Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Status praesens (Науқасты жалпы қарау)



Status praesens (Науқасты жалпы қарау)

Жалпы жағдайы :Орташа ауыр дәрежеде

Ақыл есі:анық

Төсектегі қалпы:белсенді

Дене температурасы:36,5 С

Дене бітімі:нормостеник

Денесінің терісі: терісі таза түсі қалыпты

 

Тыныс алу жүйесі:Мұрынмен тыныс алуы қиындықсыз, біркелкі. ТАЖ минутына 17рет. Тыныс алу типі кеуделік, тыныста тыныс алу бұлшық еттері бірдей симетриялы қатысады. Аускультацияда өкпе үстінен қалыпты везикулярлы дыбыс естіледі, патологиялық дыбыстар жоқ.

Пальпация :

а) кеуде серпіміділігі сақталған .

б) дауыс дірілі симметриялық аймақтарда әлсіздеген .

 Перкуссия :

Салыстырмалы перкуссия: екі өкпенің де беткей жақтарында тұйықталған перкуторлық дыбыс естіледі

                       Топографиялық перкуссия .

 

1. Өкпе ұштарының биіктігі :

 

    Оң жақта   Сол жақта  
  Алдынан

 

Бұғана үстінен 4 см.

  Артынан

 

7-ші мойын омыртқасы деңгейінде

 

 

2.Крениг алаңы :

Оң және сол жақта - 5 см

 

3. Оң өкпенің төменгі шекаралары :

 

Төс маңы сызығы бойымен 6 – шы қабырғаның жоғарғы қыры
Бұғана ортаңғы сызығы бойымен 6 – шы қабырғаның төменгі қыры
Алдыңғы қолтық асты сызығы 6 – шы кабырға аралық
Ортаңғы қолтық асты сызығы 7 – ші қабырға
Артқы қолтық асты сызығы 8 – ші қабырға
Жауырын сызығы бойымен 9 – шы қабырға
Жота маңы сызығы бойымен 10 – шы кеуде омыртқаның   өстік өсіндісінің деңгейі .

 

4. Сол өкпенің төменгі шекаралары :

 

Алдыңғы қолтық асты сызығы 6 – шы қабырға аралық
Ортаңғы қолтық асты сызығы 7- ші қабырға
Артқы қолтық асты сызығы 8 – ші қабырға
Жауырын сызығы бойымен 9 – шы қабырға
Жота маңы сызығы бойымен 10 – шы кеуде омыртқаның өстік өсіндісі деңгейінде

 

 

Жүрек – қан тамыр жүйесі:

Шағымдары: жүрек аймағындағы сыздаған тәрізді өзінен –өзі басылатын ауыру сезімі.

Қарап-тексергенде:мойынды қарау кезінде көк тамырлардың және артериялардың жағдайы қалыпты,дерттік соғуы жоқ. Жүрек тұсын қарау және пальпация :

     а) жүрек аймағында дөңестік жоқ .

     б) жүрек ұшының түрткісі анықталады

     в) жүрек аймағында діріл байқалмайды .                                                                                                      

 Перкуссия :

Салыстырмалы тұйықтық шекаралары .

1 . Оң шекарасы - оң – 4 – қабырға аралықта төстің оң қырынан 1,5 см сыртқа .

2 . Жоғарғы - 3 – қабырға деңгейінде (төс сызығы мен төс маңы сызығының ортасында )

3 . Сол шекарасы – сол – 5 қабырғада сол бұғана ортаңғы сызығынан 1,2 см сыртқа.

 

Абсолюттік тұйықтық шекаралары .

1 . Оң - төстің сол қыры 4 қабырға аралықта .

2 . Сол - салыстырмалы тұйықтығының сол жақ шекарасынан 1 см ішке қарай 6 қабырғада 

3 . Жоғарғы – төстің сол қыры 4 қабырға .

 

 Аускультация :

а) жүрек тондары – әлсіреген,ырғақсыз. Аортада II тон акценті. Систолалы шу ,шоқырақ ырғағы естілмейді.Мойын тамырлары мен қолтық асты аймағына берілмейді.

б) Артериялық қысым – 140/90 мм с.б.б.

в) Ірі артериялардың аускультациясында шулар байқалмады. Пульс жоғары және төменгі аймақтарда,және де самай және ұйқы артерияларында пальпацияланады. Пульс:72рет/мин. АҚ 140/90мм.с.б

 

Асқорыту жүйесі:Тілі ылғалды , ақ жабындымен жабылған. Ауыз қуысында жағымсыз иіс жок. Беткей пальпацияда іші жұмсақ,   эпигастральды аймақта ауыру сезімі жоқ . Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған.

Эндокриндік жүйе:Пальпацияда қалқанша безі қалыпты.

Лимфа түйіндері :түйіндер көлемі өзгермеген , біркелкі таралған ,    ауырсынусыз , айналасындағы тінмен жанаспаған .

Бұлшық еттері :жетілу деңгейі өте жақсы , тонусы қалыпты , ауырсыну сезімі жоқ .

Сүйектері буын жүйесі :буындардың үйлесімі, қозғалған кезде

ауырсыну сезімі жоқ.

Несеп бөлу жүйесі:Зәр шығару қалыпты. Бел аймағында ауру сезімі жоқ. Бүйректер пальпация әдісімен анықталады . Ұрғылау симптомы екі жақта да теріс.

Жүйке жүйесі және психикалық жағдайы: Есі анық , сөзі     өзгермеген .Сезгішітігі сақталған . Жүрісі қалыпты. Көз алмасының, қарашықтардың жағдайы қалыпты және жарыққа сезгіштігі сақталған.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.