Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Азаматтық соғыс кезіндегі (1918-1920 жж) «әскери коммунизм» саясаты. Азық-түлік салғырты.



 

3) Қазақстанның экономикалық жүйесіндегі кеңес билігінің алғашқы қадамдары. Ұлттандыру. Кооперация. Қызметтік бақылау.

Ұлттандыру  

Патшалық отаршылдық ұлт саясатын ұлт аралық қайшылықтар мен араздықтар саясатын жою жөнінде бірқатар шұғыл шаралар белгіленді. Жергілікті кеңестер жанынан қазақ және орыс халықтарының арасындағы өзара қатынастарды реттеу жөніндегі комитеттер құрылды. Верный кеңесі Тоқаш Бокинді Орыс-қазақ қатынастарын реттеу жөніндегі комиссардың орынбасары етіп сайлады. Кеңес үкіметінің ұлт саясатын жүзеге асыра отырып, Бокин жергілікті кеңестердің «бір ұлттың екінші ұлт жөніндегі қуғындау мен кек алуын тоқтатуға қолдан келген шаралардың бәрін қолданылды, барлық еңбекші бұқараны біртұтас етіп біріктіріп, өзгенің еңбегімен тіршілік ететін арамтамақтардан бөлуді» талап етті.

Қазақ еңбекшілері Кеңес үкіметінің ұлт мәселесі жөніндегі тарихи шешімдерін бірауыздан мақұлдап жергілікті кеңестердің жұмысына белсене қатыса бастады.

Кооперация

Экономикалық саясат саласында табанды ізденістер жүргізіліп жатты. Онда ақшасыз тауар айырбасы жетекші орын алды. 1918 жылдың көктемінде Семей, Ақмола облыстарында көтерме бөлшек сауда жойылып, оның міндеттері азық-түлік комитетіне берілді. Азық-түлік халық комиссариатының есептеу-бөлу органы кооперация түрінде болды. Торғай облыстық кеңестер съезі (1918 жылғы наурыз айы) «Базарларда, көшелерде, халық көп жиналған жерлерде және жеке пәтерлерде жекеше сауданың қандайына болса да тыйым салынады, оны орындамағандары үшін – тауарлары кәмпескеленеді, кінәлі адамдар зорлап жұмыс істеуге жіберіледі» деп қаулы етті. Халық шаруашылығы негізіне теңдей бөлу ұстанымын алған әскер – коммунисттік саясат белгілері пайда болу, жеке меншікті жою әдісі енгізілді.

Қызметтік бақылау

Кеңес үкіметі өлкедегі ірі өнеркәсіпті, банктерді, тасымал жолдарын мемлекет қарамағына алды. Кәсіп орында сегіз сағаттық, шахталар мен кеніштерді алты сағаттық жұмыс күні енгізілді. Капиталисттер мен патша шенеуніктерінің иелігіндегі 3,5 млн десятина жер кедей шаруаларға бөлініп берілді.

4) Азаматтық соғыс кезіндегі (1918-1920 жж) «әскери коммунизм» саясаты. Азық-түлік салғырты.

Азамат соғысы мен шетелдік әскери интервенция жаңа қоғамдық-саяси жағдайды туындатып, әскери коммунизм саясатын жүргізуге алып келді. Азамат соғысы жылдарында Ресейде «әскери коммунизм» саясаты жүргізілді. 1919 жылы астық монополиясына азық-түлік салғырты енгізілді. Бұл саясат бойынша азық-түлік салғырты немесе басы артық астықты өкіметке өткізу және жаппай еңбек ету міндеттелді. Қалалардағы өнеркәсіп орындарында жұмысшылар ақысыз еңбек етіп, тегін азық-түлік, тегін көлікті пайдаланды. Астық саудасына тыйым салынды. Әскери коммунизм саясаты барлық қаржы, шаруашылық салаларын мемлекет меншігіне алды. Нарықтық қатынастарды толық оқшаулау, экономикалық мүдделер мен ынталандырудың орнына экономикадан тыс директивалы-бөлу жүйесін енгізуге үміт артылды. Ақшалай жалақының орнына коммуналдық қызмет, транспорт т.б. үшін карточкалық «паек» берілді. Киім, аяқ киіммен «паектік» қамтамасыз ету енгізілді.

«Әскери коммунизм» деген түсінігінің өзі көп жайдан хабардар етеді. Бұл саясат жоғарыдан тізеге салу арқылы социализмге бірақ жетуге болады деген қиялдан туындаған. Экономикалық тұрғыдан бұл идея азық-түлік салғыртын жүргізуден көрінді.

«Әскери коммунизм» саясатының салдары мынадай болды: большевиктер өз еркімен саясаттан бас тартқан жоқ керісінше шаруалар өздерінің антикоммунисттік көтерілістері арқылы бұл саясаттан бас тартуға мәжбүр етті; өнеркәсіпті анархия жайлады; шаруашылық жүйесі дамудың ынталандыру тұтқаларынан айырылды; еңбек барысы соғыс мұқтажына барынша қауырт жұмылдырылды; еңбекшілердің өз еңбегінің нәтижелеріне сенімсіздік көзқарасы орнықты. Жүргізілген зорлық нәтижесінде мал басы 10,8 млн-ға азайды. Партия, кеңес органдары күш қолдану арқылы 1,5 млн пұт астықты тартып алды.

 

           

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.