Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ХЖҚ-тағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы.



8. ХЖҚ-тағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы.

Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың құқық және әрекет қабілеттігі. Шетелдіктерге қолданылатын режимдер. Жеке тұлғалардың құқық қабілеттігіне байланысты реторсиялар. Қазақстан Республикасының жеке құқық саласындағы заңнамасындағы шетелдіктерге байланысты ұлттық режимнен алынулар. Шетелдік тұлғалардың құқық және әрекет қабілеттігіне байланысты ҚР Азаматтық және Азаматтық Іс жүргізу Кодекстерінің ұстанымдарының айырмашылығы. Жеке тұлғаның жеке статутының түсінігі мен қолданылу аясы. Жеке тұлғаның жеке заңы және оны анықтайтын негізгі коллизиялық байламдар. «Азаматтық», «домицилий» және «residence» түсініктерінің арақатынасы. Цивилді және ортақ құқықтағы домицилий. Жеке тұлғаның әрекет қабілеттігінің жеке заңмен реттелмейтін мәселелері.

9. ХЖҚ-тағы заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы.Халықаралық жеке құқықтағы заңды тұлғалардың құқық қабілеттігі. Қазақстан Республикасының жеке құқық саласындағы заңнамасындағы шетелдік заңды тұлғаларға, соның ішінде оффшорлық аймақтарда тіркелгендерге байланысты ұлттық режимнен алынулар. Заңды тұлғаның «ішкі» және «сыртқы» құқықтық қатынастарын жіктеу. Заңды тұлғаның «статуты», «заңы» мен «ұлты» түсініктерінің арақатынасы. Заңды тұлға заңының түсінігі мен анықталу теориялары. Заңды тұлға заңының қолданылу аясы. Құқық қабілеттігінің заңды тұлға заңымен реттелмейтін мәселелері. Жеке құқық нормаларын заңды тұлға болып табылмайтын ұйымдарға қолдану. Халықаралық жеке құқықтағы «халықаралық заңды тұлғалар» мәселесі. Трансшекаралық дәрменсіздік.

10. ХЖҚ-тағы мемлекеттің құқықтық жағдайы.Диагоналды құқықтық қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктері. Мемлекеттік иммунитет түсінігі мен элементтері. Абсолютті иммунитет теориясы. Функциялық иммунитет теориясы. Мәмілелерді de jure imperii және de jure gestionis-қа жіктеу проблемасы. Шектеулі иммунитет теориясы. 1972 ж. Мемлекеттер иммунитеті туралы Еуропа (Базель) Конвенциясының, 2004 ж. Мемлекеттер мен олардың меншігінің юрисдикциялық иммунитеттері туралы БҰҰ (Нью-Йорк) Конвенциясының, 1965 ж. Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердің тұлғалары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы Вашингтон Конвенциясының мазмұны. Мемлекеттік меншік пен мемлекеттік заңды тұлғалардың иммунитеті. Мемлекеттік заңды тұлғалардың автономиялы құқық субъекттілігі. Қазақстан Республикасының заңнамасындағы иммунитет мәселелері.

11. ХЖҚ-тағы заттық құқықтар.Заттық құқықтардың коллизиялық мәселелері. Заттық статут түсінігі, оның міндеттемелік және некелік статутпен арақатынасы. Зат орналасқан елдің құқығының қолданылу аясы. Заттық құқықтардың lex rei sitae-мен реттелмейтін мәселелері. Заттық құқықтардың мәміле бойынша, алыну мерзімінің ескіру салдарынан, басқа негіздермен пайда болуы және тоқтатылуы. Жолдағы мүлікке заттық құқықтар. Заттық құқықтарды қорғау. Қозғалмайтын мүлік және мемлекеттік реестрге енгізілген мүлікке заттық құқықтарды коллизиялық реттеудің ерекшеліктері. Меншік құқығы және тауардың кездейсоқ жоғалуы (бүлінуі) қаупінің өту сәтін құқықтық саралау проблемасы. Ұлттандыру туралы заңдардың экстерриториялық әрекеті.

