Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





D030200 – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ»



«6D030200 – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ»

мамандығы бойынша

PhD ДОКТОРАНТУРАНЫҢ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

 

МАЗМҰНЫ

1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері: «6D030200-Халықаралық құқық» мамандығы бойынша емтихан тапсырушылардың PhD докторантурада оқу және «Халықаралық құқық саласындағы философия (PhD) докторы» академиялық дәрежесін алуға қажетті білімдері, машықтары, ойды анық және дәйекті жеткізе білу қабілеттерін, сонымен қатар, аналитикалық қабілеттерін айқындау.

Емтихан қабылдау тәртібі:жазбаша емтихан. Тапсырушылар емтихан билетінің сұрақтарына өз жауаптарын жауап парақтарына жазады, емтихан комиссиясы жауап парақтарын шифрленген түрде тексереді.

2. PhD докторантураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар:үміткерлер халықаралық жария құқықтың және оның құрамдас салаларының жалпы және ерекше бөлімі, халықаралық жеке құқық, соның ішінде халықаралық азаматтық іс жүргізу салаларында терең және жақсы білім нәтижелерін көрсетулері қажет. Сонымен бірге, емтихан тапсырушы халықаралық әмбебап құжаттарды және ҚР халықаралық қызметінің шарттық құқықтық негізін талдауға ерекше назар аударуы қажет.

4. Емтихан тақырыптарының тізімі:

Бағдарлама мамандық бойынша түсу емтиханын тапсыру үшін дайындалуға арналған. Емтихан билеттеріндегі сұрақтардың нақты түрлері бағдарламада берілген тақырыптардан өзгеше түрде болуы мүмкін.

«Халықаралық жария құқық» пәні

 

1. Қазіргі халықаралық құқықтың түсінігі мен табиғаты.Халықаралық жүйенің түсінігі және компоненттері. Мемлекетаралық жүйедегі саясат, құқық және күш. Халықаралық құқық және халықаралық жүйеде әрекет ететін басқа да әлеуметтік нормалар. Халықаралық құқық жүйесінің ерекше сипаты, оның ұлттық құқық жүйелерімен салыстырғандағы ерекшеліктері. Халықаралық жария құқықтың түсінігі, пәні және әдістері. Халықаралық құқықтың объективтік негізі. Халықаралық құқықтың функциялары. Халықаралық жария және халықаралық жеке құқық. Халықаралық-құқықтық реттеудің түсінігі, әдісі және механизмі. Халықаралық құқықтың тиімділігін арттыру мәселесі. Халықаралық құқық және заманауи ғаламдық проблемалар.

2. Халықаралық құқық пен оның ғылымының тарихы.Халықаралық құқықтың пайда болуы және оның тарихын кезеңге бөлу мәселесі. Ежелгі заманның халықаралық құқығы. Орта ғасырлардың халықаралық құқығы. Халықаралық құқық ғылымының пайда болуы және дамуы. Халықаралық құқық ғылымының негізін қалаушысы Гуго Гроций және оның ізбасарлары. Жаңа дәуірдің халықаралық құқығы. Классикалық халықаралық құқықтың қалыптасуы және дамуы. Ұлттар Лигасының құрылуы. Екі дүниежүзілік соғыс арасындағы халықаралық құқықтың дамуы. БҰҰ құрылу тарихы. БҰҰ Жарғысы қазіргі халықаралық құқықтың негізгі құжаты ретінде. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі "қырғи қабақ" соғыс жағдайындағы халықаралық құқықтың дамуы. Отарсыздану процессі. Ғаламдану және интеграциялық тенденциялар, олардың халықаралық құқықтың дамуына әсері. ҒТР және оның халықаралық құқықтың дамуына әсері.

