Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық

Қазақ-Түрік Университеті

 

 

Тақырыбы: «Аналитикалық геометрия есептерін компьютерлік технологияларды пайдаланып есептеу »

       

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі: Қазіргі таңда математикалық және геометриялық есептерді шешуде қолданылатын жүйелер саны асып барады. Өмірдегі теориялық немесе практикалық есептерді шешу үшін құрылатын бағдарламаларға қойылатын негізгі талаптардың бірі сол есептің шешімін визуалдау, яғни шешімнің графигін салу және құрылған моделді анимацияда көру болып табылады. Бұл жұмыста алгебралық функциялардың, геометриялық есептердің көріністегі жалпыланған формасы енгізіліп, оларды шешудің ең қысқа және түсінікті жолдары көрсетіледі. Функцияларды зерттеуде, геометрия сұрақтарын шешуде процессті толық түсіну үшін алынған шешімнің графигін салу және оны анимацияда көрсету сол процесстің түсінікті болуын қамтамасыз етеді. Бұл жұмыста жоғарыда айтылған проблеманы, яғни алгебралық функциялардың графигін салу үшін GeoGebra бағдарламасын қолдану ұсынылады.

GeoGebra (геогебра)- геометрия және алгебраны байланыстыратын компьютерлік интерактивті бағдарлама. Қазіргі таңда әлем бойынша ең көп таралған математикалық бағдарлама ретінде танылып отыр. Оның үш өлшемді нұсқасы да бар.Геогебра программасын қолдана отырып есепті жеңілдетуге болады.Онымен кез келген есептер (геометриялық, алгебралық) шығаруға болады.Мысалы кез келген есептің берілуін программаға оның тілімен енгізіп, шешу жолы мен жауабын алуға және түсінуге болады.

GeoGebra – бұл білім беретін математикалық бағдарлама, өзінде геометриялық, алгебралық және математикалық есептеулерді біріктіреді. Бұл бағдарламаның көптеген мүмкіншіліктері бар. GeoGebra – ның динамикалық геометриялық ортасы жазықтықта «анимациялық кескіндер» салуға және де функцияны зерттеуде көптеген мүмкіншіліктері бар (функция графиктерін салу, түбірлерін анықтау, экстремумдарын табу, интегралдар және т.б.). Бағдарлама Маркус Хохенвартер тарапынан Java тілінде жазылған (содан орай бағдарлама көптеген операциялық жүйелерде жұмыс жасайды). Бағдарлама 39 тілге аударылған. Қазақ тілі түгелдей қамтылған.

Жұмыстың мақсаты:Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты математикалық объекттерді геометриялық түрде өрнектелуін көрсету. Яғни теориялық түрде айтылған мәліметтерді визуалды етіп практикалық түрде көрсету.

GeoGebra бағдарламасын қолдана отырып геометрия есептерін шешуді автоматтандыруға болады. Бағдарламаның мүмкіншіліктерін пайдалана отырып математикалық объектілердің графиктерін салу.

Зерттеу әдістері:Функцияларды зерттегенде немесе геометриялық есептерді қарастырғанда олардың графиктерін салу өте маңызды. Сондықтан кейбір күрделі функциялардың графиктерін салуды қарастыруға болады. Ғылыми жұмыс Кіріспе, екі тарау , он параграфтан тұрады.

Бірінші тарауда GeoGebra бағдарламасының мүмкіншіліктері және бағдарлама интерфейсі тұралы түсініктер келтірілген.

Екінші тарауда GeoGebra бағдарламасын пайдалана отырып аналитикалық геометрияда шығаруды пайдалана отырып:

дененің көлемін табу , фигураның ауданын табу , кесіндінің ұзындығын табу , берілген нүктелер арқылы үшбұрыш құру , ішкі бұрыштарын табу , берілген радиус бойынша шеңбер сызу , гиперболаға , эллипске , параболаға қатысты есептер түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш туралы есептер қарастырылған.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.