12. ХЖҚ-тағы акт (мәміле) нысаны. Шарттың нысандық статуты мен міндеттеме мәнінің статутының түсінігі мен арақатынасы. Акт (мәміле) нысанының коллизиялық мәселелері. Locus regit formam actum акт (мәміле) нысанын реттейтін негізгі коллизиялық байлам ретінде; оның дербес актілерге (мәмілелерге) байланысты көріністері. Акт (мәміле) нысанын анықтайтын басқа коллизиялық байламдар.

13. ХЖҚ-тағы шарттық міндеттемелер.Шарттық міндеттемелердің коллизиялық мәселелері. Шартқа қолданбалы құқық. Тараптар еркінің автономиясы құқық қайнаркөзі (қағидасы) және коллизиялық норма ретінде. Қолданбалы құқықты тараптардың келісімімен таңдау. Құқықты ойда таңдау. Шарт локализациясы қағидасы. Тараптар еркінің автономиясын басқа шектеулер. Тараптар келісімі болмағанда шартқа қолданбалы құқық. Lex voluntatis, lex loci actus (contractus), lex loci solutionis, lex venditoris коллизиялық байламдарының қолданылу аялары. Міндеттемелік статутты анықтайтын басқа коллизиялық байламдар.

14. Сыртқы экономикалық мәмілелердегі есеп айырысу нысандары.

Сыртқы экономикалық мәмілелердің түсінігі және ерекшеліктері. Сыртқы экономикалық мәміле мен шетелдік элементпен шиеленіскен мәміле арақатынасы. Сыртқы экономикалық мәмілелердегі есеп айырысу нысандары ретіндегі чек, вексель, инкассо, аккредитив, электронды төлемдердің ерекшеліктері.

15. ХЖҚ-тағы шарттан тыс міндеттемелер.Шарттан тыс міндеттемелердің түсінігі мен түрлері. Бір тарапты мәмілелік міндеттемелер және мәмілелік емес міндеттемелер. Деликтттік міндеттемелердің коллизиялық мәселелері. Деликттік статуттың қолданылу аясы. Lex loci delicti commissi және басқа коллизиялық нормалар деликттік статут ретінде. Трансшекаралық зиян келтірудегі locus delictiді анықтау проблемасы. Тұтынушыға келтірілген зиянды коллизиялық реттеу. Негізсіз баю, марапаттауға жария уәде беру, басқа біреудің мүддесіне тапсырмасыз қызмет етуді коллизиялық реттеу. Бір тарапты мәміленің жасалу орнын анықтау проблемасы. Бір тарапты мәміледен туындайтын міндеттемелерге қолданбалы құқықты анықтаудағы квазишарттық теория.

16. ХЖҚ-тағы неке-отбасылық қатынастар.Неке-отбасылық құқықтың коллизиялық мәселелері. Неке нысаны. Lex loci celebrationis неке нысанын анықтайтын негізгі коллизиялық норма ретінде. Неке құру, бұзу және жарамсыз деп танудың коллизиялық мәселелері. Lex personalis неке құқық қабілеттігін анықтайтын негізгі коллизиялық норма ретінде. Экстерриториялық сипатты императивті нормалар. Некені экстерриториялық юрисдикцияда құру және бұзу. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды құқықтық реттеу. Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігінің сипатын анықтаудағы некелік (матримониялық) және заттық статуттың арақатынасы проблемасы. Неке контракті. Әкелікті (аналықты) анықтау және даулау. Заңды туылу. Nasciturus. Отбасы мүшелерінің мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастары. Бала асырап алу. Қамқоршылық пен қорғаншылық.

17. ХЖҚ-тағы мұрагерлік мәселелері.Мұрагерлік құқықтың коллизиялық мәселелері. Өсиет және заң бойынша мұрагерлік. Өсиет және оны жою актінің нысаны. Тұлғаның өсиет жасау қабілеттігі. Мұрагерлік қатынастар. Әмбебап құқық мирасқорлығы және бөлек статуттар теориялары. Locus regit formam actum, lex personalis (соның ішінде patriae және domicilii) және lex rei sitae коллизиялық қағидаларының мұрагерлік қатынастарғақолданылу аясы. Мұрагерлер, легатарийлер мен басқа бенефициарлардың құқықтары мен міндеттері. Иесіз қалған мүлік.

