|
|||
Status praesents. Тыныс алу жүйесіStatus praesents Жалпы жағдайы: қанағаттанарлық ес – түсі :анық Төсектегі қалпы: белсенді . Бет әлпеті:қалыпты. Дене бітімі :нормостеникалық Температура: 36.7 С бойы - 165 см, салмағы - 60 кг. Тері жамылғылары:түсі өзгермеген,таза,аздап құрғақ. Шырышты қабаттары: бозғылт қызғылт түсті. Тері асты шел майы: біркелкі дамыған,бетінің сәл домбыққаны байқалады. Лимфа жүйесі:желкелік,жақастылық,құлақ маңы,мойынның алдыңғы,артқы топтары,бұғанаүстілік,бұғанаастылық,қолтық астылық,шынтақтылық,шап,тақымдық лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Бұлшықет жүйесі:жақсы дамыған,тонусы қанағаттанарлық,пальпацияда ауырсынусыз,бұлшытет күші сақталған. Сүйек жүйесі:келбеті дұрыс.Буындардың үйлесімі өзгермеген,белсенді және пассивті қимылдар, көлемі шектелмеген,ауырсынусыз.Туа біткен ақаулары жоқ.Аяқтарындағы ісіну байқалады. Басы: қалыпты пішінді,даму ауытқулары жоқ.Ми сауыты беттік бөлімінен үлкен,ауырсыну жоқ. Беті: симметриялы,жарыққа реакциясы қалыпты.Бет аймағыгда ісінулер байқалады. Мойыны: ісіну жоқ, өлшемдері қалыпты, қалқанша без ұлғаймаған,қан тамырларының кеңеюі мен көзге көрінетін соғулары жоқ. Тыныс алу жүйесі Мұрын пішіні:өзгермеген,мұрын арқылы тыныс алуы жеңіл. Кеуде торының пішіні:нормостеникалық, эпигастралды бұрыш 90 градусқа жақын,кеуде екі бөлігіде тыныс алуға бірдей қатысады.Бұғаналармен жауырындар орналасу деңгейі дұрыс.Жауырындар кеудеге толығымен жанасады.Бұғанаусті мен бұғанаасты шұңқырлар айқындалған.Қабырғалар қиғаш орналасқан. Көмекші бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуы : қатыспайды Тыныс алу түрі:кеуделік,тыныс алу ырғағы дұрыс. Тыныс алу жиілігі:минутына 18рет. Кеуде пальпациясы: ауырсыну байқалмайды, дауыстың дірілдегені күшеймейді, кеуденің екі бөлігінде де симметриялы. Серпімділігі сақталған. Салыстырмалы перкуссиясы:өкпенің алдыңғы,бүйір,артқы бөліктерінің симметриялы аймақтарында перкуторлық дыбыс бірдей,ашық өкпелік. Топографиялық перкуссиясы: өкпенің жоғарғы шекаралары алдыңғы жағынан бұғана үстінде 4 см жоғары, артынан - 7 мойын омыртқасының қылқан өсіндісі деңгейінде. Крениг алаңының көлденең ені - 5 см-ден. Оң өкпенің төменгі шекаралары : 1. Linia parasternalis - VI қабырғаның жоғарғы жиегі 2. Linia medioclavicularis - VI қабырғааралық 3. Linia axillaris anterior - VII қабырға 4. Linia axillaris media - VIII қабырға 5. Linia axillaris posterior - IX қабырға 6. Linia scapularis - X қабырға 7. Linia paravertebralis – 11 кеуде омыртқаның қылқан өсіндісі
Сол өкпенің төменгі шекаралары: 1. Linia axillaris anterior - VII қабырға 2. Linia axillaris media - VIII қабырға 3. Linia axillaris posterior - IX қабырға 4. Linia scapularis - X қабырға 5. Linia paravertebralis – 11 кеуде омыртқаның қылқан өсіндісі Өкпенің төменгі жиектерінің қозғалғыштығы оң жақ өкпе үшін қалыпты: 1. Linia axilaris медиасы бойынша дем алғанда – 3см, дем шығару – 3см 2. Linea scapularis бойынша дем алғанда- 2см, дем шығару кезінде – 2см Сол жақ өкпе үшін: 1. Linia axilaris медиасы бойынша дем алғанда – 3см, дем шығару – 3см 2. Linea scapularis бойынша дем алғанда- 2см, дем шығару кезінде – 2см Аускультациясы:өкпеден везикулярлы тыныс анықталады.Қосымша тыныс шуылдары жоқ.Бронхофония өзгермеген. Жүрек – қантамыр жүйесі Жүрек аймағын қарап тексеру және пальпациясы: бөртпелер жоқ, жүрек пен эпигастрий аймағында көзге көрінетін пульсация жоқ.Жүрек ұшы түрткісі 5 қабырғааралықта, сол жақ mediclavicularis сызығынан 1,5 см ішке анықталады,көлемі 1см,күшеймеген.Жүрек аймағының “Мысық пырылы” тәрізді дірілдеуі анықталған жоқ. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекаралары нормаға сәйкес келеді: - оң жақ шекара – 4 қабырғааралықта,төс сүйегінің оң жақ шетінен 1 см оңға қарай - жоғарғы шекара -3 қабырғааралықта parasternalis sinistra - сол жақ шекара – 5 қабырғааралықта, mediaclavicularis sinistra сызығынан 1 см солға қарай. Жүректің абсолютты тұйықтығының шекаралары қалыпты: - оң жақ шекара – 4 қабырғааралықта төстің сол жақ жиегінен - жоғарғы шекара-4 қабырға деңгейінде - сол жақ шекара – салыстырмалы тұйықтығының шекарасынан 2 см ішке қарай. Салыстырмалы тұйықтығының көлденең ені 11 см құрайды. Қан тамыр шоғырының шекаралары 2 қабырғааралықта,төс жиектерінен шықпайды,көлденең ені – 5,5 см. Аускультациясы:жүректің тондарының жалпы сипаттамасы: ырғақты,дұрыс.1тон жүрек ұшы түрткісі мен ұйқы артериясының соғуына сәйкес,ұзақ үзілістен кейін келеді,2тоннан күшті,ұзақтау және төмендеу.2тон өкпе артериясы мен қолқадан 1 тоннан күшті,қысқа үзілістен кейін естіледі.Қосымша дыбыстар,қосарлану және митральды қақпақшаның ашылу тырсылы естілмейді.АҚ 120/80 мм.с.б. Білезік артерияларындағы артериялық пульс:екі қолында пульс бірдей,ырғақты,жиілігі 78рет минутына.Пульс тапшылығы жоқ.Кернелуі-қалыпты;толықтығы-қанағаттанарлық;пішіні-қалыпты.
|
|||
|