3. Қазақстан тарихындағы халықаралық құқық.Қазақстан тарихындағы халықаралық құқық. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылғанға дейінгі кезеңдегі Орталық Азия тарихындағы халықаралық құқық. Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ хандығы мен жүздерінің халықаралық құқық субъектілігі. Қазақ жүздерінің Ресей империясы құрамына кіруі. Қазақстан Кеңестік Ресей мен КСРО құрамында. Түркістан АКСР-ның ұлттық бөлінуі. КСРО құрамындағы одақтас республикаларындағы халықаралық құқық субъектілігінің элементтері. Қазақстанның тәуелсіздік иеленгенінен кейінгі халықаралық құқық субъектілігі.

4. Халықаралық құқықтың қайнар көздері.Халықаралық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі мен түрлері. Халықаралық шарт және әдет-ғұрып, олардық арақатынасы. Құқықтық нормаларды айқындаудың көмекші құралдары. Мемлекеттердің бір жақты мәлімдемелері. Ұлттық заңнаманың экстерриториялық әрекет етуі. Өркениетті ұлттармен танылған құқықтың ортақ қағидалары. Халықаралық конференциялардың актілері. Халықаралық құқық шығару процесі және оның нысандары. Мемлекеттердің еріктерін келістіру халықаралық құқық нормаларын құру әдісі ретінде. Халықаралық құқық шығарудағы қауымдастық және доктринаның ролі. Халықаралық құқықтық кодификациясы және прогрессивті дамуы.

5. Халықаралық құқық жүйесі.Халықаралық құқық жүйесінің түсінігі және негізгі элементтері. Халықаралық құқықтың құрылымы. Халықаралық құқық нормалары және олардың классификациясы. Халықаралық құқық қағидалары және олардың түрлері. Жалпы халықаралық құқық және жергілікті нормалар. Халықаралық құқықтың институттары мен салалары.

6. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының түсінігі мен жүйесі. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының тарихи негізділігі. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын бекітуші құжаттар. Мемлекеттердің егеменді теңдігі; халықаралық қатынастарда күш қолданбау және күшпен қауіп төндірмеу; мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау; халықтардың теңдігі және өзін-өзі анықтау құқығы; мемлекеттердің ынтымақтастығы; халықаралық міндеттемелерді адал орындау; мемлекеттік шекаралардың мызғымастағы; мемлекеттердің аумақтық тұтастығы; адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеуі қағидалардың түсінігі, қалыптасуы, дамуы және нормативтік мазмұны: Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының арақатынасы және диалектикалық байланысы. Халықаралық құқықтың жаңа негізгі қағидалары туралы мәселе.

7. Халықаралық құқықтың субъектілері.Халықаралық құқық субъектілігі концепциясының ерекшеліктері. Халықаралық құқық субъектілерінің түсінігі мен түрлері. Халықаралық құқық субъектілігінің мазмұны. Мемлекеттер халықаралық құқықтың негізгі субъектілері ретінде. Мемлекеттік егемендіктің түсінігі мен белгілері, оның әлеуметтік-саяси және құқықтық мәні. Мемлекеттердің негізгі құқықтары мен міндеттері. Мемлекеттердің халықаралық құқықтың субъектілері ретіндегі түрлері. Тәуелсіздік үшін күресуші халықтар қалыптасу үстіндегі мемлекеттер ретінде. Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық субъектілігі: түсінігі, туынды сипаты және құқықтық негіздері. Халықаралық ұйымдардың құқықтық мирасқорлығы. Мемлекет тәріздес құрылымдардың халықаралық құқық субъектілігі. Индивидтер мен заңды тұлғалардың халықаралық құқық субъектілігінің мәселесі.

8. Халықаралық құқықтағы тану институты. Халықаралық құқықтағы танудың түсінігі, құқықтық салдары және маңызы. Танудың теориялары, түрлері және нысандары. Халықаралық ұйымдарға мүшелік және тану. Көп жақтық шарттарға қатысу және тану. Халықаралық құқықтағы үкіметтерді тану теориялары.

