|
|||
Шыны құралдарымен жұмыс істеуде келесі амалдарды орындау қажетШыны құралдарымен жұмыс істеуде келесі амалдарды орындау қажет 1.шыны құралдарынжинауда немесе олардың жеке бөліктерін каучуктің көмегімен қосуда қолды орамалмен қорғау керек; шыны түтікшелерін сындыруда сол жақ қолмен түтікшені,оны сындыруға арналған ойық жерінің жанынан ұстап тұру керек; 2. колбаны, пробирканы немесе басқа жұқа қабырғалы ыдысты тығынмен жабуда,тығын жабылатын орынға жақын жерде ыдыстың мойнының жоғарғы бөлігінде, қолды орамалмен қорғап ұстап тұру керек; 3. каучукты кигізер алдында түтікшенің және таяқшаның шеттерін сумен сулау керек; түтікшенің және таяқшаның шеттерін балқытуда ұстағыштарды қолдану қажет. Шыны түтікшелерін кесуде, шыныдан жасалған құралдарды жинауда және бөлшектеуде жарақаттануды алдын алу үшін келесі қауіпсіздік шараларын орындау қажет: 1. диаметрі кішігірім шыны түтікшелерін сындыруда алдымен қолды орамалмен қорғап, оларды егеумен егелеуден кейін сындыру керек; 2. шыны түтікшелерін резиналық тығындарға немесе резиналық түтікшелерге салуда (құралдарды жинауда) алдын ала шыны түтікшенің сыртын және резиналық түтікшенің ішкі шеттерін немесе тығынның тесігін сумен, глицернмен немесе вазелин майымен сулау қажет; Шыны түтікшелерінің өткір шеттері балқытылуы тиісті. Барлық жағдайларда да шынының сынуынан жарақаттанбау үшін қолды орамалмен қорғау керек; 3. шыны құралдарын және шыны бөлшектерін жинауды подкладкамен жабдықталған орындарда жүргізу керек (пеноуретан, резина т.б.); 4. шыны түтікшелерін немесе термометрді бұрғымен тесілген тығынға салуда, тығынды алақанда ұстамай, оның бүйірлерінен ұстау қажет.Түтікшені немесе термометрді тығынға салынатын шетіне жақын ұстау қерек. Құрамында ересек құрттар, стробиллалар, онкосфералар, гельминттердің жұмыртқалары мен личинкалары және ішектің қарапайымдылары бар нәжістермен, несеппен және басқа материалдармен жұмыс істеуде келесі ережелерді сақтау қажет: 1. тексеруге алынған нәжістер бұрап жабылатын қақпақтары бар шыны немесе пластмассалық ыдыста жеткізілуі тиісті; 2. тексеру үшін материалды дайындау сорғыш вентилыциямен жабдықталған шкафта жүргізілуі тиісті; зерттеу банкалары кюветаларда орнатылады. Тексеруге дайындалған препараттар арнайы табақтарға (поднос) салынуы керек (эмальданған немесе басқа жеңіл залалсызданатын материалдан жасалған). 3. қолдың залалдануын болдырмау үшін жұғындысы бар жабындышынының астына өлшемдері үлкен шыныларды салады. Бактериологиялық ілмектерді әрбір анализдерден кейін күйдіреді; 4. зерттеуді аяқтағаннан кейін ағаш таяқшаларды, қағазды т.б. өртейді, ал түскен материалдардың қалдығын карбол қышқылының 5% ерітіндісімен немесе басқа дезинфекциялаушы ерітінділермен 2 сағатқа құяды, содан кейін канализацияға төгеді; 5. заттық және жабынды шыныларды, пастерлік пипеткаларды, банкаларды және басқа шыны ыдысты қайнату арқылы немесе фенолдың препаратымен 6 сағат бойы дезинфекциялайды (карбол қышқылының 5% ерітіндісімен, 10% лизолдың ерітіндісімен т.б.). 6. зертханалық столдарды және шығарысты шкафтың столын хлораминнің3-5% ерітіндісімен, фенолдың 5% ерітіндісімен немесе спиртпен күйдіру арқылы зиянсыздырады. Зиянды заттармен жұмысты аяқтаудан кейін орындау қажет: 1. жұмыс орнын тәртіпке келтіру, 2. зиянды заттардың қалдықтарын сақтауға тапсыру, 3. қолды сабынмен мұқиат жуу, ауызды сумен шаю, ал қажетті жағдайда тісті тазалау. Зертхананың маманы міндетті: 1. осы ережелерді қатаң сақтауды; 2. қызметкерлердің қажетті профилактикалық егулерді уақытында жүргізуіне бақылау; 3. персоналдың жұмысының дұрыстығына бақылау және зертханалық жұмыстарды жасауда қауіпсіздік техникасын бұзуын болдырмау; 4. патогенді микробтардың культурасымен, улы, қатты әсер етуші, өрт қауіпті т.б препараттармен дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 5. бекітілген құжаттарды дұрыс жүргізу.
|
|||
|