|
|||
І. Білімнің бастапқы деңгейінІ. Білімнің бастапқы деңгейін Жазбаша бақылау түрінде жүргізіледі. Әр студентке билет беріледі. Билетте қатты және жұмсақ дәрілік формалар бойынша рецепт жазуға бірнеше тапсырмалар және жазбаша жауап беру үшін сұрақ түрінде бір тапсырма болады. Бастапқы бақылауға тапсырмалар: І. Дәрігерлік рецепт түрінде ЖАЗЫЛЫП БЕРІЛСІН: 1. 0,001 граммнан дексаметазонның (Dexametasonum) 50 таблеткасы. 1 таблеткадан күніне 3 рет. 2. 25 миллиграммнан аминазиннің (Aminazinum) 30 дражесі. 3. 3 дециграммнан балауыз қағазындағы камфораның (Camphora trita) 10 ұнтағы. 4. 0,02 сантиграммнан папаверин гидрохлоридінің (Papaverini hydrochloidum) 10 ұнтағы. 5. Натрий парааминосалицилатының (Natrii para-aminosalicylas) 100 г гранулалары. 6. 50 г 10% синтомицин майы (Synthomycinum). Жараға жағу үшін. 7. 20г «Lorinden» майы, зақымдалған теріге жағу үшін. 8. 25 г официнальды мырыш-салицил (Pasta Zinci-salicylata) пастасы. Терінің зақымдалған жеріне жағу үшін. 9. Құрамында 0,2 г ихтиол (Ichthyolum) бар 10 ректальды суппозиторий. Таңертең және түнде бір суппозиторийден. 10. Құрамында 10% анестезин (Anaestesinum) бар 30г паста. Терінің зақымдалған жеріне жағу үшін.
ІІ. Жазбаша бақылаудың СҰРАҚТАРЫ: 1. Латын тіліне аударыңыз: ал, мына дозаларды бер, белгіле, тең мөлшерде, араластыр. 2. Қатты заттардың салмағы қандай өлшем бірліктермен өлшенеді? 3. Basis, constituens, adjuvans, corrigens дегеніміз не? 4. Қатты дәрілік формаларға нелер жатады? Латын тіліне аударыңыз. 5. Жүмсақ дәрілік формаларға нелер жатады? Латын тіліне аударыңыз. 6. Қысқартылған және толық формадағы жазба дегеніміз не? 7. Науқаста суланған жұқпалы жара. Дәрігер синтомицин майын тағайындады. Науқасқа қандай дәрілік форманы тағайындаған дұрыс болар еді? Неге? 8. Науқасқа ланолинді негіздегі май тағайындау керек. Рецепт қысқартылған формада жазылған. Науқас құрамында керекті компоненттері бар май алады ма?
|
|||
|