9. Халықаралық құқықтағы құқық мирасқорлығы. Мемлекеттердің құқықтық мирасқорлығы түсінігі және мәні. Құқықтық мирасқорлық мәселелері бойынша көп тарапты шарттар. Халықаралық шарттар, мемлекеттік меншік, мемлекеттік архивтер мен мемлекеттік қарыздарға байланысты мемлекеттердің құқық мирасқорлығы. Басқа объектілерге байланысты мемлекеттердің құқық мирасқорлығы. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құқық мирасқорлығы. КСРО ыдырауына қатысты мемлекеттердің құқық мирасқорлығы. Мемлекеттердің халықаралық құқық субъектілері ретіндегі сәйкестігі (идентичность). Мемлекеттердің сәйкестігі мен континуитетінің құқық мирасқорлығымен байланысы.

10. Халықаралық құқықтағы аумақ.Халықаралық құқықтағы аумақ түсінігі мен түрлері. Мемлекеттік аумақ. Мемлекеттік аумақтықтың құрамы. Анклавтар. Квазимемлекеттік аумақтар. Мемлекеттік аумақты өзгертудің құқықтық негіздері мен әдістері. Мемлекеттік шекаралар. Делимитация және демаркация. Шекаралық өзендер режимі. Халықаралық өзендер режимі. Халықаралық режимді аумақтар: түсінігі мен түрлері. Халықаралық кеңістіктер ортақ пайдаланудағы объектілер ретінде. Адамзаттың ортақ мұрасы концепциясы. Ашық теңіз, халықаралық әуе кеңістігі, ғарыш кеңістігі және теңіз түбінің халықаралық аймағы, Антарктиканың құқықтық режимі. Айрықша құқықтық режимдегі аумақтар. Арктиканың құқықтық режимі. Ядросыз аймақтар, бейбітшілік аймақтары, демилитарланған және бейтараптандырылған кеңістіктер айрықша құқықтық режимдегі кеңістіктер ретінде. Аралас режимдегі аумақтар. Ерекше экономикалық аймақ пен құрлықтық шельфтің құқықтық режимінің ерекшеліктері.

11. Халықаралық құқықтағы тұрғын халық.Мемлекеттің тұрғын халқының түсінігі және құрамы. Тұрғын халық жағдайын халықаралық құқықтық реттеу. Азаматтық мәселелері бойынша халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары және ұлттық заңнама. Азаматтықты иелену және одан айрылу. Бипатризм мен апатризмді жою және қысқарту бойынша халықаралық ынтымақтастық. Шетелдіктердің құқықтық режимінің түрлері. Кемсітуге тыйым салу және құқықтарды шектеу. Еңбекші мигранттардың құқықтық режимі. Баспана құқығы. Дипломатиялық баспана институты. Баспана мәселелері бойынша Қазақстан заңнамасы. Босқындардың халықаралық және ұлттық құқықтағы құқықтық жағдайы.

12. Халықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасы. Халықаралық және ұлттық құқықтық реттеудің объектісі және халықаралық құқықтың объективті шектері. Халықаралық құқықтың субъективті шектері және мемлекеттердің ішкі құзыреті. Халықаралық құқық және ұлттық құқықтың экстерриториялық әрекеті. Халықаралық және ұлттық құқық арақатынасының теориялары. Ұлттық құқықтың халықаралық құқық дамуына әсері. Халықаралық құқықтың ұлттық құқыққа әсері. Халықаралық құқық нормаларын жүзеге асыру (имплементация): түсінігі, нысандары және мазмұны. Трансформация теориясы. Халықаралық ұйымдардың актілері және ұлттық құқық. Қазақстан заңнамасы мен доктринасындағы халықаралық және ұлттық құқық арақатынасының мәселесі.

13. Халықаралық дауларды шешудің халықаралық-құқықтық құралдары.Халықаралық дауларды бейбіт шешу қағидасы. Дау және даулы жағдай түсінігі. Халықаралық даулардың түрлері. Дауларды шешудің бейбіт құралдарының классификациясы. Келісімдік құралдар. Тікелей келіссөздер. Кеңесулер. Ізгі қызмет және делдалдық. Зерттеу және татуластыру комиссиялары. Дауларды халықаралық сот мекемелерінде шешу. Аралық соттың Тұрақты палатасы. БҰҰ Халықаралық Соты. Аймақтық халықаралық соттар. Дауларды халықаралық арбитражда реттеу. Дауларды халықаралық ұйымдарда шешу. БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД және басқа ұйымдарды дауларды шешу процедурасы.

