Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





II.Негізгі бөлім . Санитарлық-гигиеналық зертхананың жұмысын регламенттеуші талаптар



II.Негізгі бөлім 

Санитарлық-гигиеналық зертхананың жұмысын регламенттеуші талаптар

1. Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығын қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешуіне қажетті зерттеулер тізімін орындауына аккредитациядан өтуі керек.

2. Зертханаларда зертулерді жүргізудің барлық этаптары мен деңгейлерінде зертулердің сапасын қамтамасыз ету бойынша унифицирленген жүйесі қабылдануы керек.

3. Барлық персоналдың өзара әрекетін ескеріп, зертханада зерттеулерді жүргізудің барлық түрлеріне еңбегін нормалаудың өзіне тән арнайы жүйесі болуы керек.

4. Зертханалық жұмыстың зиянды және қауіпті факторларын жағымсыз әсерлерін алдын алу, кәсіби аурулар мен улануларды болдырмау үшін зертханада оның қызметкерлерінің еңбегін қорғаудың тиімді жүйесі ұйымдастырылуы тиісті.

5. Зертханада жұмысты ұйымдастыру үшін, профиліне байланысты қажетті бөлмелер саны қамтамасыз етіледі. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарымен жұмыс жүргізілетін бөлімшелеріндегі бөлмелер жеке ғимаратта немесе ғимараттың оқшауланған бөлігінде орналасуы керек және ең кемінде екі есігі болуы тиісті («таза»және «лас» бөлімдері).

 

    Зертханаларда жұмыс істеудегі қауіпсіздік техникасы

Зертхананың әрбір қызметкерінде оған бекітілген жұмыс орны болуы керек. Жұмыстың алдында арнайы киімді киюі керек, ол сыртқы киімдерден бөлек, жеке шкафтарда сақтауы тиісті. Қорғаушы костюмнің типі және оны ауыстыру жиілігі орындалатын жұмыстың сипатына байланысты алынады.

Жеңіл жанатын сұйықтықтарды 100° дейін жылыту «су моншаларында» (водяная баня) жүргізілуі қажет. Жеңіл жанатын сұйықтық бар колбаны,алдын ала біртіндеп жылытпай ыстық суға салуға тиым салынады. Температурасы 100°-тан жоғары жеңіл жанатын сұйықтықтарды жылыту «майлы моншаларда» (масляная баня) жүргізіледі, мұнда моншаның температурасы өздігімен жанушы ысытылатын сұйықтықтың температурасынан аспауы тиісті.

Спиртовкамен немесе жеңіл жанатын сұйықтықтармен жұмыс ітеуде авария жағдайында отты тез сөндіру үшінқол астында көрпе, тығыз мата т.б. болуы қажет.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.