Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Желдеткіштің тасымалдануы мен сақталуы



1.3 Желдеткіштің тасымалдануы мен сақталуы

 

Желдеткіш қондырғыларын жиналған күйде тасымалдайды. Оларды дымқылдан қорғалған, жабық бөлмелерде сақтау керек.

Егер ұзақ уақыт сақтау керек болса, онда 6 айда бір рет қорабын тексереді және бұзылған болса, қайта қалпына келтіреді.

Бөлмеге ауаны берместен бұрын, желдеткіш қондырғысы түрлі өңдеу кезеңдерінен өтеді: қыздару; суыту мен ылғалдату.

Кондиционерлік жүйе орталықтандырылған және жергілікті болып бөлінеді. Орталықтандырылған жүйеде жылу және ылғалдылықтың көздері бір қондырғыда орналасады, ал өңделген ауа бірнеше бөлмелерге тартылады. Жергілікті жүйеде желдеткіштер қызмет көрсетілетін әрбір бөлмеде орнатылады.

 


2 АРНАЙЫ БӨЛІМ

2.1 Өндіріс желдеткіштерінің жұмыс тәртібі және мінездемелері

 

Өндіріс желдеткіштерінің жұмыс істеу тәртібін реттеу қажеттілігінің себебі цех ішіндегі аэрогазды жағдайдың үзіліссіз өзгеруі және берілген желдету тәртібінің жүмысын іске асыру болып табылады.

Желдету құрылғыны жобалағанда электр қозғаушы күшінің жоғары шамасын, аумағында жұмыс істейтін желдеткіш тоғынанан алуға тырысады. Бұл шартты көптеген жағдайда жүзеге асыру мүмкін емес болады, өйткені желдету тәртібі айнымалы.

Соңғы жылдарда ТМД және шет елдерде электронды реттелетін деп аталатын ортадан тепкіш желдеткіштердің құрылуы жайлы жұмыстар жүріп жатыр. Ол желдеткіштердің тиімді жұмыс істеу шегінің кеңейуіне мүмкіндік береді. Мұндай желдеткіштің әр қалақшасында қозғалыссыз кіріс және соңғы бөлігі айнымалы – жапқышы бар.

Жапқыштың айналуы тоқтатылған,ол желдеткіш жүрген кезінде арнайы механизм көмегімен орындалуы мүмкін. Ортаға тепкіш желдеткіштердің жапқыш қалақшасының айналуы немесе осьті желдеткіштердің өз қалақшасының айналуының реттеу әдісінің ортақ кемшілігі: айналу механизмі ылғалды, шаңды және көбіне цех ауасының зиянды қоспасы бар аймағында орналасуында. Бұл коррозияға, механизмінің сынауына және оперативті реттеу мүмкіндігінің жойылуына әкеп соқтырады.

Алдыңғы шет ел фирмалары «Бабаген» (ФРГ), «Рото» (Франция), «Кардан» (Дания), «Иит – шуй» (Япония) және басқалары дәл осы уақытша қондырғыны,яғни жұмыс істеу дөңгелегінің қалақшасының бұрышы бір қалыпты реттелетін осьті желдеткіштер шығаруда.

Шет ел фирмалары осьті желдеткіштердің жұмыс істеу дөңгелегінің қалақшасы бір мезгілде айналу құрылысына, ал ортаға тепкіш желдеткіштің – жапқыштарды айналдыру құрылғысын кеңінен  қолданылу жолында.

Отандық желдеткіш қондырғылары жобаланғанда, желдеткіштің электр қозғалтқыш жетегінің қуаты және айналу жиілігі, сол желдеткіш түріне, максималды шамаларымен қабылданады, ал желдеткіш пен жетектің қосылуы – тікелей.

Сол себепті желдеткіштің айналу жиілігін жетекші қозғалтқышпен ауыстыру әдісін қолдану сирек кездесетін. Соңғы жылдарда отандық басты желдету, желдеткіштерді қысым және жіберу үрдісін реттеуді бір қалыпты өзгерту кең көлемде таратылуда.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.