14. Халықаралық құқықтағы жауапкершіліктің түсінігі және ерекшеліктері. Халықаралық құқықтағы жауапкершілік туралы нормаларды кодификациялау және прогрессивті дамыту. Жауапкершіліктің пайда болу негіздері. Халықаралық құқық бұзушылықтың құрамы мен түрлері. Жауапкершіліктен босататын жағдайлар. Мемлекеттердің халықаралық-құқықтық жауапкершілігінің түрлері мен нысандары. Халықаралық қылмыстар үшін жауапкершіліктің ерекшеліктері. Жауапкершілікті жүзеге асыру мәселелері: процедуралық аспектілер. Халықаралық ұйымдар жауапкершілігінің ерекшеліктері. Индивидтердің халықаралық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктері. Халықаралық юрисдикциялық органдар. Халықаралық қылмыстық соттың құрылуы және әрекет етуінің мәселелері.

15. Халықаралық шарттар құқығы.Халықаралық шарттар құқығының халықаралық құқық жүйесіндегі орны және ролі. Шарттар құқығының қайнаркөздері және шарттар құқығының қалыптасуы мен дамуындағы ұлттық заңнаманың ролі. Халықаралық шарттардың классификациясы. Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың шарттық құқық қабілеттілігінің ерекшеліктері. Шарттың нысаны мен құрылымы. Шарттың тілі. Шарттар жасасу: түсінігі мен кезеңдері. Шарттың міндеттілігіне келісім беру. Ескертпелердің түсінігі мен құқықтық салдары. Депозитарий және оның функциялары. Шарттарды тіркеу және промульгация. Шарттардың кеңістікте, уақытта және субъектілер бойынша әрекет етуі. Шарттарға түсінік беру: түсінігі мен түрлері. Шарт жарамсыздығының негіздері мен салдары. Шарттарды тоқтату және кідірту. Шарттарға соғыстың әсер етуі.

16. Халықаралық ұйымдар құқығы.Халықаралық ұйымдардың қазіргі кезеңдегі ролі мен маңызы. Жаһандану, интеграция және халықаралық ұйымдар. Халықаралық ұйымдардың құрылу тарихы. Халықаралық ұйымдардың түсінігі, белгілері және классификациясы. Халықаралық ұйымдар құқығының қайнаркөздері. Халықаралық ұйымдардағы мүшелік: кіру, мүшелікті тоқтату және кідірту. Халықаралық ұйымның ұйымдық құрылымы және органдарының шешімдері. Халықаралық бейүкіметтік ұйымдардың құқықтық табиғаты. Халықаралық конференциялар: түсінігі, белгілері және жұмыс жасау тәртібі. Халықаралық конференциялардың қаулылары және олардың құқықтық маңызы. Халықаралық ұйым болып табылмайтын мемлекеттер бірлестіктері мәртебесінің ерекшеліктері. Қосылмау қозғалысы және мемлекеттердің басқа да бірлестіктері.

17. Біріккен Ұлттар Ұйымы.БҰҰ құрылу тарихы және қазіргі дүниедегі маңызы. БҰҰ мақсаттары мен қағидалары. БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары. БҰҰ-дағы мүшелік. БҰҰ басты және көмекші органдарының құрылымы мен функциялары. БҰҰ жанындағы мемлекеттердің тұрақты өкілдіктері. БҰҰ жүйесі. БҰҰ мамандандырылған мекемелері: түсінігі, БҰҰ-мен қарым-қатынастарының сипаты және негізгі қызмет бағыттары.

