Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама



2.2. Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама

Информатика пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен төмендегі құрамда ұсынылады:

1. Оқулық

2. Әдістемелік құрал

3. Дидактикалық материалдар

4. Хрестоматиялар

Информатика оқулығына қойылатын талаптар

Информатика оқулығына қойылатын талаптарды анықтауда жалпы оқулыққа қойылатын талаптар негізге алынады. Оқулыққа қойылатын талаптарды анықтап жүйелеуде оқулық функциялары:

- білім мазмұнын тасымалдаушы;

- мазмұнды меңгеру процесін ұйымдастырушы;

- ақпараттық;

- трансформациялы;

- материалды бекітушілік;

- өзін-өзі бақылау;

- өз бетімен білім алу;

- дамытушы-тәрбиелеуші.

басшылыққа алынып, негізінен ескеретін құжат болды десек те болады.

Информатика пәні оқулығының маңызды ерекшелігі бұл өскелең өмір талабына сәйкестігі болып табылады. Оқулыққа қойылатын талаптар жалпы оқулыққа қойылатын талаптар негізінде төмендегіше іріктелді:

- ұлттық ғылым саясатына сәйкестігі;

- бағдарламаға сәйкестігі;

- мазмұнының ғылыми мәнділігі және нақтылығы;

- әлеуметтік-мәдени құндылығы;

- ұсынылған материалдың тарихилығы;

- оқушылардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің ескерілуі;

- мазмұнының жүйелілігі, бірізділігі;

- сабақтастық принципінің сақталуы;

- компьютерлік программалар пайдаланылуының ескеріліуі;

- практикалық тапсырмалардың тақырыпқа сәйкестілігі;

- оқушылардың жалпы оқу біліктерін және дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік жасауы;

- деңгейлік тапсырмалардың болуы т.с.с.

Осы талаптарды ескере отырып дайындалған оқулықтың сапасы жоғары болып, оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі.

Информатика пәнін  оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар:

Информатиканы оқыту әдістемесі-әрбір сынып бойынша информатиканы оқып үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Бұл әдістемелік оқу-әдістемелік кешендерді құрайтын басқа құралдарды үйлесімді пайдалануды жүзеге асыру тұрғысынан мұғалімдерге нақты көмек көрсетуді көздейді.

Әрбір сыныпқа арналған әдістемелікте сол сыныптағы информатикадан берілетін білім мазмұны және оны оқып үйретудің өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ сабақ барысында сол ерекшеліктерді жүзеге асыру жолдары қарастырылады.

Әдістемеде информатикадан білім мазмұнының сипттамасы беріледі.

Оқулық пен құралдарын сабақ барысында тиімді қолдану, экономикалық білімді игерудегі білім, білік, дағдыны қалыптастыру, өзіндік жұмыстарды орындау біліктілігін қалыптастыру, теориялық материалдарды қайталауға берілген сұрақтарға тиімді жауап беру тәсілдерін көрсету жайында әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі. Есептердің шығару үлгілері ұсынылады.

Информатиканы оқыту процесінде пайдаланылатын мультимедиалық үйрету программаларының, электрондық оқулықтарының өскелең өмір талабына сай дайындалып, компьютерді оқыту құралы арқылы пайдалана алатындай деңгейде болу керек. [26]



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.