Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жер-кадастрлық құжаттар



1.2. Жер-кадастрлық құжаттар

Негізгі және ағымдағы кадастрлар сәйкесті жер-кадастрлық құжаттарда жүргізіледі. Жер-кадастрлық құжат текстік және жоспарлы-картографиялық болып бөлінеді. Текстік – кітап, ведомос, карточка, тізім, түсіндірме жазулар түрінде болады және натуралды көрсеткіштермен көрсетіледі. Жоспарлы-картографиялық құжаттар жер учаскелерінің сызба бейнелерін көрсетеді – жоспарлар, карталар, картограммалар. Текстік және жоспарлы-картографиялық құжаттар арасында тығыз байланыс бар. Текстік құжаттар жоспарлы-картографиялық негізінде толтырылады, үйткені ол есептелетін жерді дәл бейнелейді.

Жер-кадастрлық құжаттар мазмұны мен мағынасына қарай негізгі, қосымша және алғашқы (первичные) деп бөлінеді. .

Неігізгі жер-кадастрлық құжаттар есеп алу және есеп беру болып бөлінеді. Жер пайдаланушылардың негізгі жер-кадастрлық құжаттары – бұл бар жер пайдалануды есепке алу және жүйелі түрде ондағы өзгерістерді көрсету құжаттары. Бұларға барлық жер иеленушілепр мен жер пайдаланушыларға берілетін құжаттар жатады. Олар: жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісі, тұрақты жер пайдалану актісі және уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) және уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы актісі.

Жер-кадастр кұжаттамасы есепке алудың барлық деңгейлерінде: базалық, мезгіл-мезгіл жаңартылатын және жыл сайын жасалатын құжаттаманы қамтиды.

Базалык, жер-кадастр кұжаттамасына:

1) жер-кадастр icтері;

2) жер-кадастр кітабы;

3) жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі;

4) жер-кадастр карталары жатады.

Жер-кадастр icтері – жаңа және қайта құрылған бұрынғы жер учаскесін рәсімдеу ісі, мұнда жер учаскесі жайында құжаттар болады.

Мемлекеттік жер-кадастр кітабы – есепке алынатын жер учаскелері жайындағы құжат, онда жердің кеңістіктегі, табиғи және шаруашылық жайы туралы анық мәліметтер болады.

Жер-кадастр карталары – жер учаскелерінің көлемі мен шекараларын көрнекті көрсету, олардың біріктіру мен бөлу кезінде өзгеруін есепке алу үшін құрылады және жүргізіледі.

Жер кадастр кұжаттамасынык құрылымын, құрамын, мазмұны мен нысандарын, сондай-ақ оны жүргізу тәртібін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібіне сәйкесті мемлекеттік жер кадастры кағазға түсіріліп жүргізіледі және ақпаратты жинақтаудың, өндеу мен сақтаудың электрондық жүйелерін пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

Негізгі есепке алу жер-кадастрлық құжаты – бұл ауданның (қаланың) мемлекеттік жер-кадастрлық кітабы, онда барлық жер пайдалануды тіркеу, жердің саны мен сапасын есепке алу, топырақты бонитеттеу және жерді экономикалық тұрғыдан бағалау мәліметтері жинақталған.

Жер кадастрының негізгі есеп беру құжаты – бұл ауданның жер балансы.

Келтірілген құжаттардың кейбіреулерінің жерді заңды тіркеу мәні бар. Бұл жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісі, тұрақты жер пайдалану актісі және уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) және уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы актісі, мемлекеттік жер-кадастрлық кітабы. Қалған құжаттардың мағынасы қарапайым, жерді нақтылы тіркеу болып саналады.

Қосымша жер-кадастрлық құжаттарға жататындар: жұмыс дәптерлері, жер пайдалану тізімі, есеп беруге қосымшалар, түсініктемелер, очерктер, картограммалар, диаграммалар және т.с.с.

Жер кадастрын жүргізу үшін негізгі жер-кадастрлық құжаттарда бастапқы құжаттар қолданылады. Бастапқы құжаттар жер кадастр толтыру кезінде немесе дәл сол уақытта (в натуре) құрылады және олар жер пайдаланудың нақтылы жай-күйін бейнелейді. Олар: жерді түсіру материалдары, жоспарды түзету, жерді түгендеу, жер пайдаланудағы өзгерістерді өлшеу, аудандарды өлшеу деректері, топырақ, агрохимиялық, мелиоративтік және геоботаникалық тексерулер материалдары, топырақты бонитеттеу және жерді экономикалық бағалау шкалалары, бухгалтерлік және статистикалық есеп материалдары.  [ 2 ]

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.