Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ас қорыту жүйесі. Зәр шығару жүйесі. Нерв жүйесі.Психикалық жағдайы



Ас қорыту жүйесі

Ауыз қуысының шырышты қабаты бозғылт қызғылт түсті,ылғалды,таза.Тілі ерекшеліксіз,көлемі қалыпты,ылғалды,таза,қызғылт түсті. Тістері сау, қызыл иегі бозғылт қызғылт түсті, қан кетпейді.

Іші :пішіні дұрыс,үлкеймеген.Перистальтикасы көрінбейді.

Беткей пальпациясы: іш жұмсақ, ауырсынусыз, Щеткина - Блумберг теріс.Іш бұлшықеттерінің ширығып,кернеуі жоқ.Іштің тік бұлшықеттерінің ажырауы анықталмады.

Терең пальпациясы: сигма тәрізді тоқ ішек сол жақ мықын аймағында,көлденең ені 2,5-3см,беті тегіс,қозғалғыштығы сақталған,ауырсынусыз эластикалық цилиндр ретінде анықталады.Соқыр ішек кіндікпен мықынның қылқанды өсіндісін қосатын сызықтың шеткі 3/1 орналасқан,диаметрі 4см,эластикалық,біркелкі,қозғалғыштығы жеткілікті,ауырсынусыз.Жоғарыланған және төмендеген тоқ ішектері диаметрі 4см.Тоқ ішектің көлденеңі 5см ,цилиндр пішінді,серпімді,ауырсынусыз,қозғалғыштығы сақталған.

Бауырдың пальпациясы: шеті жұмсақ, ауырсынусыз,бауыр қабырға доғасынан шықпайды.. Перкуссиясы бауыр мөлшері Курлов бойынша: оң жақ l.mediaclavicularis - 9см, l.medianna ant. – 8 см, сол жақ қабырға доғасы бойымен - 7 см.

Көкбауыр пальпацияланбайды. Перкуссия кезінде көкбауырдың диаметрі 5 см, ұзындығы 8 см. Ұйқы безі пальпацияланбайды.

Зәр шығару жүйесі

Зәр шығаруы-қалыпты.Бел тұсында көзбен көрінетін өзгерістер жоқ.Буйректер пальпацияланбайды.Бел тұсын соғып тексеру белгісі екі жақтада оң.Несеп куығы қасаға сүйегінің үстінен шықпайды.

Нерв жүйесі.Психикалық жағдайы

Ақыл есі аңық,сөзі өзгеріссіз.Жалпы тері сезімталдылығы бұзылмаған.Жүрісі қалыпты.Ромберг қалпында тұрақты.Көз алматы,қарашықтары және қарашықтық рефлекстер қалыпты.Иіс сезу мен дәм сезуі өзгеріссіз.Есту аппаратының қызметі бұзылмаған.Сөйлеу бұзылыстары жоқ.Мимикалық бұлшықеттердің қозғалысы қалыпты.Діріл байқалмайды.Омыртқа бағанасы бойын сипап тексеруде ауырсыну жоқ.Минингиалдық симптомдар жоқОй,сана-сезімінің дамуы жасына сай.

Тексеру жоспары:

1) Қанның жалпы сараптамасы

2) Зәр анализі

3) Қанның биохимиялық сараптамасы

4) Несептің Нечипоренко бойынша сараптамасы

5)Несептің Земницкий бойынша сараптамасы

6)Бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі

7) Рентгендік зерттеу

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.