Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Халықаралық жеке құқық» пәні бойынша.



«Халықаралық жеке құқық» пәні бойынша.

1. Халықаралық жеке құқықтың құқықтық табиғаты. Жеке құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері, олардың жария құқықтық қатынастардан айырмашылығы. Субъект, объект және құқықтық факт жеке құқықтық қатынастардағы шетелдік элемент ретінде. Заңдар коллизиясының түсінігі және шешу жолдары. Заңдар коллизиясын шешудің унификациялық және коллизиялық әдістері. ХЖҚ-тағы материялық құқықтық реттеу әдісінің ролі. ХЖҚ құқықтық табиғатының теориялары. ХЖҚ-тың басқа құқық салаларымен арақатынасы (халықаралық жария құқық, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы, арбитраждық құқық, неке-отбасылық құқықпен).

2. Халықаралық жеке құқықтың тарихы.Халықаралық жеке құқықтың пайда болуының алғышарттары. Глоссаторлар және постглоссаторлар (комментаторлар) ағымы, олардың негізгі өкілдері. Статуттар теориясы, оның өкілдері мен кодификациясы. Аумақтық теория, оның халықаралық жеке құқықтың дамуына ықпалы. Халықаралық құқықтық ортақтық доктринасы. Кеңестік (посткеңестік) және қазақстандық халықаралық жеке құқық ғылымының дамуы.

3. ХЖҚ қайнаркөздері. Ұлттық заңнама ХЖҚ-тың негізгі қайнаркөзі ретінде. Түрлі мемлекеттер заңнамаларындағы ХЖҚ нормаларының дербес және салалық кодификациясы. Халықаралық шарттар, сот прецеденті мен докрина, халықаралық сыпайылық және өркениетті ұлттар таныған құқықтың ортақ қағидалары, іскерлік айналым ғұрыптары мен lex mercatoria ХЖҚ-тың қайнаркөздері ретінде.

4. ХЖҚ нормаларының унификациясы және кодификациясы. ХЖҚ нормаларының унификациясына байланысты ХЖҚ бойынша Гаага Конференциясының, Жеке құқық униификациясының Рим Институтының, Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясының, басқа органдар мен институттарының қызметі. Еуропа, Латын Америкасы, ТМД мемлекеттері мысалдарындағы ХЖҚ нормаларының аймақтық унификациясы. ХЖҚ нормаларының ҚР және шетелдік мемлекеттер заңнамаларындағы кодификациясының ерекшеліктері.

5. Коллизиялық норманың құқықтық табиғаты.Коллизиялық норманың түсінігі мен функциялары. Коллизиялық нормаларды жеке (материялық) немесе жария (процестік) құқыққа жатқызу мәселесі. Коллизиялық норманың құрылымы. Негізгі тіркеу формулалары. Коллизиялық нормалардың классификациясы. Императивті және диспозитивті, альтернативті және кумулятивті, басты және субсидиарлы коллизиялық нормалар. Ерекше коллизиялық нормалар. Интертемпоралдық, интерперсоналдық, интерлокалдық нормалар.

6. Коллизиялық норманы қолдану мәселелері.Коллизиялық норманы қолдану мәселелерінің түсінігі мен классификациясы. Коллизиялық норманы және шетелдік құқықты қолдану мәселелері. Коллизиялық нормалардың өзара әрекет ету мәселелері. Бастапқы (қосалқы) мәселе және халықаралық жеке құқықтағы оны шешу ұстанымдары. Дау элементтерін бөлшектеу (dépeçage) және адаптация. Саралау қақтығысының түсінігі мен түрлері. Заң ұғымдарын саралау.

7. Шетелдік құқықты қолдану тәртібі.Шетелдік құқық мазмұнын анықтау. Шетелдік құқық мазмұнын анықтаудағы сот (арбитраж), басқа органдар, эксперттер мен дау тараптарының ролі. Кері сілтеме және үшінші ел құқығына сілтеме. Кері сілтемеге байланысты Қазақстан Республикасы мен шетелдік мемлекеттер заңнамаларының ұстанымы. Ағылшындық қос кері сілтеме теориясы. Халықаралық жеке құқықтағы заңды айналып өту. Жария тәртіп туралы ескерту. Жария тәртіптің герман (негативті) және француз (позитивті) концепциялары. Жария тәртіптің мазмұнын белгілеу проблемасы. Императивті нормаларды қолдану. Өзара түсіністік пен реторсиялар: материалдық, процесстік және коллизиялық аспектілер.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.