|
|||
ДЕБИЕТ.. БАҚЫЛАУ.Стр 1 из 4Следующая ⇒
1.ТАҚЫРЫП № 1.1: “Жалпы рецептура. Қатты дәрілік түрлері. Жұмсақ дәрілік түрлері” 2.МАҚСАТЫ: Үйрету:
· алған білімді болашақ кәсіби қызметте қолдануды
3. ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ: Студент білу керек: · дәрі, дәрілік зат, дәрілік препарат және дәрілік форма туралы · оқытылатын дәрілік формалардың дайындау технологиясын · рецепттерді жазғанда қолданылатын салмақ пен көлемнің өлшем бірліктерін · рецепттің құрылымы мен жазылу ережелерін, рецептуралық бланктердің түрлерін, оқытылатын дәрілік формаларға рецепт жазу ережелерін · дәріхананың құрылымын, міндеттері мен негізгі қызметтерін Студент үйреніп алу керек: · жалпы үрдістер бойынша рецепттерді толтыруды және рецепт жазбаларын құруды · дәрінің мөлшерін және концентрациясын есептеуді · клиника және дәріхана қызметкерлерін, тұрғындарды ақпараттандыру үшін дәрілерілік заттар туралы мәліметтерді іздеуді және өңдеуді. 4.ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ: 1. Кіріспе.Фармакологияға анықтама, оның басқа медициналық және биологиялық ғылымдар арасында алатын орны. Фармакологияның дамуының негізгі этаптары. Ресей мен Қазақстанда фармакологияның дамуы. Негізгі ғылыми мектептер. 2. Жаңа дәрілік заттарды іздеп табудың қағидалары. Заттардың химиялық құрылымы мен әсері арасындағы тәуелділікті зерттеп білу негізінде жаңа дәрілік заттардың синтезі. Дәрілік заттарды сынаудың негізгі әдістері мен қағидалары. 3. Жалпы рецептура. Рецепт дәрігер жұмысының негізгі құжаттарының бірі ретінде. Рецептуралық бланктердің формалары. Рецепттерді құрастыру мен жазудың және рецепттер бойынша дәріханадан дәрілерді босатудың жалпы ережелері. 4. Дәрілік формаларды рецепттерде жазудың ережелері. Қатты және жұмсақ дәрілік формалар. Улы, күшті әсерлі, есірткі заттарды және есеңгірететін әсері бар препараттарға рецепт жазудың ерекшеліктері. 5. Жаңа дәрілердің шығарылуын бақылайтын мемлекеттік органдар. Мемлекеттік және халықаралық фармакопеялар, мазмұны.
5.САБАҚ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: · дискуссия - тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау · кіші топтарда жұмыс істеу · «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» Д. А. Харкевич 2005 ж. бойынша тапсырмаларды орындау: 15-18 беттер, қатты және жұмсақ дәрілік формаларға рецепттер жазу. 6.ӘДЕБИЕТ. Харкевич Д.А. «Общая рецептура», 1982ж. П.Х. Попандопуло. «Общая рецептура», 1988ж. Харкевич Д.А. «Фармакология», 2008ж. Харкевич Д.А. «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» М.: «Медицина», 2005 ж.
7.БАҚЫЛАУ.
|
|||
|