Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





осымша тапсырмалар. Бөлме өсімдігін зертте.. Бағалау. орытынды бағамдау. сімдіктер — тірі ағзалар.. Мектеп: Рублевка орта мектебі. Мұғалімнің есімі: Мержақып Г.Е. СЫНЫП: 1-сынып. атысқандар саны:



Қосымша тапсырмалар

Дүниетану.Адамдар өздерін қоршаған ортаны қалай зерттейтіндіктері туралы талқылайды.

 

Көркем еңбек.Бақылау барысында сурет салу.Oқушылар зейінді болып, заттың суретін неғұрлым нақтырақ салулары тиіс.

 

Кейбір оқушыларға оқулықтағы тапсырмаға қосымша ретінде өсімдіктерді сызғыштың көмегімен өлшеуді ұсынуға болады.

 

Бөлме өсімдігін зертте.

Бөлме өсімдігінің бірін ал.

Оның биіктігін қолыңда бар

заттармен өлше.

Нәтижесін жазып отырады.

                                              

Сен өсімдіктің биіктігін әртүрлі заттармен өлшедің. Зерттеу нәтижесін қағазға жазып ал немесе суретін сал.

 

Бағалау

 

Оқушылар бақылау жасай алады.

 

Оқушыларға өздерінің айналасындағы заттарға бақылау жасатыңыз.

 

Оқушылар әртүрлі өлшеулер жасай алады. Қолда бар заттардың көмегімен заттарды өлшеу­ ді тапсырыңыз.

 

Оқушылар жасаған бақылаулары мен өлшеуле­­ рінің нәтижесін жаза алады.

 

Бақылаулары мен өлшеулерінің нәтижелерін жазып отыруды ұсыныңыз.

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

 

         

 

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

 

Сабақ тақырыбы:

Өсімдіктер — тірі ағзалар.

Мектеп: Рублевка орта мектебі

Күні : 11.09.2018

 

Мұғалімнің есімі: Мержақып Г.Е

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 4

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:өсімдіктердің негізгі сипаттамалары мен олардың тіршілік формаларын анықтау;

Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.

 

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

Бөлме өсімдіктері; жанды және жансыз заттар­ дың суреттері..

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар табиғаттағы жанды және жансыз заттарды ажырата алады.

Өсімдіктердің тірі ағза ретіндегі негізгі ерек­ шеліктерін табады. Олардың өсетінін, қорек­ тенетінін, тыныс алатынын және көбейетінін­ біледі.

Зерттеу жұмысы барысында оқушылар бақылау, сараптау, қорытындылау дағдыларын жетілдіре түседі.

Сабақтың мақсаты:

1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;

1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату;

1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Табиғатта заттардың түрі көп. Оларды жанды және жансыз табиғат деп бөледі.

 

Жанды және жансыз табиғат

 

Суреттерден нелерді көріп тұрсың? Олардың қайсысы жанды табиғатқа жатады?

Қайсысы жансыз табиғатқа жатады?

Ал қайсысы бұрын тірі ағзаның бөлігі болған?

Есте сақта!

 

Өсімдіктер — тірі ағзалар. Олар өседі, қоректенеді,­ тыныс алады, көбейеді. Жансыз табиғат нысандары өспейді,­ қоректенбейді, тыныс алмайды және көбеймейді.

 

Тас пен өсімдік

Тас пен өсімдікті салыстыр. Нені байқадың? Өсімдіктердің тірі ағза екенін қалай білуге болады?

 

 

Зерттейік

Айналаңа қара. Қандай жанды табиғат нысандарын көріп тұрсың?

 

 

Зерттейік

 

Тапсырмаларды орындағаннан кейін шағын тә­ жірибелік жұмыс жасаңыздар. Жұмыс барысында оқушылар мынадай сұраққа жауап беруі тиіс: Біздің айналамызда жанды заттар бар ма? Егер ауа райы қолайлы болса, далаға шығуға болады, егер мүмкіндік болмаса, жұмысты сыныпта орындаңыздар.

 

 Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Дүниетану.Адамның әртүрлі тұрмыстық зат­тарды жасауы мен өмірде пайдалануын талқылау адамның айналадағы әлемге қалай бейімделетінін көрсетеді.