18. Сыртқы қатынастар құқығы.Сыртқы қатынастар құқығының түсінігі, пәні, тарихы және қайнаркөздері. Сыртқы саясат, дипломатия және халықаралық құқық арақатынасы. Мемлекеттер сыртқы қатынастар органдарының жүйесі. Сыртқы қатынастардың ішкі мемлекеттік және шетелдік органдары. Мемлекет басшысы, парламент, үкімет, сыртқы саяси ведомство, сыртқы сауда және басқа да ведомстволар, сот органдарының сыртқы функциялары. Сыртқы қатынастардың шетелдік органдары. Дипломатиялық өкілдіктер: функциялары, құрамы, құрылымы және қызметін құқықтық реттеу. Консулдық мекемелер: түсінігі мен функциялар. Консулдардың сыныптары. Дипломатиялық өкілдіктердің консулдық бөлімдері. Сауда өкілдіктерінің мәртебесі. Сауда өкілдіктері, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттердің тұрақты өкілдіктері, арнайы миссиялар және халықаралық конференциялардағы мемлекеттердің делегациялары: мәртебесі және функциялары. Сыртқы қатынастар саласындағы Қазақстанның ұлттық заңнамасы.

19. Дипломатиялық және консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер.Дипломатиялық өкілдерді тағайындау және қайтару. Дипломатиялық корпус. Дипломатиялық өкілдіктің артықшылықтары мен иммунитеттері. Дипломатиялық, әкімшілік-техникалық және қызмет көрсетуші персоналдың және олардың отбасы мүшелерінің жеке дипломатиялық артықшылықтары мен иммунитеттері. Дипломаттардың орналасу еліне қатысты міндеттері. Консулдарды тағайындау және қайтару тәртібі. Консулдық патент және экзекватура. Консулдық аймақ. Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер, олардың ерекшеліктері. Консулдық корпус. Сауда өкілдіктері, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттердің тұрақты өкілдіктері, арнайы миссиялар және халықаралық конференциялардағы мемлекеттердің делегацияларының артықшылықтары мен иммунитеттері.

20. Халықаралық қауіпсіздік құқығыХалықаралық қауіпсіздіктің кең және тар мағынадағы түсінігі. Халықаралық қауіпсіздіктің әскери-саяси және басқа аспектілері. Халықаралық қауіпсіздік құқығының түсінігі, қағидалары және қайнаркөздері. Халықаралық қауіпсіздік құқығының мәні мен анықтамасына қатысты негізгі көзқарастар. Халықаралық қауіпсіздік құқығының пәні мен функциялары. Халықаралық қауіпсіздік құқығының институттары мен құрамдас салалары. Халықаралық қауіпсіздік құқығының контестіндегі халықаралық жария құқықтың негізгі қайнаркөздері. Халықаралық қауіпсіздік құқығының салалық қағидалары.

21. БҰҰ және аймақтық ұйымдар шеңберіндегі ұжымдық қауіпсіздік.Ұжымдық қауіпсіздік және элементтері. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету БҰҰ-ның бас мақсаты ретінде. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша БҰҰ-ның бас және көмекші органдарының қызметі. БҰҰ мәжбүрлеу шаралары мен бітімгерлік операцияларын өткізудің жалпы қағидалары. БҰҰ және аймақтық ұжымдық қауіпсіздік ұйымдарының құзіреттерінің арақатынастары. Аймақтық ұжымдық қауіпсіздік ұйымдарының қызмет етуінің құқықтық негіздері. Аймақтық ұжымдық қауіпсіздік ұйымдарының ортақ сипаттары. НАТО, ТМД Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының аймақтық ұжымдық қауіпсіздік ұйымдары ретіндегі ерекшеліктері.

22. Халықаралық құқықтағы сенімділікті нығайту шаралары.Халықаралық құқықтағы сенімділікті нығайту шараларының құқықтық табиғаты. Сенімділікті нығайту шаралары. Әскери бақылаушылар, әскери атташелермен алмасу. Қарулы күштердің саны мен құрылымы туралы мәліметтермен алмасу. Ірі әскери оқулар мен ірі әскер қозғалыстары туралы ескерту. Біріккен әскери оқулар. Шетелдік әскери мамандарды даярлау. Әскерді шекарадан шегіндіру. 1975 ж. ЕҚЫК-ң Хельсинки Қорытынды Актінің сенімділікті нығайту шаралары және қауіпсіздік пен қарусызданудың кейбір аспектілері бойынша Құжатын талдау.

