|
|||
Білім берудің соңғы нәтижесi.1.5 Білім берудің соңғы нәтижесi. А. Резидент білуге және түсінуге тиіс: 1. Денсаулық сақтау мекемелерінің сот-медицина саласындағы қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы Заңнамалары негіздерін және нормативті-құқықты актілерді; 2. Денсаулық сақтау ұйымдарының мәселелерін шешудегі сот-медицина сараптама қызметінің маңызы; 3. Сот-медициналық сараптама қызметінің іс-әрекетін реттейтін құжаттарда көрсетілген негізгі ережелер; 4. Сот-медициналық сарапшының рөлі, оның құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері; 5. Жалпы және жеке сот-медицина теориялық курсының жалпы ережелері; 6. Кенеттен болған өлім кезінде патологиялық жағдайлар мен сырқаттардың негізгі морфологиялық көріністері; 7. Жаңа туған нәрестелер мен балаларды зерттеу барысындағы патологиялық жағдайлар мен сырқаттардың негізгі морфологиялық көріністеріндегі ерекшеліктер; 8. Қосымша зерттеу әдістеріне биологиялық объектілірді алу ерекшеліктері.
В. Резидент білімдері мен түсініктерін қолдануға тиіс: 1. Кенеттен дамыған сырқаттанудан, жаңа туған нәрестелердің және балалардың өлімінде мүшелердегі патологиялық процесстерді диагностикалауда; 2. Қосымша зерттеу әдістеріне биологиялық объектілірді алу барысында; 3. Тергеушіге мәйітті сыртқы қарау протоколын толтыруға көмектесуде. (мәйіттің қалпын анықтау, киімін сипаттау, жынысын анықтау және /көзбен қарағандағы/ шамамен жасы, мәйіттік өзгерістер, жарақаттар); 4. Сыртқы және ішкі жарақаттарды сипаттау кезінде; 5. Мәйітке сот-медициналық сараптама жүргізу кезінде; 6. Сот-медициналық сараптаманың қортындысын шығару кезінде. С. Резидент тұжырым жасап дағдыларды игеруі тиіс: 1. Мәйітке сот-медициналық зерттеу жүргізу техникасын игеруге; 2. Гистологиялық зерттеуге материалдар алуға; 3. Кенеттен дамыған сырқаттанудан, жаңа туған нәрестелердің және балалардың өлімінде мүшелер мен тіндерде дамитын макро- және микроскопиялық өзгерістердің сипатын интерпретациялау; 4. Сот-медициналық сараптаманың қортындысын шығару барысында жинақталған мәліметтерді критикалық көзқараспен талдау қабілетін, сонымен қатар сот-медициналық сарапшының барлық жұмысын критикалық көзқараспен талдау қабілетін игеруге тиіс.
D. Резидент коммуникативті қабілетті болуы тиіс: 1. Көш басшылық қабілетке ие және командада жұмыс істей білуге; 2. Әріптестер арасында этика және деонтология принциптерін ұстануға; 3. Мәйіттің туыстарымен, жәбірленушілермен, әріптестерімен және медицина қызметкерлерімен мүмкін болғанша сенімді қарым-қатынас орнатуға. Е. Резидент оқуға қабілеттілігін көрсете білуі тиіс: 1. Ситуациялық есеп құрастыра алады; 2. РӨЖ сабақ уақытында орындайды; 3. Сот медицина саласындағы жаңа ашулар жайлы хабардар болу мүмкіндігін қолдана алады; 4. Білім негізінде құралған қоғамды қалыптастыру мақсатында өзін-өзі академиялық және профессиональді шеңбер ішінде технологиялық жағынан, мәдени және социальді дамыту; 5. Өз бетімен алғашқы диагнозды қоя алады, лабораторлы-инструментальді зерттеу нәтижелеріне интерпретация жасай алады; 6. Кенеттен болған өлімнің әр-түрінде практикалық дағдыларды өзбетімен қолдана алады.
|
|||
|