Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





жж. ашаршылық. Ашаршылықтың демографиялық салдары



9) Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: халық қасіреті. Қазақтардың өзге елдерге миграциясы. «Бесеудің хаты». Т.Рысқұловтың И.Сталинге хаты.

Қазақстанда ХХ ғасырдың 20-жылдарының аяғы мен 30-жылдардың басында БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің кезекті іс-əрекеттері ауылшаруашылық саласында «Ауылдағы партияның саясаты – бай-кулактарды тап ретінде жою жəне ұжымдастыру» деген ұранмен басталды. Көшпелі шаруашылық-мəдени қызметтің күрделі түрі ретінде, өзінің əлеуметтік ұйымдастырылуымен жəне көпдеңгейлі жүйелілік байланыстар кешенімен отырықшылық негізіндегі кеңестендіру үдерісіне дайын болмады. Соған қарамастан, астық дайындау науқанын көшпелі жəне жартылай көшпелі мал шаруашылығына пайдаланылатын жерлерді тартып алу арқылы іске асыру ұсынылды. 1931 жылы қыркүйекте БК(б)П Қазөлкелік комитеті мал шаруашылықты аудандарға міндеттер жүктеді: «ұжымдастыруды барынша жеделдету» жəне ТОЗ-ды айналып өтіп, қазақ ауылына колхоз құрылысының негізгі түрі ретіндегі ауыл шаруашылығы артелдерін енгізу. Колхоз құрылысын құрудағы қысым көрсету, қауіп төндіру, үркітіп-қорқыту, тəркілеу əдістерін қолдану «едəуір» нəтижелерін берді. Егер 1930 жылы республика бойынша колхоздар саны 7 мыңды құраса, оның 2 мыңнан астамы жайылымдық жерлерге орналасты. 1931 жылдың 1 маусымына қарай мал өсіретін шаруа қожалықтарында оның жалпы санының 44,1 пайызы ұжымдастырылды. Осылайша, жаппай күштеп отырықшыландыру үдерісі Қазақстанның халық шаруашылығын бұзу арқылы өндірісті ұйымдастыру қағидаларын (жайылымдарға қысым жасау, жайылымдардың қаңырап бос қалуы, қуаңшылықтың кеңінен өрістеуі) түбегейлі өзгертіп жіберді. Мұрағаттық құжаттар 1929–1934 жылдардағы ашаршылық пен сталиндік ұжымдастыру арасындағы сабақтастықты дəлелдейтін бұлтартпас айғақ. Дəл оның КСРО-да белең алуы 1932–1933 жылдардағы азық-түлік дағдарысын шарықтау шегіне жеткізді. 1929 жылдың аяғы мен 1930 жылдың басындағы жаппай ұжымдастыру кезінде аймақтардағы ашаршылық жəне оның салдарынан өлім-жітімнің көбейгені тіркелген. Оған 1929 жылы ауылдық жерлерде күштеп астық дайындау себепші болды. Олар елді индустрияландыруды жүзеге асыруға негіздер іздеген сталиндік басшылық бағытының тікелей нəтижесі еді. Ауыл шаруашылығы саласындағы большевиктік тəжірибе сəтсіз аяқталды, идеялық басшылары болса оның қайғылы салдары үшін бүкіл жауапкершілікті кеңестік биліктен ең көп жапа шегіп, ұрып-соғу мен қуғынға ұшыраған шаруалардың мойнына арта салды.

Осы жүргізілген қысымдарға шыдамаған қазақтар Жайық бойына, Солтүстік Кавказға, Оралға, Сібірге, Алтай мен Орталық Азияға көшуге мәжбүр болды. Жүз мыңға жуық қожалық Моңғолияға,Қытайға (Бір ғана Шыңжанға 70 мың қожалық көшкен), Ауғанстанға, Иран мен Түркияға жер ауған. Тек қана Қытайға 1930-1933 жж. 1 млн 300 мың адам көшіп кеткен.

