|
|||||||||
дебиеттер№4 Дәріс 1.Тақырыбы: «Негізгі психопатологиялық синдромдар. Психикалық аурулардың жіктемесі» 2.Мақсаты: Негізгі психопатологиялық синдромдар мен психикалық аурудың жіктемесімен танысу. 3.Дәрістің тезисі. Психопатологиялық синдром-біб-бірімен байланысты патогенді симптомдардың азды-көпті тұрақты байланысы. Түйсік пен қабылдау бұзылыстарының синдромдары Галлюциноз синдромы (көру, есту, тактильді және т.б.). Дене бітімі кескінінің бұзылу синдромдары- денелік «мен» қабылдауының интеро- және проприоцептивті психосенсорлық бұзылыстары, бұл аяқ-қолдардың, бастың, ішкі ағзалардың ұзару, қысқару, қисаю сезімдері.Бұл деперсонализация синдром құрамына кіреді. Деперсонализация-жеке бастың бүкіл психикалық және физикалық сезімділіктің бұзылуы. Дереализация- қоршаған дүниені елес күйінде сезіну. Маңайындағының бәрі белгісіз, түсініксіз, тордың арғы жағындатұрғандайәсер қалдырады. Сандырақ синдромдары Паранойяльді синдром –біріншілік монотематикалық жүйеленген сандырақ. Бұл біртінден, ұзақ уақыт дамиды. Болжамы жағымсыз. Параноидты синдром -әр түрлі жоспарлы сандырақ. Бұл синдромның құрамына сандырақты анықтайтын қабылдау бұзылысы жатады. Ол аффективті жағдаймен (қорқыныш, дабыл) көрінеді. Жедел түрі (жедел параноид)шизоаффективті психозға,ұстама тәрізді шизофренияға, органикалық психозға,интоксикацияға тән. Созылмалы түрі параноидты шизофренияда кездеседі, кейбір вариаттары галлюцинаторлы-параноидты Кандинский- Клерамбо синдромымен көрінеді. Кандинский- Клерамбо синдром параноидты синдромның әртүрлілігі болып табылады және идеаторлы (ойын біреу басқарады),моторлы (науқасты басқа бір күш қимылымен басқарады), эмоциональды («көңіл-күйін жасайды», «қайғы, қуаныш, қорқыныш шақырады») көріністермен көрінетін психикалық автоматизм көрінісі. Бұл шизофренияға тән. Парафренді синдром- психикалық автоматизммен, вербальді галлюцинациямен, қиял-ғажайыптық ықпалмен, мұң тәріздес ұлылықпен көрінетін жүйеленген және жүйеленбеген сандырақ. Шизофренияның кеш дәрежесіне тән. Балалардағы ойлау бұзылысының ерекшелігі - негізгі шапшаңдық бойынша элементарлы бұзылыстар байқалады.Бұл жүйеленбеген сандырақ. Сандырақ қарапайым, нақты, тұрақсыз. Жасөспірімдік шақта сандырақ тәрізді фантазия, аса бағалы ойлар, дисморфофобикалық ойлар кездеседі. Эмоциональды бұзылыстар синдромы Депрессивті синдром – көңіл-күйдің нашарлығымен (гипотимия), ойлаудың тежелуімен және қимыл активтілігінің төмендеуімен көрінеді (депрессивті үштік). Гипотимикалық бұзылыстар диапазоны жеңіл басылымнан, қайғыдан, терең сағыныштан яғни, науқас ауырлықты, кеудесінде ауру сезімін сезуден жоғары. Ассоциативті процестердің баяулауы: ойының баяу және аз болуы, жағымсыз жағдайлармен: ауру, өзін-өзі кінәлау ойы байқалады. Сұрақтарға қиналып жауап береді, сұрақ пен жауап арасындағы пауза ұзақ болады. Қимылының аз болуымен және біртектілігімен қимыл әрекетінің баяулауы байқалады. Науқас қимыл үстінде бір қалыпта тоқтап қалуы мүмкін (депрессивті ступор). Депрессивті синдромға психотикалық варианттағы бұзылыстар: сандырақ ойлар өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі кемсіту (параноидты депрессия) өзін-өзі өлтіруге дейін алып келетін жағдайлар да жатады. Психотикалық депрессия кезінде сомато-вегетативті бұзылыстар: ОЖЖ симпатикалық бөлімнің тонусы жоғарылауы яғни, тахикардия, мидриаз, іш қату (Протопопов үштігі) байқалады. Тәбеті төмендейді, дене салмағы азаяды, анорексия, ұйқысы бұзылады. Маскалы (ларвирлі) депрессия, эмоциональды компанент анық емес және соматовегетативті бұзылыстар болады(депрессия маскасы). «Жасырын депрессияның» диагностикасында келесібелгілер бағаланады: Көбінесе таң ертең субъективті жайсыздық байқалады. Полиморфизм, анық еместілік, сомато-вегетативті шағымдар, белгілі бір шегі жоқ ауру сезімі. Тіршіліктік қызметінің бұзылысы (ұйқының, тәбеттің, етеккірдің, потенцияның, салмақ жоғалту). Бұзылыстың периодтылығы және оның пайда болуы мен жоғалуының өз бетінше болуы. Маусымдылығы-жиі көктем және күз. Әр түрлі зерттеу әдістерінде нақты соматикалық аурулар табылмайды. Соматикалық терапияның эффектісі жоқ. Науқас әр түрлі дәрігерлерде ұзақ уақыт нәтижесіз емделуіне қарамастан, дәрігерлерге барудан жалықпайды. Антидепрессантты терапия жақсы көмектеседі. Маскалы депрессия МДП-ның депрессивті фазасында, шизофренияда, пресенильді депрессияда