18. ХЖҚ-тағы зияткерлік меншік. Зияткерлік меншік құқығының коллизиялық мәселелері. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың аумақтық сипаты. Авторлық және сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік пен тауар белгілерін құқықтық қорғау нысаны мен тәртібі. Халықаралық жеке құқықтағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғаудың коллизиялық және материялық құқықтық (унификациялық) әдістерінің арақатынасы. Авторлық және сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік пен тауар белгілерін құқықтық қорғау саласындағы халықаралық келісімдер.

19. ИНКОТЕРМС халықаралық коммерциялық терминдерге түсінік беру ережелері.ИНКОТЕРМС ережелерінің құқықтық табиғаты. ИНКОТЕРМС ережелерінің қолданылу аясы. Е, F, C, D ережелер топтарының жалпы мазмұны. Ережелердің 2010 ж. редакциясындағы негізгі өзгерістер. ҚР заңнамасы бойынша ИНКОТЕРМС ережелерін қолдану негіздері.

20. Халықаралық азаматтық іс жүргізудің құқықтық табиғаты. ХАІЖ түсінігі. ХАІЖ-ң пәні және реттеу әдісі. ХАІЖ-ң басқа құқық салаларымен арақатынасы (азаматтық іс жүргізу құқығы, азаматтық құқық, арбитраждық құқық, халықаралық жария құқық құқықпен). ХАІЖ қайнаркөздері. ХАІЖ нормаларының унификациясы. ХЖҚ нормаларының унификациясына байланысты ХЖҚ бойынша Гаага Конференциясының, Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясының, басқа органдар мен институттарының қызметі. ХЖҚ нормаларының қазақстандық заңнамадағы кодификациясының ерекшелігі.

21. Шетелдік элементті істер бойынша құзіретті белгілеу әдістері. «Юрисдикция», «құзірет» және «соттылық» терминдерінің халықаралық азаматтық процесс контекстіндегі арақатынасы. Халықаралық және ішкі құзірет. Шетелдіктер қатысушы істер бойынша құзіретті анықтау. Құзірет белгілеудің латын, герман және ағылшын жүйелері. Actions in personam және actions in rem-нің классикалық және ағылшын құқығындағы квалификациясының ерекшеліктері. Forum non conveniens қағидасы. Америка заңнамасы мен сот тәжірибесіндегі «ұзын қол» заңдары мен «минималды контактілер» ережесі. Түрлі мемлекеттер заңнамалары мен сот тәжірибелеріндегі сот құзіретін кеңейту тенденциялары. Сот құзіретін белгілеуге байланысты ҚР АІЖК-ң ұстанымы.

22. Юрисдикция қақтығыстарын шешу әдістері. Юрисдикция қақтығыстарының түсінігі мен пайда болу себептері. Юрисдикцияның позитивті және негативті қақтығыстары. Юрисдикциялар қақтығысының алдын алу және шешу жолдары. Сот және арбитраж құзіреттерінің арақатынасы. Айрықша құзірет. Келісімдік құзірет. Пророгациялық және дерогациялық келісімдер. Құзірет өзгермеушілігі. Шетелдік соттағы өндіріс маңызы. Құзірет белгілеу ережелерін сақтамаудың құқықтық салдары. Сот құзіретін белгілеуге байланысты ҚР заңнамасының жетіспеушіліктері.

23. Құқықтық көмек көрсету және шетелдік сот тапсырмаларын орындау. Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек түсінігі мен түрлері. Құқықтық көмек көрсету және шетелдік сот тапсырмаларын орындаудың құқықтық негіздері. Сот тапсырмаларымен шетелдік мемлекет органдарына жүгіну. Шетелдік сот тапсырмаларын орындау. Шетелдік сот тапсырмаларын орындаудан бас тарту негіздері. ҚР АІЖК,. Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша 1993 ж. Минск және 2002 ж. Кишинев Конвенциялары, Азаматтық процесс мәселелері бойынша Гаага Конвенциялары негізінде құқықтық көмек көрсету және шетелдік сот тапсырмаларын орындау.

24. Шетелдік сот шешімдерін тану және орындату. Шетелдік сот шешімдерін тану және орындатудың арақатынасы. Шетелдік сот шешімдерін тану және орындатудың заңнамалық және шарттық негіздері. Шетелдік сот шешімдерін тану және орындатуға қатысты теориялық ұстанымдар. Экзекватура жүйесі. Ағылшындық vested rights теориясы. ҚР АІЖК нормаларының негізінде шетелдік сот шешімдерін тану және орындату. Халықаралық шарттар негізінде шетелдік сот шешімдерін тану және орындату.

