Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жер кадастрының құрамдық бөліктері



1.1 Жер кадастрының құрамдық бөліктері

ҚР жер туралы заңдарына сәйкес жер қорларын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жер кадастры жүргізіледі. Мемлекеттік жер кадастры Казахстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналаскан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардык сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық кұны ту-ралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқықты субъектілер туралы ақпарат та енгізіледі. Олай болса жер кадастры мемлекеттік шара ретінде қарастыралады және ол жер қорлары жайында қажетті деректерді алу, жинау және жүйелеуге бағытталған.

Жер кадастры келесі құрамдас бөліктерден тұрады: жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларды мемлекеттік тіркеу, жер алқаптарын сандық және сапалық есепке алу, топырақты бонитеттеу және жерлерді экономикалық тұрғыдан бағалау.

ҚР Жер кодексі бойынша жер кадастрының кұрамдас бөлігі болып суармалы жердің мелиорациялык кадастры саналады, ол суармалы жер учаскелерінің мелиорациялык жай-күйі, олардык табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалык сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың ece6i туралы мәліметтер жүйесін құрайды.

Олай болса, жер кадастры – бұл жердің құқықтық, табиғи және шаруашылықтық жағдайын жан-жақты зерттейтін мемлекеттік шаралар жүйесі. Ол үшін жер пайдалануды тіркеу, оны саны мен сапасын есепке алу, топырақты бонитетеу және экономикалық тұрғыдан бағалау жұмыстары жүргізіледі және бұның бәрі халық шаруашылығында жерді тиімді пайдалануға бағытталған.

Жалпы тұтас жүйе ретінде жер кадастрының құрамдық бөліктер арасында белгілі бір байланысы және қисынды жалғасы бар. Неге десеңіз мемлекет бірыңғай мемлекеттік жер қоры мемлекет меншігі болып, ол жер учаскелерін пайдалану, иелену құқығын бергендіктен жерді қалай пайдалануы заңды түрде рәсімделіп, ал жер учаскелері белгілі аумақ, жылжымайтын мүлік ретінде белгілі тәртіпте тіркелуі керек. Бұл қызметті мемлекеттік жер тіркеуі өткізеді, оның мәліметтері жердің белгілі көлемін, нақты жеке немесе заңды тұлғалардың пайдалануы үшін негіз болып келеді. Осылардың негізінде жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға олардың құқығын дәлелдейтін құжаттар беріледі және мемлекеттік жер кадастры кітабында жазылады.

Жерді мемлекеттік есепке алуда оның мөлшері, кеңістікте орналасуы, сапалық жай-күйі пайдалануы бойынша сипатталады. Есепке алудағы тіркеу мәліметтері әр нақтылы пайдаланушының, иеленушінің жер учаскесінің мөлшерлерін жазу негізін қалайды және онда алқаптарды жіктеу тәртібі бойынша олардың құрамы, түршелеріне сипаттама беріледі.

Есепке алуда табиғи қор және өндіріс құралы ретінде жердің санымен қатар сапалық көрсеткіштері анықталады. Ол үшін жер қорын жіктеу кезінде оның аймақтық типін, жердің жарамдық категориясын, жерлердің әртүрлі класстарға, түрлерге, сонымен топырақ жамылғысына, топырақтың механикалық құрамы, жердің геоботаникалық және мелиоративтәк жай-күйіне қарай жіктелуі де сипатталады. Бірақ, топырақтың табиғи қасиеттері және олардың шаруашылықтық мәні, өнімділігіне әсерлері бірдей болмайды, сондықтан оларды салыстырмалы түрде бағалау қажеттілігі туындалады. Осыған орай топырақты бонитеттеу қажет болады.

Жер пайдалануды тіркеу және оны есепке алу деректері жер пайдаланудағы жекеленген жер учаскелерін бониттеуде бастапқы ақпарат болып келеді.

Әдетте топырақты бонитеттеуді оны табиғи құнарлылығына қарай салыстырмалы бағалау немесе топтастыру деп түсінеді. Көбінесе бонитеттеу негізіне нақтылы бір табиғи-климат жағдайында өсіп-өнетін ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігімен корреляциялық байланыста болатын топырақтың табиғи қасиеттері алынады.

Жердің сапасы тек табиғи факторларға ғана тәуелді емес, сонымен қатар экономикалық жағдайларға да байланысты келеді. Сондықтан жерді өндіріс құралы ретінде экономикалық тұрғыдан бағалау керектігі туындалады. Жерді экономикалық тұрғыдан бағалау жерді мемлекеттік тіркеу, есепке алу және бонитеттеу деректеріне сүйенеді.

Жерді экономикалық бағалау – мемлекеттік жер кадастрының соңғы құрамдық бөлігі, ол егіншіліктің қалыптасқан қарқындылық деңгейінде жерді табиғи қор және ауылшаруашылығының негізгі құралы ретінде бағалауды алдын ала қарастырады.

Тұтас жүйе ретінде жер кадастрының байланысы және жүзеге асыру ізділігі осындай.

Сонымен бірге, кадастрдың әр құрамдық бөлігінің нақтылы мағынасы, мазмұны бар және белгілі әдістемелер, тәсілдер және жүргізу әдістеріне негізделеді.

Айта кету керек, оның әр біреуі белгілі жағдайда жеке немесе барлығы емес тек жер кадастрының кейбір бөліктері жүргізілуі мүмкін. Сонымен қатар олардың орындалу тәртібі де өзгеруі мүмкін. Бұндай жағдайда жер кадастры толық көлемде жүйе ретінде қарастырылмайды, оны жер кадастрының пайда болу және даму тарихы және б. ССРО жүрген жердің жіктеу-есептік тәжірибелік жұмыстары дәлелдейді.

Мысалы, бір кезеңде назар жер тіркеуге, бір кезде жерлерді есепке алуға, ал бір кезде топырақты бониттеуге аударылған болатын. Жалпы жер кадастры жүйесінде оның құрамдық бөліктерге бөлінуі, жекеленіп жүргізілу мүмкіншілігі, оның халық шаруашылығының сұранысына қарай сатылап жүргізілуіне мүмкіншілік жасайды.

Жер кадастрының тұтастылығы оның жүзеге асыру және құжаттарды жүргізуді ұйымдастырудың бірыңғайлығында. [1]

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.