 

 

Кейбір оқушыларға алдын ала дайындалып қойған екі өсімдікті ұсынуға болады. Оның бірі үнемі суарылған, екіншісі суарылмаған болсын. Оқушылар өсімдіктердің суреттерін салып, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін таба алады.

 

 

Бағалау

 

Оқушылар жанды және жансыз заттарды ажырата алулары тиіс.

Жанды — жансыз

Оқушылар суреттерде салынған жанды ағзалар мен жансыз заттарды ажырата алады.

 

Жұмыстың дұрыс орындалуын бақылаңыз. Егер оқушыға тапсырманы орындау қиынға соқса, онда оған көмектесіңіз. Сонымен қатар тапсырманы тез, нақты әрі қатесіз орындаған оқушыларды ерекше атап өтіңіз. Тапсырманы орындай алмаған оқушылар кездессе, оның себебін анықтап, сабақ тақырыбын тағы да түсіндіру қажет.

Жауабы

Жанды: ағаш, ит, гүл, қоңыз, құс.

Жансыз: сағат, тас, су, үстел, асықтар, домбыра, құс қауырсыны.

Оқушылар бақылау, сараптау дағдыларын жетіл­ діреді.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

 

           

 

Оқу ісінің меңгерушісі: __Жумабекова А.Е_________

 

Сабақ тақырыбы:

Өсімдіктердің қандай түрлері болады?

Мектеп: Рублевка орта мектебі

Күні :

 

Мұғалімнің есімі: Мержақып Г.Е.

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 4 Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:жабайы және мәдени өсімдіктерді ажырату;

Оқушылардың басым бөлігі:өсімдіктердің негізгі бөліктерін білу;

 

Кейбір оқушылар:қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.

Ресурстар:

өсімдіктердің суреттері;

бөлме өсімдіктері;

көкөністер мен жемістер.

Күтілетін нәтижелер:

Oқушылар өсімдіктердің әртүрлі тіршілік фор­ маларын­ оқып біледі.

Ағаштар, бұталар және шөптердің негізгі ерекшеліктері­ мен ұқсас белгілерін біле алады.

Мәдени және жабайы өсімдіктердің ерекшелік­ терімен танысады.

Оқушылар жергілікті флора түрлерін (оқушылар елімізде өсетін кем дегенде 3 өсімдіктің­ түрімен­ танысады) қарастыру арқылы қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және қамқор болуға үйренеді.

Сабақтың мақсаты:

1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату;

1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;

1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Өсімдік үш түрлі қарапайым морфологиялық топқа бөлінеді. Мысалы: ағаштар, бұталар және шөптесін өсімдіктер. Ағаш — бір ғана сүректенген сабағы бар, көпжылдық өсімдіктің тіршілік формасы. Ағаштың жуан сүрегі дің деп аталады. Ал бұта дегеніміз — бірнеше сүректенген сабағы бар, көпжылдық өсімдіктің тіршілік формасы. Бұталарда дің болмайды. Бұталардың биіктігі ағаштарға­ қарағанда аласа. Шөптесін өсімдіктер дегеніміз — сүректенбеген, жұмсақ сабақтары бар біржылдық және көпжылдық өсімдіктер. Қолайсыз жағдайда шөптесін өсімдіктердің жерүсті бөлігі қурап қалады. Өсімдіктер мәдени және жабайы

болып екіге бөлінеді. Мәдени өсімдіктерді адам өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өсіреді. Жабайы өсімдіктерді адам қолдан өсіруінің арқасында мәдени өсімдіктерге айналдырған. Мә­ дени өсімдіктер жеміс, көгөніс, дәнді дақылдар, сәндік өсімдіктер болып бөлінеді. Жабайы өсім­діктер дегеніміз — адам күтім жасамайтын өсімдік­тер тобы.

 

Кіріспе тапсырма.“Өсімдіктер — тірі ағзалар”тарауын толық меңгерту үшін қарапайым сұрақ қоюдан бастауға болады.

 

Жанды ағзалар жансыз заттардан қалай ерекше­ ленеді?

 

Жанды ағзаларға не жатады?

Жанды ағзаларға мысал келтіріңдер.

Жансыз заттарға мысал келтіріңдер.

