|
|||
II.Негізгі бөлім. III.ҚорытындыСтр 1 из 4Следующая ⇒
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Реферат
Тақырыбы:Санитарлық гигиеналық зертхана жұмыс қауіпсіздік техникасы
Орындаған:Макетава Гулназым,Танатарова Гульайм Тобы:ҚДС 503-1қ Тексерген:Жаханов А
Алматы 2015
Жоспар I.Кіріспе 1. Санитарлық-эпидемиологических зертхананың жұмыс істеу жағдайлары. II.Негізгі бөлім 1. Санитарлық-эпидемиологических зертхананың жұмысын реттеуші талаптары. 2. Санитарлық-эпидемиологических зертхананың жұмыс істеудегі қауіпсіздік техникасы. 3. Қорғаныс құралдары.
III.Қорытынды Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе Санитарлық-гигиеналық бөлімнің құрамына кіретін, санитарлық-гигиеналық зертхананың СЭС типіне және категориясына байланысты үш және одан жоғары бөлімшелері болады (еңбек гигиенасы, тағам гигиенасы және коммуналдық гигиенасы). Зертханаларда әртүрлі аппараттар, құралдар және жабдықтар болады. Олармен абайламай жұмыс істеу жарақаттанудың себебі болуы мүмкін. Химиялық қоспалардың адам организміне жалпы және жергілікті уытты әсерін, өрт және қопарылыс қауіпін, адамдардың патогенді микроорганизмдермен залалдану қауіпін арнайы ережелерді орындауда алдын алуға болады. Зертхананың барлық қызметкерлері еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қауіпсіздік техникасына, саниитарлық-эпидемияға қарсы режиміне және жеке гигиенасына бағытталған шараларға маңызды көңіл аудару керек. Санитарлық-гигиеналық зертханалық зерттеулер санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды жүргізуін, гигиеналық зерттеулерді және бағалауды жүргізуін қамтамасыз ету, және де тіршілік ортасы факторлары туралы обьективті ақпаратты алу бойынша процесстің құрамдық бөлігі болып келеді. Осы істі жүзеге асыру үшін адамның тіршілік ортасының обьектілерінің (судың, ауаның, тағам өнімдерінің т.б.) химиялық қауіпсіздігі туралы, обьективті зерттеулер нәтижелеріне негізделген көп көлемді ақпаратты білуі қажет. Зерттеулердің осындай түрлерін жүргізу арнайыланған санитарлық-гигиеналық профильді зертханаларда жүргізіледі. Осындай зертханалық бөлімдер тиімді жұмыс істеуі үшін, олардың жұмысын регламенттеуші талаптар кешеніне сәйкес келуі керек.
|
|||
|