23. Халықаралық құқықтағы қарусыздану.Қарусызданудың қазіргі халықаралық қауіпсіздік құқығының негізгі қағидасы ретінде. Жаппай қыру қаруларына тыйым салу және оларды шектеудің ерекше маңызы. Биологиялық (бактериологиялық), токсиндік, химиялық қаруды жоюдың конвенциялық және институттық механизмдері. Ядролық қарусыздану және оның бағыттары. Ядролық қарусыздану саласындағы БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциялары, көп тарапты және кеңес- (ресей-) америка шарттары. КСРО ыдырауына байланысты Қазақстан, Украина мен Беларусьтың ядролық потенциалдары туралы мәселені шешу. Қарапайым қару түрлері бағытындағы қарусыздану. 1990 ж. Еуропададағы қарапайым қарулы күштер туралы Шартты және 1999 ж. ЕҚҚКШ бейімдеу туралы Келісімді талдау.

24. Бейтараптық және соғыс жүргізудің кеңістік аясын шектеу.Халықаралық құқықтағы бейтараптық түсінігі мен түрлері. Тұрақты және эвентуалды бейтарап мемлекеттер. Бейтарап мемлекеттердің халықаралық қауіпсіздік құқығы және халықаралық гуманитарлық құқық контекстіндегі құқықтары мен міндеттері. Соғыс жүргізудің кеңістік аясын шектеу. Демилитаризация және бейтараптандыру. Антарктика, ғарыш кеңістігі, Ай және басқа аспан денелерінің демилитаризациясының ерекшеліктері. Мемлекет аумағының бәр бөлігінің демилитаризациясы (бейтараптандырылуы). Ядросыз аймақтардың түсінігі мен негізгі сипаттары. Ядросыз аймақтарға кіретін мемлекеттердің міндеттемелері. Үшінші мемлекеттердің міндеттемелері. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің ядросыз аймақтарға кіретін мемлекеттерге қатысты кепілдері.

25.Халықаралық құқықтағы қарулы күш қолдану.Халықаралық құқықтағы «дау» мен «жағдай», «бейбітшілікке қауіп» пен «бейбітшілікті бұзу», «қарулы шабуыл» мен «агрессия» түсініктерінің арақатынасы. 1974 ж. Агрессия Анықтамасы. Қорғану құқығы мемлекеттің ажырамас құқығы ретінде. Қазіргі халықаралық құқықтағы «превентивті қорғаныс» концепциясы, оның ғылыми негіздемесі мен сыналуы. Қазіргі халықаралық құқықтағы «гуманитарлық интервенция» концепциясы. Қарулы интервенция қағидалары. БҰҰ, аймақтық ұйымдар мен дербес мемлекеттер тәжірибесіндегі гуманитарлық интервенция. Халықтардың тәуелсіздік үшін қарулы күрес жүргізу құқығы. Қазіргі халықаралық құқықтағы «терроризммен» соғыс концепциясы.

26. Адам құқықтарының халықаралық құқығы.Адам құқықтарының халықаралық құқығы: түсінігі, қалыптасуы, қағидалары және қайнаркөздері. Адам құқықтары мен бостандықтарының классификациясы. БҰҰ және адам құқықтары. Адам құқықтарын халықаралық қорғау: институттық және конвенциялық механизмдері. Адам құқықтарын қорғаудың аймақтарын жүйелері. Тұрғын халықтың дербес категорияларының құқықтарын қорғау (әйелдер, балалар, ұлттық азшылықтар ж.т.б.). Адам құқықтарының жаппай және өрескел бұзылуымен күрестегі мемлекеттер ынтымақтастығы. Адам құқықтарының халықаралық құқығы және мәдени релятивизм. Адам құқықтарын сақтау бойынша халықаралық бақылау.