 

Бау-бақшадағы өсімдіктер.Оқулықтағы кі­ріспе бөлімді оқып, оқушылардың назарын суретке аударыңыз. Оқушылардың бейнеленген өсімдік­ терді қаншалықты білетіндігін және осы өсімдік­тер­ дің қай жерлерде өсетінін сұраңыз.

 

Оқушыларды жұптастыра отырып, суреттегі өсімдіктердің бір-бірінен қандай ерекшелігі бар екенін сұраңыз. Жауап беру барысында оқушы­­ лардың назарын өсімдіктің мөлшеріне, биіктігіне,­ сабағының санына аударыңыз. Оқушылар өсім­ діктерді­ ағаштар тобы, бұталар тобы, шөптесін өсімдіктер тобы деп анықтағаннан кейін, екінші суреттен осы топқа жататын өсімдіктерді табуды тапсырыңыз.

 

Оқып, білген білімдерін бекіту мақсатында оқу­ шылардың өмірлік тәжірибесімен байланыстыра отырып, ойын ойнауды ұсыныңыз. Тақтаға өсімдіктер топтарының атауларын (ағаштар, бұталар, шөптер) бекітіп, сыныпты үш топқа бөліңіз. Әр топ өз атауына сәйкес (бірінші топ — ағаштар, екінші топ — бұталар, үшінші топ — шөптер) неғұрлым көп өсімдіктерді атауы қажет. Оқытушы осы атауларды тақтадағы сәйкес бағанға жазады.

 

Өсімдіктерді ата.Егер ауа райы қолайлыболса,­ мектептің ауласындағы өсіп тұрған өсімдік­­ терді зерттеуге болады. Олардың мөлшерін анық­ тау үшін оқушыларды ағаштың немесе бұтаның жанына тұрғызыңыз. Оқушылар ағаш діңінің жуан­ дығын құшақ арқылы анықтап көрсін, егер бір оқушының құшағы жетпесе, онда екі немесе бір­ неше оқушы бір-бірінің қолдарынан ұстауына болады. Егер ауа райы қолайсыз болса, өсімдіктер туралы бейнефильм немесе фотосуреттерді көруді, терезеден қарап, күнделікті көріп жүрген өсімдік­­ терге қарауды ұсыныңыз.

 

Ормандағы және шалғындағы өсімдіктер.

 

Бұл тапсырманың мақсаты — “мәдени өсімдіктер” ұғымымен олардың өсетін жерлерін (бау-бақшада) зерттеу арқылы таныстыру. Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аударып, келесі сұрақтарды қойыңыз.

 

Өз мектебіңнің айналасында өсетін бірнеше өсімдікті ата.

 Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Математика. Өсімдіктің биіктігін салыстыру.

Мәдени және жабайы өсімдіктер. Оқушылар әр пікірге сай келетін дұрыс жауапты қоршайды.

Жауабы: 1. Жоқ. 2. Жоқ. 3. Иә. 4. Иә.

Осыдан кейін оқушылардан мәдени және жабайы өсімдіктердің айырмашылықтарын атауын сұрауға болады.

 

Бағалау

 

       Оқушылар өсімдіктердің тіршілік формаларын ажыратып, ағаштардың, бұталардың және шөп­ тердің негізгі белгілерін білулері тиіс.

Өсімдіктер тобы. Оқушыларға әр өсімдіктің қай топқа жататынын анықтатыңыз. Одан кейін тапсырманы біршама күрделендіруге болады. Оқу­ шылардан өсімдіктердің әрқайсысы қалай атала­ тынын сұрай отырып, олардың ағаш, шөп және бұта деп бөлінетінін еске түсіртіңіз.

       Оқушылар мәдени және жабайы өсімдіктерді ажырата білулері тиіс.

Суретте не көрсетілген? Оқушылар суреттегі өсімдіктерді олардың дұрыс атауларымен байла­ ныстырып қосып, мәдени өсімдік түрлерін ғана бояйды. Тапсырманы орындағаннан кейін мәдени және жабайы өсімдіктер дегеніміздің не екендігін сұрауға болады.

Оқушылардың жұмысын қадағалаңыз. Әлі де жақсы оқи алмайтын оқушыларға көмек көрсетіңіз. Тапсырманы орындауда қандай қиындықтарға кез­ дескенін айтқызыңыз. Қажет болса, тағы да өсім­ діктер тобы арасындағы айырмашылықты түсінді­­ ріңіз.