25. ХАІЖ-дегі нотариус әрекеттері. Заңдастыру. Апостиль. ХАІЖ-дегі нотариус әрекеттерінің түрлері мен маңызы. Нотариаттың теориялық негіздері. Нотариаттың латын және ағылшын-американ жүйесі. ХАІЖ-дегі шетелдік құжаттарды заңдастырудың түсінігі мен жүзеге асырылу әдістері. Консулдық заңдастыру. Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жою туралы 1961 ж. Гаага Конвенциясының жалпы мазмұны. Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жою туралы 1961 ж. Гаага Конвенциясының ережелерін Қазақстан Республикасында жүзеге асыру.

26. Халықаралық коммерциялық арбитраждың құқықтық табиғаты. Арбитраж дау шешу нысаны, құқық саласы және құқықтық ғылым ретінде. «Арбитраж» және «аралық сот» түсініктерінің арақатынасы. Халықаралық коммерциялық арбитраждың құқықтық табиғаты. Арбитраждық және соттық процестің арақатынасы және салыстырмалы талдауы. Арбитраж түрлері. Арбитраждар (аралық соттар) қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасындағы құқықтық реттеудің ерекшеліктері. Арбитраждық келісімнің түсінігі, түрлері мен құқықтық табиғаты. Арбитраждық келісімнің шарттық, процестік және аралас теориялары. Арбитраждық ескертудің азаматтық құқықтық шартпен арақатынасы. Арбитраждық келісімнің дерогациялық әсері.

27. Арбитраждық дау қарастырудың бастапқы мәселелері. Арбитраждық дау қарастырудың бастапқы мәселелерінің түсінігі мен түрлері. Арбитраж орны мен тілін белгілеу. Арбитраж өткізу орнының құқықтық маңызы. Арбитраж құрамын қалыптастыру тәртібі. Институттық арбитраждар мен ad hoc арбитраждардың құрамын қалыптастыру ерекшеліктері. Арбитр кандидатурасына қойылатын талаптар. Жеке басты және коллегиялық арбитраждардағы арбитрды шеттету. Арбитраж құзіретін анықтау. Арбитраждық дау қарастырудың регламентін белгілеу.

28. Арбитраждық дау қарастырудың негізгі кезеңдері. Талап арызды және талап арыз бойынша қарсылықтарды беру. Талап арыз бойынша қарсылықтардың болмауының құқықтық маңызы. Сырттай өндіріс. Дауды маңызы бойынша қарастыру. Дау шешуге қолданбалы құқықты анықтау. Арбитраж өткізілу жерінің коллизиялық нормаларын қолдану. Lex voluntatis қағидасы. Qui eligit arbitri eligit jus қағидасы. Дәлел беру. Куәгерлік айғақ беру. Эксперттердің қатысуы. Арбитраждық шешімді шығару, толықтыру және түзету. Арбитраждық шығындарды өтеу тәртібі.

29. Шетелдік арбитраждық шешімдерді тану және орындату. Шетелдік арбитраж шешімдерін тану және орындатудың заңнамалық және шарттық негіздері. Арбитраждық шешімнің res judicata сипаты. Шетелдік арбитраж шешімдерін тану және орындатудан бас тарту негіздерінің классификациясы. Шетелдік арбитраж шешімдерін ҚР заңнамасы негізінде тану және орындату. Шетелдік арбитраж шешімдерін 1958 ж. Нью-Йорк Конвенциясы негізінде тану және орындату.

30. Халықаралық тәжірибедегі азаматтық құқықтық дауларды реттеудің альтернативалық әдістері. Халықаралық тәжірибедегі азаматтық құқықтық дауларды реттеудің альтернативалық әдістерінің түсінігі және түрлері. Медиацияның құқықтық негіздері және оның соттық және арбитраждық өндіріспен арақатынасы. Қазақстан Республикасының 2011 ж. «Медиация туралы» Заңын құқықтық талдау. Инвестициялық дауларды реттеу туралы 1965 ж. Вашингтон Конвенциясындағы татуластыру процедурасы.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.