|
|||
Модульдің мақсаты. Міндеттері. Білім беру әдістемелері1.2. Модульдің мақсаты Құқық қорғау органдары тағайындаған сараптаманы жоғары сапалы және заманауи дәрежеде өткізу үшін сот-медициналық дәрігер сарапшыға жүктелген жауапкершілікті атқаруға қажетті практикалық дағдыларды үйрету және жетілдіру, теориялық білімін арттыру мен практикалық дайындығын жақсарту жолдары арқылы өз бетінше сот-медициналық сарапшы ретінде жұмыс жасауға қабілетті мамандарды терең клиникалық дайындау.
1.3. Міндеттері · сот-медициналық практикада қолданылатын заманауи зерттеу әдістерін меңгеру; · мәйітке өз бетінше өлім себебін анықтаумен бірге сот-медициналық сараптама жүргізуді үйрету; · жаңа туған нәрестелер мен бала ұрықтарына сот-медициналық сараптама жүргізудің ерекшеліктерін үйрету; · нормативті актілер мен қылмыстық-процесстік заңнама негіздерін үйрету: сараптаманың тағайындалуы, жүргізу, құжаттарды рәсімдеу; сот-медициналық сарапшыларының құқықтары мен міндеттері, біріншілік тергеу жүргізу кезінде сот медицинасы саласындағы маманның іс-әрекеттері туралы ереже; сот-медициналық сараптама мекемелерінің ұйымдық құрылымы; · сот-медициналық сараптама жүргізу кезіндегі дәрігерлік этика мен деонтология талаптарын ұстануды үйрету; · зардап шегушілермен сұхбаттасуға және әріптестер арасындағы қарым-қатынаста қажетті коммуникативті дағдыларды сіңірту; · кәсіби еңбек ету барысында үздіксіз кәсіптік білім үйренудің және алған білімі мен дағдыларын жетілдірудің қажеттілік екендігін үйрету; · сот-медициналық сараптама жүргізуге қажетті деонтология, моральді-этикалық дағдыларды және заң мәдениетін сіңірту;
1.4 Білім беру әдістемелері Дәрістер: иллюстративті-шолу, мәселелер. Практикалық сабақ: ауызша сұрау, тестілеу, жағдайлық есептерді шешу, топтармен жұмыс жасау, дискуссиялар. Резиденттің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысы:оқытушымен қатынаста жұмыс жасау, үй жұмысын орындау жөнінде кеңес беру, барлық туындаған сұрақтар, есептер және басқа да тапсырмалар бойынша оқытушымен кеңесу, кейс дайындау, жоба әзірлеу; Резиденттің өзіндік жұмысы: өзіндік жұмыс тапсырмаларын жоспар бойынша орындау, оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау, электронды тасмалдауыштардағы және ғаламтордағы әдебиеттермен жұмыс жасау, топтық және жекелей презентация дайындау.
|
|||
|