Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жер кадастрының құрамы, қадастрлық құжаттар және кадастр процесі



 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

Реферат

Мемлекеттік жер кадастрының құрамдас бөліктері

 

                                 Орындаған:Сәулет-құрылыс факультеті

                              Геодезия және картография кафедрасы

                                                                              ГК -23 тобы

                                                           Батаева Алтын

                                      Тексерген: Мустафина  Нуржамал Карымсаковна

 

 

                                                 

 

 

Астана 2017

Мазмұны:

Кіріспе…………………………………………………………………3

1.Негізгі бөлімі. Жер кадастрының құрамы, қадастрлық құжаттар және кадастр процесі

1.1.  Жер кадастрының құрамдық бөліктері………………….. …4

1.2. Жер-кадастрлық құжаттар……………………………………7

Қорытынды ……………………………………………………….......9

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................10

 

 

Кіріспе

Қазіргі кезде ауыл шаруашылық өндірісін дамытуда еліміздің жер ресурстарын ұтымды және интенсивті пайдалану ең негізгі мәселе болып саналады. Осыған орай жер ресурстарын пайдалануды жақсарту қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған жалпы шаралар жүйесінде ең алдыңғы жоспар ретінде ұсынылады.

Еліміздегі экономикалық түрлену және нарықтық экономикаға беталу жер қатынастарына әсер етпеуі мүмкін емес екені күмәнсіз және оларды реформалау жер реформасын жүргізу арқылы жүзеге асырылды.

Қазастанда жер реформасы 1991 жылдың маусым айындағы «Жер реформасы туралы» Заң қабылданған соң жүзеге асырыла бастады. Бұл Заң бойынша, жер реформасы республика экономикасының нарықтық қатынастарға ену кезеңінде жер иеленудің сапалық жаңа құрылымы мен жерді пайдаланудың құқықтық және ұйымдық-технологиялық шаралары ретінде айқындалды. Қазіргі кезде жер реформасы жер қатынастарын одан әрі жетілдіру, құқықтық, экономикалық және жерде шаруашылық жүргізудің әртүрлі ұтымды формаларын қалыптастыру, қорғау және оның тиімділін қамтамасыз етуде әлеуметтік жаңа сатыға көтерілді.

Жер реформасының негізгі мақсаты, әу бастан-ақ жер иесін жаңаша қалыптастыру, оған деген иесіздікті жойып, жанашырлықты таныту, ауылдың жердегі өнім өндірушілердің таңдауына ерік беру, өндірісті қазіргі кездегі орын алған тығырықтан шығаруға жол ашу, жерге меншік иесінің құқығына керілдік беру болса, алда да солай блып қала бермек.

Реформа, жер пайдалану құқы мен жер нарығын калыптастыру үшін шаруашылық жүргізудің барлық түрлерін тең дәрежеде дамыта отырып, экономикалық, құқықтық және әлеуметтік жағдайларды, сонымен бірге жер қатынастарын жаңаша құруға бағытталғаны белгілі.

Сондықтан да оның басты бағыты - жерде шаруашылық жүргізудің жаңа нысанын, жер пайдалану мен жерге меншіктің жаңа жүйесін енгізіп, қалыптастыру, сөйтіп, жаңа жер құрылысына көшу болып табылады. Еліміздің жер қорын басқару, оны қорғау, тиімді пайдалануын ұйымдастыру оларды жер кадастры жүйесінде жан-жақты зерттеуін талап етеді. Сондықтан жер кадастрының халық шаруашылығында рөлі өте жоғары және мемлекеттік шара болып саналады.

Жер кадастры келесі құрамдас бөліктерден тұрады: жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларды мемлекеттік тіркеу; жер алқаптарын сандық және сапалық есепке алу; топырақты бонитеттеу; жерлерді экономикалық тұрғыдан бағалау.

Жер кадастрын оқу көптеген ғылыми пәндердің теорияларына сүйенеді, олар: ауыл шаруашылығы экономикасы, жер құқығы, жерге орналастыру, топырақтану, егіншілік, агроэкология, ауыл шаруашылық мелиорациясы, табиғатты қорғау және т.б.

 

1.Жер кадастрының құрамы, қадастрлық құжаттар және кадастр процесі



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.