кездеседі. Дабыл депрессиясы – инволюциялық депрессияға тән. Дабыл және қорқыныш негізгі аффект болады. Науқастар үнемі катастрофа, қайғы сезімдерінде жүреді. Дабыл қайғысының құрамы жалпы диффузды қасиет құрайды. Қимыл-әрекеттің баяулауы емес, керісінше қимыл-әрекеттің қозуы байқалады яғни, науқастар бір орында отыра алмайды. Мұндай қозу жағдайындағыларды меланхоликалық раптуста: науқастар айқайлап, қайғырады, шыңғырып, ары-бері жүреді,еденде аунайды. Осы жағдайда оларға суицид жағдайына қауіп төнеді. Анестетикалық депрессия- науқастар қандай да бір уайымның толық және қайғылы жоғалуына шағымданады. Жиі сыртқы ортадағы өзгерістерді- әлем өз түсінен айырылып жатыр, дауыстар әлсіз естіледі, уақыт жүрмей қалған сияқты (меланхоликалық дереализация). Маниакальды синдром- маниакальды үштікпен көрінеді: эйфория (көңіл- күйдің адеквантты емес көтерілуі), ассоциативті процестің жылдамдауы және бір әрекетке талпыну мақсатында қимылдық қозу. Науқастар бастаған ісін аяғына дейін жеткізе алмайды яғни, зейіннің тұрақсыздығы. Ассоциация көбінесе беткейлік болады. Бұндай жағдайда науқастар өзінің қабілеті мен мүмкіндіктерін бағалай алады. Жартылай әуестілік жоғарылаған. Маниакальды жағдайдың жеңіл дәрежесін гипомания деп атайды. Бұл жағдай көбінесе МДП және шизофренияда кездеседі. Қимылдық бұзылыстар синдромы Кататоникалық синдром- қимылдың акинезия формасында (кататоникалық ступор) немесе гиперкинезия формасында (кататоникалық қозу) көрінетін симптомокомплекс. Кататоникалық симптомдарға сонымен қатар, тәуелділіктің жоғарылауы (эхолалия, эхопраксия, эхомимия, каталепсия) және тәуелділіктің төмендеуі (мутизм, стереотипия, негативизм) тән. Люцидті кататония (люцидті ступор) – бұл түрінде науқастың есі сақталған, сыртқы ортадағы жағдайды дұрыс болжайды және күнделікті жағдайды есте сақтайды. Онейроидты кататония – санасының өзгерісімен жүретін жиі онейроид түріндегі пассивті негатизмнің көрінуі. Шизофренияда, инфекциялық және т.б. психоздарда кездеседі. Гебефреникалық синдром –гебефреникалық қозудың көңіл-күйдің жоғарылауы нәтижесінде ойлаудың үзілуі. Мимика мен қимылдың түсініксіз, дөрекі әрекеттері. Бұл да шизофренияда байқалады. Апатика-абуликалық синдром- апатия, қимыл- әрекетке ынтасы төмен немесе жойылған(абулия.). Бұл соматикалық ауруларда,ЧМТ-дан кейін, улануда, шизофренияда кездеседі. Корсаков синдромы (амнестикалық синдром). Бірінші рет алкоголды энцефалопатияда анықтаған (Корсаков ауруы),тағы басқа да ауруларда кездеседі (ЧМТ, ісіктерде, улануларда, жедел гипоксияда, атрафиялық процестерде). Бұл синдромға фиксационды амнезия,парамнезия тән. Деменциядан айырмашылығы ситуациялық ойлауы сақталған. Олигофрения – туа пайда болған ақылдың кемістігі. Қосымша факторлардың әсерінен (ЧМТ, алкогализм, т.б.) Интелектуалдық жетіспеушіліктен тұлғаның барлық (ерік бұзылысы, эмоциональды, сөйлеу, моторлы) дамымауы болады. Себебі: тұқым қуалайтын аурулар, уланулар, инфекция, эндокринді патология, жарақат, резус-конфликт. Деменция- жүре пайда болған ақылдың аздығы. Олигофрениядан айырмашылығы интелектуалдық төмендеудің соңғы дәрежесінде психикалық әрекеттердің толық төмендеуі, оны психикалық маразм дейді.
Психикалық бұзылыстардың заманауи жіктемесі ДДСҰ бойынша әлем бойынша екі түрлі жіктеме: ұлттық және халықаралық. Қазіргі кезде МКБ-10 жіктемесі қолданылып жатыр, ол бұрынғы халықаралық жіктемеден ерекше, әлдеқайда прогрессивті. Бірақ МКБ-10-ның да өзіндік кемшіліктері бар. МКБ-10 11 бөлімнен тұрады. F0- органикалық, симптоматикалық, психикалық бұзылыстармен бірге. F1- ПАВ бойынша психикалық бұзылыстар F2-шизофрения, шизотипикалық, сандырақ бұзылыстары. F3-көңіл-күйдің бұзылысы (аффективті бұзылыстар) F4-стесспен және соматоформды бұзылыспен білінетін невротикалық бұзылыс. F5-физиологиялық бұзылыспен және физикалық фактормен байланысты поведентті синдром. F6-үлкен жастағылардың бұзылыстары. F7-ақылдың артта қалуы F8-психологиялық дамудың бұзылысы. Балалық шақта және жасөспірімдік шақта пайда болатын эмоциональды бұзылыстар. F9-анық емес психикалық бұзылыстар. 4. 5.Әдебиеттер Баншиков В.М., Короленко Ц.П., Давыдов И.В. Жалпы психопатология.-1971ж -99-142,151-160-бетте. Бухановский А.О. Жалпы психипатология: Пособие для врачей. –Ростов н/Д, 2000. 52-70,70-112, 137-140, 183-209-бетте.
|
|
© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.
|
|