Бесеудің хаты - Көрнекті қазақ мәдениетінің қайраткерлері жазған «Бесеудің хаты» Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Хатта еріктіліктің лениндік қағидаттарының бұзылуы, ауылдың ерекшеліктерінің ескерілмеуі, байлармен бірге орташалардың жойылуы айтылады. Хатта еріктіліктің лениндік қағидатының бұзылғандығы, ауылдың ерекшелігінің ескерілмегендігі, орташалар мен байлардың жойылғандығы туралы айтылады. Сонымен қоса, олар Голощекинді ұжымдастыруды өткізу бойынша партияның басты бағытын бұрмалады, мал шаруашылығын дамытуға деген халықтың ынтасын жойды, бұл мал шаруашылығына деген жиіркеніштің тууына себепші болды деп айыптады. Хаттың авторлары бәрі де Коммунистік партияның мүшелері болатын. Осы жағдайды ескере отырып, хатқа осы қадамның мотивін түсіндірген қысқаша ғана жазба қосылды: «Осы сұрақты қоюшылар, ешбір жағдайда да «ренжіген» адамдар болып табылмайды, сондай-ақ олар мансапты да аңсаушылар емес. .. Біздің жалғыз ғана мақсатымыз – біздің партиямыздың басты қаруы болып табылатын партиялық демократия аясында және өзін-өзі сынау тәртібінде Өлкелік комитетке өзімізді толғандырып жүрген сұрақтарды большевиктер сияқты тура қоя отырып, жекелеген маңызды олқылықтарды көрсетіп, Қазақстанда социализмді құруға көмектесу. Сондықтан да біздің сұрақтарымызға, оларға орташа партия белсенділерінен шыққан ұсыныс ретінде қарап, Сіз жауап береді деп үміттенеміз. Өкінішке орай, шығармашыл зиялылардың сөздері ұлтшылдықтың көрінісі, байшылдықты аңсау ретінде қабылданды. Хат авторлары ұлтшыл, байлардың мүдделерін қорғаушылар ретінде айыпталды. Оларға партиядан шығарамыз, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытты. Өлкелік комитет хатпен танысқаннан кейін, оның авторларына көрсетілген психологиялық қысым олар үшін ауыр сын болды.

Авторлары – Ғ. Мүсірепов, Қ. Қуанышев, М. Ғатауллин, Е. Алтынбеков, М. Дәулетқалиев.

1933 жылдың наурызында Т. Рысқұлов осы туралы Сталинге хат жазады: «Сізден, осы жазбамен танысуыңызды және осы іске араласып, аштықтан өлім аузында жатқан көптеген халықтың өмірін арашалап қалуыңызды сұраймын». Хатта республикадан тыс жерлердегі қазақтардың саны туралы мәлімет келтіріледі: Орта Волгада – 40 мың адам, Қырғызстанда – 100 мың адам, Батыс Сібірде – 50 мың адам, Қарақалпақстанда – 20 мың адам, Орта Азияда – 30 мың адам, көшпенділер тіпті Калмыкия, Тәжікстан, Солтүстік өлке сияқты шет жерлерге дейін шығып кетті, халықтың бір бөлуге Батыс Қытайға қоныс аударды. Хатта елді жайлаған қасіреттің ауқымы туралы мәліметтер келтіріледі: 1930 жылы Ақтөбе облысында 1 012 500 адам тұрды, 1932 жылы 725800 адам қалды (немесе 7%); Қызылорда облысындағы ауылсоветтердің көпшілігінде 15 – 20 % ғана халық қалды; Балқаш ауданындағы 60 мың адамның 12 мыңы көшіп кеткен, 32 мыңы қайтыс болған, қалғаны 12 мың адам.

