Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





КІРІСПЕ. ЖАЛПЫ БӨЛІМ



КІРІСПЕ

 

Қазіргі заманғы кәсіпорын, зауыттар, кеніштер өнімдерінің сапалы болуы өндіріс қалдықтарының аз болуымен, табыстылығымен, қондырғы түрлерімен, техникалық жағдайымен және экологияға әсерімен ерекшеленеді.

Өндірістік цехтарда жұмыстар орындау барысында жер асты кемелерінде әртүрлі зиянды бөліністер бөлінеді (газдар, шаң, ылғалдық және тағы басқа). Олар цех атмосферасын нашарлатады,өндірістік үрдісті тежейді. Ал мұндай жағдайлар өндіріс орындарындағы санитарлы гигиеналық деңгейді төмендетіп, жұмысшылардың жұмыс жасау мүмкіндігіне кедергі келтіреді немесе апатты жағдайлар туғызады. Бұл өндірістік цехтардың технико–экономикалық жағдайына елеулі әсер етеді.

Сондықтан өндіріс орындарында жұмыстарды атқару барысында жұмысшыларға тиімді жағдай туғызуы үшін  арнайы жабдықталған желдеткіш жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Мұнда әр жұмыс бөлімшелерінде жергілікті желдеткіш жүйелері орнатылады. Ал әр цехтың негізі желдеткіш жүйелері бас желдеткіш қондырғыларымен байланыстырылады.

Автоматтандырылған жүйелі басқару тәсілімен негізгі цехтарды  желдеткенде қауіпсіздік жағдайы артады. Бөлінген газдарды шоғырлау және оны уақытылы тазалау өнім өндірудің технологиялық тәсілінде нәтижелі жұмыс істеу мүмкіндігін туғызады. Зауыттарда, шахталарда, кеніштерде желдету бас желдеткіш қондырғылары арқылы желдетіледі.

Цехтардагы ауаның ағысты аумақтарындағы улы газдардың мөлшері 2,5% аспауы керек. Жоғарыда аталған талаптарды орындау үшін желдеткіштер орындайтын технологиялық жұмыстардың жоғары деңгейде механикаландыруы және технологиялық негізідердің автоматтандырылуы керек. Пайдалы қазбаларды өндеуші кәсіпорындардың негізгі мәселесі болып, жұмыстардың қауіпсіздігін басқару және бақылау болып табылады.

Қазіргі кезде аэрогазды бақылау және қорғаныс жүйесіне,телеөлшеуіш, теледыбыстау,телебасқару және шахталы автоматиканы басқарудың ,бақылаудың барлық мәселелерін орындауды қамтамасыз ету енгізіліп және өңделді. Өндірістік ақпаратты басқарушы жүйелер көмегімен өндірісті басқарудың жоғарғы сапалы тиімділігіне жетуге мүмкіндіктердің болмауынан, қызмет көрсетуші ішкі цехтарда жүйелерді дамыту және жаңарту мәселелері пайда бола бастады. Жаңартудың негізі мәселелеріне жататындар:

- техникалық базалық жүйенің өзгеруін қажетті талаптарда жүзеге асыру;

-  автоматиканың және жүйелі–диспетчерлік басқару арқылы, аэрогазды бақылау;

- қорғаныс жүйелерінің негізгі функцияларын жүзеге асырушы техникалық құралдар құрамын өзгерту;

- апатты жағдайда нақтылы шешімдерді қабылдайтын қызметшілерді керекті ақпаратпен қамтамасыз ету

-қауіпті геодинамикалық құбылыстар жайлы  ақпаратты және мәліметтерді жинақтау мүмкіндіктерінің болуы.


1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.