27. Халықаралық қылмыстық құқық.Халықаралық қылмыстық құқықтың түсінігі, қалыптасуы, қағидалары және қайнаркөздері. Мемлекеттердің қылмыстық юрисдикциясы. Халықаралық қылмыстар және халықаралық сипатты қылмыстық құқық бұзушылықтар, олардың классификациясы. Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер ынтымақтастығының нысандары, негізгі бағыттары және салалары. Құқық бұзушыларға қолданылатын стандарттар. Қылмыстылықпен күресудегі халықаралық ұйымдар. Аймақтық келісімдер. ИНТЕРПОЛ. ТМД шеңберіндегі қылмыстылықпен күресу. Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек: түсінігі, мәні және түрлері. Қылмыскерлерді ұстап беру. Қазақстанның қылмыстылықпен күресуге қатысуы. Халықаралық қылмыстық іс жүргізу құқығы: түсінігі, мәні, ерекшеліктері, қағидалары және қайнаркөздері.

28. Халықаралық құқықтағы терроризммен күрес.Терроризм қылмысының құрамын анықтау мәселесі. Терроризм қылмысын айқындаушы элементтер. Терроризммен байланысты қылмыстардың түрлері. Терроризммен күрестің институттық және конвенциялық механизмдері. БҰҰ және аймақтық ұйымдар қызметіндегі терроризммен күрес.

29. Халықаралық экономикалық құқық.Қазіргі әлемдегі экономикалық интеграция процестері: объективтік негіздері және мәні. Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі, пәні, қайнаркөздері және қағидалары. Әмбебап және аймақтық сипатты халықаралық экономикалық ұйымдар. БҰҰ жүйесіндегі және оған кірмейтін халықаралық экономикалық ұйымдар. Халықаралық экономикалық қауымдастық және халықаралық экономикалық тәртіп. Халықаралық экономикалық дауларды шешу.

30. Халықаралық сауда құқығы.Халықаралық сауда әлемдік экономиканың діңгегі ретінде. Халықаралық сауданың ортақ институттық жүйесі. Халықаралық сауда құқығының қалыптасуы: СТБК/ГАТТ-тан ДСҰ/ВТО-ға дейін. ДСҰ-ң негізгі белгілері және функциялары. ДСҰ-ң дауларды шешу бойынша механизмі. СТБК/ДСҰ шеңберіндегі көп жақтық сауда келіссөздері. Тауарлармен, қызметтермен және интеллектуалды меншік объектілерімен халықаралық сауда жасауды құқықтық реттеу ерекшеліктері. Халықаралық тауар келісімдері.

31. Халықаралық валюталық-қаржылық құқық.Халықаралық валюталық-қаржылық құқық: қалыптасуы, түсінігі, қағидалары және қайнаркөздері. Бреттон-Вудс валюталық жүйесі. Ямайка валюталық жүйесі. Еуропа валюталық жүйесі. Мемлекеттердің валюталық егемендігін шектеу. Валюталық саладағы ынтымақтастықтың институттық негізі. Дүниежүзілік Банк шеңберіндегі халықаралық несиелендірудің механизмдері. 

32. Халықаралық инвестициялық құқық.Халықаралық инвестициялық құқық халықаралық экономикалық құқықтың құрамдас саласы ретінде: қалыптасуы, түсінігі, қағидалары және қайнаркөздері. Инвестициялардың халықаралық қозғалысы. Халықаралық инвестициялардың құқықтық режимі, қорғалуы және кепілдері. Инвестицияларға меншік құқығының көшуі: халықаралық құқықтық аспект (экспроприация, ұлттандыру, жекешелендіру).