10) 1931-1933 жж. ашаршылық. Ашаршылықтың демографиялық салдары

Ф. И. Голощекин 1925 ж. күзде Қазақстанға келісімен, көп ұзамай бұл өлкеде Ұлы Қазан төңкерісінің лебі жетпегенін, оның ауылға соқпай өткенін «дәлелдеп» жанталасты. Зұлматқа ұрындырған теориясымағын жүзеге асыруды ол қазақ ауылдарынан бастаған болатын. «Асыра сілтеу болмасы, аша тұяқ қалмасын» деген сол кездегі ұранынан көрініп тұрғанындай қазақ ауылдары ішерге асы, айдарға малы қалмай, әлдісі жер-жерге босып, әлсізі тұрған жерінде тұяқ серперге қауқарсыз шамада қырыла бастады. Қазақ елі «Кіші Қазан» бағытын жүргізуден туындаған аштықтан, індеттен 2 млн 200 мың адамынан , яғни барлық қазақ халқының 49 % айырылды. 1930 жылы аштықтан 313 мың адам, 1931 жылы – 755 мың, 1932 жылы – 769 мың адам қайтыс болды. Ауыл халқының 40 % (1 млн 750 мың) ашаршылықтан өлді.

Ұлт зиялысы М. Тынышбаевтың есебі бойынша «Қазақстанда 1917 жылы 2 910 000 қазақ өмір сүрген болса, ал М.Г. Сириустың 1924 жылғы жүргізген санағы бойынша қазақтар саны 1965 443 әрең жетіп жығылған» — деген мәліметтер көрсетілген [1, 260 б.]. Ал, белгілі демограф—ғалым М. Тәтімовтің есептеуінше "1931–1933 жж. ашаршылық Қазақстанда өмір сүрген 2,5 млн адамның, соның ішінде 2,3 млн қазақтардың және 200 мың келімсектердің қайтыс болғаны анықталды. Отырықшы келімсектер арасында аштықтан өлгендер 10%—ға жетсе, көшпенді қазақтар арасында бұл көрсеткіш 52—53%—тен асып кеткен. Осыдан 17–18% жергілікті тұрғындардың Қазақстаннан біржола көшіп кеткен"—деген мәліметтерді есепке алсақ, қазақ халқының саны өз жерінде осы кезеңде 70% дейін кемігені көрінеді [2, 17 б.] Бұл деректер осыған дейін жарияланған мәліметтердің орташа есебімен сәйкес келеді. Тағы бір естелігінде ағамыз М. Тәтімов: «1879, 1926, 1939 жылдардағы халық санағының нәтижелері жөніндегі мәліметтерді қолға түсіріргенмін. Көзімнің жеткені — 1939 жылғы санақта қазақ халқының санын айтарлықтай асырып жазғандығын аңғардым. Сонда, озбыр саясат «орыс емес» ұлттарды аяусыз қырып—жойғандығын жасырып қалғысы келген«,— деп пайымдаған болатын. 1879 жылғы санақта қазақтар 5 млн. болса, арада 42 жыл өткен соң 1939 жылғы санақта қазақтар 2 млн. 300 мың болды. Яғни екі есе азайды. Осыған қарап отырып, 42 жылда қазақтар азамат соғысы, байларды кәмпескелеу, жаппай колхоздастыру, 1932–33 жылдардағы аштық, 1937–38 жылдардағы репрессия салдарынан миллиондаған адамынан айрылған деуге әбден болады. Осы екі санақ арасында орыстар — 30, өзбектер — 24, қырғыздар — 16 пайызға көбейсе, қазақтар — 22 пайызға, украиндықтар — 21 пайызға кеміген. Қазақстандық тарихшы А.Н. Алексеенконың еңбектері Қазақстандағы ауыл тұрғындарының табиғи және көші—қон қозғалысын, халық санының өсу динамикасы және оның ұлттық құрамын зерттеуге арналған. Көптеген мұрағат деректері мен жарияланған материалдары негізінде ауыл тұрғындарының негізгі даму бағыттары анықталады. Сол сияқты 1920–1930 жылдардағы ашаршылық және оның демографиялық зардаптары, жаппай қоныс аудару, көші—қон, 1930–1940 жылдардағы қуғын—сүргінге ұшыраған халықтардың жер аударылуы мәселелер қарастырылған Яғни, бұл ғалымның зерттеуі бойынша әртүрлі есептеулер мен түзетулерге сүйенгенде, 1930—шы жылдарғы қазақ халқының аштан қырылуы 1 миллион 840 мың немесе қазақтың 47,3 пайызы құрайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.