|
|||||
Төл-құжат бөлімі.Стр 1 из 4Следующая ⇒
Төл-құжат бөлімі. Науқастың аты-жөні:Есжанова К.Т Жынысы:әйел. Жасы:35ж. Мамандығы : мұғалім Мекен жайы:Алматы қаласы,Сейфуллина 78а Стационарға түскен күні: 03/04/2020 Клиникалық диагноз: Нефротикалық синдром. Шығарылған күні: 13/04/2020
Шағымдары Науқас бел аймағындағы ауырсынуға, аяқтарының және бетінің ісінуіне, жалпы әлсіздікке, физикалық күш түскенде ауырсыну сезіміне, жүрек айну, бас ауруы,бас айналу, тәбетінің төмендеуіне шағымданады.
Anamnesis morbi Науқас алғаш рет 3 жыл бұрын ауырған, диагноз қойылғанда - созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдром. 2017 жылы науқастың жағдайы күрт нашарлады,аяқтарындағы ісіну, физикалық жаттығулар кезінде бел аймағының ауырсыну сезіміне, тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, құсу пайда болды. Науқас жедел жәрдеммен № 4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, онда диагноз расталды.Стационарлық және амбулаторлық ем тағайындалды.3 сәуір 2020жылы науқаста асқынуы басталып, ауруханаға жатқызылды.
Anamnesis vitae Бірінші жүктіліктен,бірінші баласы болып туылған.Туылуы және дамуы қалыпты. Жыныстық, нейропсихикалық, физикалық дамуы жасына сәйкес келді. Вирусты гепатит, безгек, жыныстық жолмен берілетін аурулар, туберкулез ауруларын жоққа шығарады. Жиі тыныс жолдарының инфекциясымен ауырған.Мектепке 7жасынан барған,22жасында жұмыс істеп бастаған. Ешқандай жарақат алған жоқ, шок болған жоқ. Жанұялық жағдайы-тұрмысқа шыққан,2 баласы бар.Жүктілік пен босануы асқынусыз болған.Түсік пен аборт болмаған.Менструациясы 13 жасында басталып,уақытылы,ауырсынусыз болған.Ата-анасында,жақын туысқандарында туберкулез, мерез, психикалық ауру, қатерлі аурулар, алкоголизм жоқ. Тұрғын үй жағдайы қанағаттанарлық, тұрақты тамақтанады.Тұқымқуалайтын ауруы жоқ.Аллергия жоқ.Кейінгі 6 айда қан құйылмаған. 2007 жылдан бастап ол мұғалім болып жұмыс істей бастады.Жұмысы психикалық күйзеліске байланысты. Денсаулығына байланысты жұмысынан үзілістер болмаған.Алкогольді , есірткі пайдаланбайды.
|
|||||
|