Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Биохимиялық қан анализі



Биохимиялық қан анализі

 

Белок 78,4  г/л

Мочевина=5,6

Креатинин = 80,4

Глюкоза =8  ммоль/л

Билирубин общий= 11,8 мкмоль/л

     АЛТ 22

АСТ 32

Тропонин – теріс

Қорытынды:Гипергликемиялық синдром

 

 

Бас миы КТ

Қорытындысы:Жарақаттан кейінгі энцефалопатия . Оң жақ маңдай сүйегінің дефектісі

                      

 Клиникалық( қорытынды) диагнозды негіздеу

Науқастың шағымдары негізінде:Жүрек тұсындағы сыздап ауру сезімі, тілі күрмелуі, бас ауруы, бас айналуы,

жалпы ілсіздік.

Ауру анамнезінен:жол жүргеннен кейін бетінің ассиметриялылығы байқалған. Сол күні сөйлеу қабілеттілігі бұзылып, тілі күрмелген. Соған байланысты жедел жәрдем шақырған. Содан кейін Алматы көп салалы клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне келіп түсті. Осында дәрігермен қарап тексеру жүргізілді. Алғашқы көмек көрсетілді. Натрий изотоникалық ерітіндісін көктамырға жіберді. ЭКГ жасалды. Қан- тамырларының ангиоспазмымен көрінетін жарақаттан кейінгі энцефалопатия диагнозы қойылды.

Өмір анамнезінен: Бала кезінде ешқандай аурумен ауырмаған. Туберкулез, тері аурулары, вирусты гепатитпен ауырмаған. Темекі шекпейді, ерекше жағдайларда алкаголь ішеді. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Қан құйылу болмаған.  5 жасында ат тебу нәтижесінде маңдайынан жарақат алған.Дәрілік препараттарға және тағамдарға аллергиясы жоқ.

 

Обьективті тексеру мәліметтері негізінде:

Жалпы жағдайы орташа ауыр дәрежеде, есі анық, тері жабындылары таза, түсі қалыпты, қасыну іздері жоқ. Дене бітімі нормостеникалық. Перифериялық лимфа түйндері ұлғаймаған. Патологиялық ісінулер жоқ. Мұрынмен тыныс алуы қиындықсыз, біркелкі. ТАЖ минутына 17рет. Тыныс алу типі кеуделік, тыныста тыныс алу бұлшық еттері бірдей симетриялы қатысады. Аускультацияда өкпе үстінен қалыпты везикулярлы дыбыс естіледі, патологиялық дыбыстар жоқ. Аускультацияда жүрек тондары  әлсіреген,ырғақсыз. Аортада II тон акценті. Систолалы шу ,шоқырақ ырғағы естілмейді.Мойын тамырлары мен қолтық асты аймағына берілмейді. ЖСЖ 72 рет. АҚ 140/90мм.с.б, тілі таза . Ауыз қуысында жағымсыз иіс жок. Беткей пальпацияда іші жұмсақ, эпигастральды аймақта ауыру сезімі жоқ. Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.