Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





БЕКІТЕМІН». жөніндегі проректор. Ф.А. Галицкий. ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ. Бағдарлама. Модульдің қысқаша сипаттамасы



 

 

                                            

                                                                «БЕКІТЕМІН»

                                                         Ғылыми және клиникалық қызмет

                             жөніндегі проректор

                                   ____________Ф.А. Галицкий

                                                            2016 ж. «_____»________________

 

 

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

«Сот-медициналық сараптама – 1» модулі бойынша

 

6R114700 – Сот-медициналық сараптама мамандығына арналған: 

Дәрістер: 80 (сағат)

 

Практикалық (семинар) сабақтар: 160 (сағат)

 

РӨЖ: 240 (сағат)

 

ОРӨЖ: 240 (сағат)

 

Барлық сағат саны: 720

        

Кредит саны: 16

 

Оқу жылы: 1

 

 

Астана 2016

1. Бағдарлама

1.1 Модульдің қысқаша сипаттамасы

Модульдің білім беру бағдарламасы резиденттен бакалавриаттың оқу үрдісінде алынған дағдылар мен біліктілікті қарастырады, сәйкесінше, одан негізгі және бейіндеуші пәндер бойынша әмбебап және кәсіби деңгейдегі біліктілік пен дағдыларды талап етеді.

«Сот-медициналық сараптама-1» элективті пән модулі резиденттің тиісінше біліктілігін қажет етеді және оны әрдайым өзінің жұмысына байыппен қарауға, жүйелі ойлануға және осы модульді оқу барысында алынған білім мен дағдыларды қолданып зерттеу әдістерін игеруге талпындырады.

«Сот-медициналық сараптама-1» элективті пән модулі келесі компоненттерден тұрады:

- 1 компонент: «Сот-медициналық сараптама қызметінің Қазақстан Республикасындағы процесстік негіздері»;

- 2 компонент: «Кәсіби және заңды жауапкершілік, медицина қызметкерлерінің құқықтары»;

- 3 компонент: «Мәйітті анықталған орнында қарау»;

- 4 компонент: «Жалпы танатология»;

- 5 компонент: «Мәйітті сот-медициналық зерттеу»;

- 6 компонент: «Сот-медициналық сарапатама қызметінде мәйітті ашу техникасы»;

- 7 компонент: «Жаңа туған нәрестелер мен ұрықтарды сот-медициналық сараптау»;

- 8 компонент: «Кенеттен болған өлімді сот-медициналық сараптау»;

Модуль компоненттері кездейсоқ таңдалған жоқ, керісінше сот-медициналық сарапшының жұмысын құрайтын шаралар комплексі ескеріле отырып жасалды. Сот медицинасы – ол, қылмыстық немесе азаматтық істерді алдын ала тергеу және сотта қарау кезінде құқық қорғау және әділет органдарының практика жұмысында туындайтын медико-биологиялық мәселелерді зерттейтін және шешетін жеке ғылым. Сонымен қатар сот-медициналық сараптама денсаулық сақтау мекемелеріне де емдеу сапасын жақсартуға және профилактикалық іс-шараларды жүргізуге көмектесуге айтарлықтай ат салысады.

        



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.