтау тоғының зарядтау тоғына қатынасы D. Банкалар биіктігінің ұзындығына қатынасы Е. А.Б. банкаларының жиынтық көлемі
23. Сілтілі аккумуляторлық батареялардың қышқылдылармен салыстырғанда артықшылығы неде? А. Электролиттің жоғары тығыздығы В. Жоғарғы беріктігі, төменгі құны, жұмыс мерзімінің ұзақтығы С. Кіші салмағы D. Артықшылықтар жоқ Е. Үлкен емес өлшемдері
24. Қышқылды аккумуляторлық батареялардың сілтілілермен салыстырғанда қандай артықшылықтары бар? А. А.Б. шағын өлшемдері В. Конструкциясының қарапайымдылығы С. Жоғарғы п.ә.к., төменгі температураларда тұрақты жұмысы D. Салмағы аз Е. Электролиттің жоғары тығыздығы
25. Тепловоздың доңғалақ жұбының осі қандай материалдан жасалады? А. Қоладан В. Шойыннан С. Жезден D. ОсЛ болаттан Е. Баббиттан
26. ТЭҚ-ың коллекторы қандай қызмет етеді? А. Қыздырады В. Теңгереді С. Салқындатады D. Доңғалақ жұптарын айналдырады Е. Щеткалы аппараттан якорь орамына энергияны береді және электр тоғын түзетеді
27. ТЭ33А және 2ТЭ10МК тепловоздарында берілістің қандай түрі қолданылады? А. Газтурбиналық В. Механикалық С. Гидравликалық D. Электрлік Е. Гидромеханикалық
28.Тепловоздың дизельдерінде майды тазалаудың қанша сатысы қолданылады? А. 1 В. 2 С. 3 D. 4 Е. 5
29. Май жүйесі қызмет етеді: А. Тозу және күйдіру өнімдерін жою В. Үйкелісті азайту С.Үйкелесетін бөлшектерге май жеткізу D. Кейбір бөлшектерден жылуды алу Е. Барлық аталған опциялар
30. Дизельді салқындату суының ұсынылатын температурасы: А. 70 – 95 0С В. 75 – 90 0С С. 100 – 115 0С D. 65 – 75 0С Е. 70 – 100 0С
31. Су сорғысына қандай бөлшектер мен тораптар жатады? А. Ось, доңғалақ орталықтары, бандаждар, бекіткіш сақиналар В. Көйлек, адаптер, тығыздағыш және бекіткіш сақиналар С. Коллектор, құбырлар қорабы, тақта, түтікшелер, бүйір қалқаншалар D. Корпус, шарикті подшипниктер, білік, жұмысшы доңғалақ, тығыздағыш, бекіткіш шайба, гайка Е. Корпус, ішкі және сыртқы планка, роликті подшипниктер, жетекші және жетектегі тістегершіктер, клапан, демпфер
32. 46ТПЖН-550 маркалы аккумуляторлық батареяның пластиналары қандай материалдан жасалады? А. Кадмий мен никельден В. Хромнан С. Темірден және никельден D. Қорғасыннан Е. Қоладан
33. 46ТПЖН-550 сілтілі аккумуляторлық батареяның әрбір элементінде электролит деңгейі қорғаныс торынан қандай арақашықта болуы тиіс? А. 40 – 50 мм В. 1520 мм С. 1435 мм D. 970 – 1070 мм Е. 1440 мм
34. Тепловоздардың қышқылды аккумуляторлық батареяларына қандай электролит құйылады? А. Тұз қышқылының сулы ерітіндісі В. Күкірт қышқылының су ерітіндісі (H2SO4) С. Азот қышқылының сулы ерітіндісі (HNO3) D. Күйдіргіш кали су ерітіндісі (CaOH) Е. Тазартылған су
35. Тепловоздардың моторлы-осьтік подшипниктеріне қандай май құйылады? А. Консистенттік май В. Компрессорлық май К19 С. Осьтік майлау (Л немесе 3) D. Дизельді май М12 Е. СТП майы
36. Тепловоздарда отын айдау сорғысының қандай түрі қолданылады? А. Поршеньді В. Коловоротты С. Плунжерлі D. Диафрагмалы Е. Тістегершікті
