|
|||
МАЗМҰНЫ. КІРІСПЕ. I.ТАРАУ. ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП, 12 ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ. жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты менСтр 1 из 20Следующая ⇒ МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ I.ТАРАУ. ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП, 12 ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ 1.1. 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін нәтижелері .......................................................................................... 7 1.2. 12 жылдық мектептің психологиялық-педагогикалық астарлары ........................................................................................................... 16 1.3. Жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары ....................................................................................................... 21 1.4. 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлар ................................................................................. 22 II.ТАРАУ. 12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 2.1. 12 жылдық білім беруге ауысу жағдайында оқушылардың тәрбие жүйесінің даму перспективасы ......................................................... 25 2.2. Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама ........................................................................................................... 26 2.3. 12 жылдық эксперимент сыныптарда информатика пәнін оқыту ерекшеліктері ........................................................................................ 29 2.4. 12 жылдыққа көшу жағдайында эксперимент барысында бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың үлгілері .................. 35
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................... 59 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .................................................. 60
КІРІСПЕ Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Қазіргі таңда қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде, жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жылдық оқыту моделі. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелері анық» дей келе, кадрлар қорын жасақтаудың қажеттігін айтты. Сонымен қатар бұл мәселенің негізін мектептен басталатынын, сондықтан да 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті. Осыдан-ақ, мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туындап отырғанын көруге болады. Мұның өзі егемен еліміздің білім мазмұны мен құрылымының әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді. Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі-бүкіл әлем жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр. Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне суйенуде. 12 жылдық орта білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімнің теориялық және әдістемелік тұстарын жетілдіруді талап ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде орындалуын және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялық тұрғыдан негізделуін керек етеді. Осылардың негізінде ғана 12 жылдық орта білім бағдарламаларын, сапалы оқулықтарды, оқушылар белсенділігін тудыратын жаңа технологияларды, әдістемелерді, көмекші құралдарды яғни, оқу-әдістемелік кешендерді өз дәрежесінде дайындау мүмкіндігі тумақ. Орта білім беру жүйесін жаңарту мәселесі баланы алты жастан бастап мектеп жағдайында оқытып, тәрбиелеуді жүзеге асырғалы отыр. Бұл 12 жылдық орта білімге көшудің ең басты мәселелерінің бірі және бірегейі. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ұлттық деңгейде қалуды көтермеуі, ғылыми-білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-тәжірибені оқып үйренудің қажетті шарт екенін дәлелдеуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың айырбасталуын, бейімдік оқытуды, көп тілділікті қамтамасыз етеді. Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп - жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзін-өзі тануына көмек көрсететін, физикалық және рухани жағына экологиялық таза, ізгілендірілген, өмірге, дүниеге тік қарай алатын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып, жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Мұндай өнімді және нәтижелі, сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етеді. Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны белгілі. Осыған орай, менің педагогикалық жұмысымның тақырыбы: «12 жылдық мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі» - деп аталды. Педагогикалық жұмыстың мақсаты – әлемдік білім стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін іс жүзінде көрсетуге, өзін-өзі дамытуға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайын, өз мүддесін іскерлікпен ұштастыра білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру. Педагогикалық жұмыстың әдіснамалық негіздері:Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары», Қазақстан Республикасында «Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі» Тұжырымдамасы. Педагогикалық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. I – тарау «Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің негіздемесі» деп аталып, онда әлемдік білім тәжірибелерін саралай отырып, өзіндік білім реформасын қалыптастыруды көздеген Қазақстандағы 12 жылдыққа көшу мәселесі қарастырылған. II – тарау «12 жылдық мектепте информатика пәнін оқыту ерекшеліктері» деп аталып, 12 жылдық білімге көшу жағдайында бастауыш эксперимент сыныптарда информатика пәнін оқытуда оқушылардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін, дұрыс сөйлеу білу мәнерін қалыптастыруды көздейді.
|
|||
|