|
|||
GEOGEBRA ИНТЕРАКТИВТІ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОРТАНЫҢ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ1 GEOGEBRA ИНТЕРАКТИВТІ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОРТАНЫҢ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ 1.1 БАҒДАРЛАМА ИНТЕРФЕЙСІ Бағдарламаны іске қосқанда 1-суреттегі терезе ашылады.
Сурет 1 Мәзір тақтасы басқа көптеген бағдарламаларға ұқсас орналасқан: (1) Құралдар тақтасы, (2) Объектілер тізімі (объектілер панелі), (3) Геометриялық құрылыстар алаңы, (4) Енгізу қатары. Кеңістік мәзірін ашу көрініс сілтемесі арқылы іске қосамыз (2-сурет) Сурет 2
Кеңістік сілтемесін таңдаймыз(3-сурет) Сурет 3 Сурет 4 3-ші суретте көрсетілгенідей Көрініс мәзірінде басқада көріністер бар: Алгебра, Кесте, GAS, Графиктер, Графиктер2, Кеңістік, Ықтималдықтар калькуляторы.
(Алгебра, Кесте, Графиктер, Графиктер 2)
(GAS) GAS көрінісі алгебралық амалдарды жазуға өте ыңғайлы. Сурет 6 (Ықтималдықтар калькуляторы)
Тәуелсіз объектілерді еркін өзгертуге болады, ал тәуелді объектілер тек қана тәуелсіз объектілерге байланысты өзгеріп отырады. Енгізу қатары екі бөлімнен тұрады: тікелей Енгізу қатарының өзі және Бұйрықтар тізімі бас мәзірде сәйкес келетін бұйрықтар. Бұйрықтар тізімін көрініс сілтемесінен өшіруге болады. Объектілер панелі мен енгізу қатарын көрініс сілтемесінен өшіруге болады, сондай-ақ осы сілтемеде Кесте мәзірін іске қосуға болады. Объектілер панелінде қосымша объектілер типін іске қосуға болады. GeoGebra программаларының артықшылығы мен кемшіліктері Программалардың артықшылығы: -программалар арқылы кеңістіктегі көпжақтарды, фигураларды көз алдыңызға елестете алу қабілетіңіз жоғарылайды; -есептерді шығару оңай, әрі есепті шығару жолын тез түсінесіз; -есептер жылдам шығарылады; -оқушылардың оқып-үйренуінде және мұғалімдердің түсіндіруінде компьютерлік техника қолданылады. Программалардың кемшіліктері: -компьютерде математикалық амалдарды жазудың өзіндік тілі бар; -есептерді шығару үшін фигура өлшемдерімен салғанда, нақты сандарды алған кезде қиыншылықтар туындауы мүмкін.
|
|||
|