37. Тепловоздарда іштен жану қозғалтқыштардың (ІЖҚ) қандай түрлері орнатылады? А. Газтурбиналық В. Поршеньді карбюраторлы С. Турбиналық D. Поршеньді дизельді Е. Бу турбиналы
38.ЭД118А тартқыш электр қозғалтқышы қанша негізгі полюстері бар? А. 4 В. 2 С. 6 D. 8 Е. 10
39. Тепловоздың бір секциясында құм жүйесінің қанша форсункасы болады? А. 7 В. 8 С. 6 D. 2 Е. 4
40. Тепловоздарда май сорғыларының қандай түрі қолданылады? А. Қалақшалы В. Тістегершікті С. Поршеньді D. Ортадан тепкіш-қалақты Е. Шатунды - поршеньды
41. Дизель шатундарының ортанғы бөлігіндегі арнаның тағайындалуы? А. Саңылауларды реттеу үшін В. Массаны төмендету үшін С. Тығыздау үшін D. Поршеньді теңгеру үшін Е. Поршеньді салқындату майын беру үшін
42. Тепловозда буксалы торапқандай қызмет атқарады? А. Тартқыш қозғалтқыштарын орналастыруға арналған В. Жылжымалы құрамды тіркеуге арналған С. Рессорлық іліністің әсерін доңғалақ жұбының осіне береді D. Соққылар әсерін төмендетуге Е. Доңғалақ жұптарын күшейтуге
43. ТЭМ2 тепловозында дизельдің қандай маркасы қолданылады? А. 11Д45 В. GEVO12 С. 10Д100 D. ПД1М Е. 7FDL
44. Радиатордың (тоңазытқыштың) секциялары қандай қызмет атқарады? А. Отынның жану камерасын құрайды В. Дизельден басты желдеткішке айналым береді С. Қосымша ауа үрлейді D. Жүйедегі су қозғалысын жеделдетеді Е. Дизельдің су жүйесінің жылуын радиатор арқылы өтетін ауаға беруге
45. ТЭМ2 тепловозының арбаша рамасындағытіректер саны? А. 4 В. 8 С. 6 D. 3 Е. 2
46. Локомотивтерді пайдалануда доңғалақ жұптары бандаждарында қандай прокатқа жол беріледі? А. 14 мм артық емес В. 7 мм артық емес С. Прокатқа жол берілмейді D. 10 мм артық емес Е. 9 мм артық емес
47. Жаңа бандаждар кезінде рельс бастиегі деңгейінен автотіркегіш осінің биіктігі? А. 680 –1000 мм В. 750 – 880 мм С. 780 – 1040 мм D. 840 – 980 мм Е. 980 – 1080 мм
48. Тепловоздардың доңғалақ жұптарының негізгі бөліктері А. Рычагтар, аспалар, башмактар В. Құбырлар, резеңкелі шлангілер, ұштықтар С. Теңгергіштер, аспалар, серіппелер D. Ось, доңғалақ орталықтары, бандаждар, бекіткіш сақиналар, тісті доңғалақтар Е. Корпус, подшипниктер, осьтік тірек
49. Локомотивтердің шанақтарына қойылатын талаптар? А. Жабдықты қорғау, жеткілікті беріктікке, қаттылыққа, жабдыққа қол жеткізуді көздейтін жоспарлауға ие болу В. Жабдықты орнату үшін ауданы мен көлемін неғұрлым толық және ұтымды пайдалану С. Оське және доңғалаққа жүктеменің есепте қабылданған мәндерге сәйкестігін қамтамасыз ету D. Қауіпсіздік және қызмет көрсету ыңғайлылығын қамтамасыз ету Е. Барлық негізгі жабдық көлденең оське қатысты симметриялы орнатылуы тиіс
50. СА-3 автотіркегіштің байланысу механизмінің бөлшектеріне жатады? А. Тістегершік, құлыпты ұстағыш, маятникті аспа, ажыратқыш жетек В. Құлып, құлыпты ұстағыш, құлыпты сақтандырғыш, көтергіш, көтергіштің валигі С. Тартқыш қамыт, ұстап тұратын планка, көтергіштің валигі, құлып D. Ось, алдыңғы тірек, орталықтандыратын белдемше, сақтандырғыш, құлып Е. Якорь, сақтандырғыштың жоғарғы иығы, қысқыш конус, фрикциялық сыналар
|
|||
|