33. Халықаралық теңіз құқығы.Халықаралық теңіз құқығының қалыптасуы, түсінігі, қағидалары және қайнаркөздері. Халықаралық теңіз құқығының кодификациясы және прогрессивті дамуы. Теңіз кеңістіктері мен теңіз түбінің нақты категориялары, халықаралық бұғаздар мен каналдар, архипелаг суларының түсінігі, құрамы және құқықтық режимі. Кеме жүргізуді халықаралық құқықтық реттеу. Азаматтық және әскери кеменің құқықтық режимі. Теңіз түбінің халықаралық аймағындағы ресурстарды игеру жүйесі. Теңіз құқығы аясындағы халықаралық ұйымдар. Халықаралық теңіз құқығы аясындағы дауларды шешу. Ашық теңізге шығуы жоқ мемлекеттердің мәртебесі. Каспийдің құқықтық мәртебесін айқындау мәселесі және оның Қазақстан үшін маңыздылығы.

34. Халықаралық әуе құқығы.Халықаралық әуе құқығы: қалыптасуы, түсінігі, қағидалары және қайнаркөздері. Халықаралық коммерциялық әуе қатынастарын құқықтық реттеу. Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдар. Ұлттық және халықаралық әуе кеңістігіндегі ұшу ережелері. Халықаралық бұғаздар мен архипелаг сулары үстімен ұшу. Әуе кемесі мен экипаждың мәртебесі. Қону жеріндегі әуе кемесінің коммерциялық құқықтарының түрлері. «Әуе бостандықтары». Авиация қызметіне заңсыз араласу актілерімен күресу. Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік.

35. Халықаралық ғарыш құқығы.Халықаралық ғарыш құқығының қалыптасуы, түсінігі, қайнаркөздері және қағидалары. Ғарыш кеңістігінің халықаралық құқықтық режимі. Геостационарлық орбитаның құқықтық режимі. Аспан денелерінің құқықтық режимі. Ғарыш объектілері мен ғарышкерлердің халықаралық-құқықтық мәртебесі. Ғарыш объектілерінің түсінігі, оларды тіркеу және ұшыру. Ғарыш объектілеріне меншік құқығы, оларды құтқару және қайтару. Ғарышкерлердің түсінігі және мәртебесі. Ғарыш қызметінің қолданбалы түрлерін реттеу. Ғарыштағы ядролық энергия көздерін пайдаланудың құқықтық аспектілері. Ғарыш қызметі аясындағы халықаралық ұйымдар. Халықаралық ғарыш құқығындағы жауапкершілік. Халықаралық ғарыш құқығындағы дауларды шешу.

36. Халықаралық экологиялық құқық.Халықаралық экологиялық құқық: қалыптасуы, түсінігі, қағидалары және қайнаркөздері. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар және конференциялар. Қоршаған ортаның дербес объектілерін: теңіз ортасын, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын, атмосфераны, Жер айналасындағы ғарыш кеңістігін, жер кеңістігін, жойылу қаупі бар фауна мен флораны халықаралық құқықтық қорғаудың ерекшеліктері. Қоршаған ортаны радиоактивтік ластаудан қорғау. Қоршаған ортаны ластау үшін жауапкершілік. Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысуы.

37. Халықаралық гуманитарлық құқық.Халықаралық гуманитарлық құқық түсінігі, қағидалары мен қайнаркөздері. Қарулы қақтығыстар түсінігі мен түрлері. Халықаралық гуманитарлық құқық және қарулы қақтығыстар құқығының арақатынасы. Гаага және Женева құқықтары. Қарулы қақтығыс басталуы және аяқталуының нысандары мен салдары. Соғыс театры. Соғыстағы бейтараптық: түсінігі мен түрлері. Бейтарап және соғысушы мемлекеттердің өзара құқықтары мен міндеттері. Әскери контрабанда, трофейлер мен жүлделер. Әскери оккупация режимі. Мәдени құндылықтарды қорғау.

38. Қарулы қақтығыс қатысушылары және құрбандарының құқықтық мәртебесі.Қарулы қақтығыс қатысушылары (комбатанттар және бейкомбатанттар) түрлері. Әскери және госпитальдық кемелер мен ұшу аппараттарының, парламентердың, тыңшының, барлаушының, жалданушының, медициналық және діни қызмет өкілдерінің, журналисттер, инструкторлар мен кеңесшілердің құқықтық мәртебесі. Соғыс құрбанд



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.