Жауабы

Орамжапырақты, алманы, картопты, қызылшаны, сәбізді, пиязды бояу.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

 

         

 

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

 

Сабақ тақырыбы:

Өсімдік бөліктері

Мектеп:

Күні :

 

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;

Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.

 

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

өсімдік суреттері;

бөлме өсімдіктері;

үрмебұршақ тұқымдары;

стақандар;

пластикалық тостағандар (кішкене стақандар және басқа да ыдыстар);

мақта;

тұқымы бар жемістер (қызанақ, шие, алма, алмұрт және т.б.);

алдын ала дайындалған тәжірибе нәтижесі.

Күтілетін нәтижелер:

Өсімдіктердің қандай бөліктерден тұратынын білетін болады.

Суретте көрсетілген өсімдік бөліктерін (тамыр, сабақ, жеміс, тұқым) танып, ажыратады.

“Тұқымдар қалай өнеді?” зерттеуін жүргізуде оқушылар бақылау, талдау, қорытындылау дағ­ дыларын жетілдіреді.

Сабақтың мақсаты:

1.2.1.1өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың өмірлік формаларын анықтау;

1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Табиғатта тіршілік формалары мен мөлшерінің алуантүрлілігіне қарамастан, өсімдіктердің құры­ лысы ұқсас болып келеді. Өсімдіктердің мүшелері­ вегетативтік (өсімді) және генеративтік (көбею) болып екіге бөлінеді. Қоректену және өсу қызметін атқаратын мүшелер вегетативті мүшелер деп аталады­. Өсімдіктердің ең маңызды вегетативті мүшелері­ өркені және тамыры болып табылады. Өсімдіктердің­ бұтағы сабақтан, жапырақтардан және бүршіктерден тұрады. Өсімдіктердің генера­ тивті мүшелеріне гүлдер мен олардан пайда болатын тұқымы бар жемістер жатады. Генеративті мүшелер өсімдіктердің жынысты көбеюін қамтамасыз етеді.

Өсімдік бөліктері

Суретке қара. Өсімдіктің бөліктерін көрсет және ата.

 

 

Жемістердің ішінде не болады?

Суреттегі тұқымдар мен жемістер несімен ерекшеленеді?

Өсімдік гүлінің орнында не пайда болады? Ойланып көр.

Есте сақта!

 

Өсімдік бөліктері — тамыр, сабақ,жапырақ, гүл, жемісжәнетұқым.

 

 

 

 

Кіріспе тапсырма.Оқушылардың сабаққа қы­зығушылығын­ арттыру үшін сабақты ойыннан бастауға­ болады. Оқушылардан өздерін өсімдіктер рөлінде елестетулерін сұраңыз: қолдарын жоғары көтеріп, саусақтарының арасын ашсын. Оқушылардан қан­-дай өсімдікті бейнелегенін және қандай бөліктері бар екенін сұраңыз.

 

Өсімдік бөліктері.Оқулықтағы өсімдік бөлік­тері бейнеленген суреттерге қарауды ұсыныңыз. Оқушылардан бұл өсімдіктерді бұрын қай жерден көргенін және оның бөліктерін атап көрсетулерін сұраңыз. Олар әр суретті мұқият қарап, әр мүшенің атауын оқып немесе тыңдап, оның ерекшеліктері мен орналасуын есте сақтаулары тиіс. Жұптасып немесе шағын топта бір-біріне өсімдік бөліктеріне қатысты сұрақ қоюды ұсыныңыз. Өсімдік бөліктерін нөмірімен атап, суреттерімен сәйкестендіру керек. Мысалы, 1 — тамыр.

 

Жеміс — өсімдіктің бөлігі.Оқушылардан оқу­лықтағы суретке қарап, бейнеленген жемістерді атауларын сұраңыз. Олардан қандай жеміс-жидек­ терді жақсы көретіндерін және себебін сұраңыз. “Жидектер мен жемістерді жеу” деген пантомима ойнауға болады. Оқушылардың бірі оларды қалай жейтінін көрсетуі тиіс, ал басқа оқушылар жеміс не жидек екенін табулары керек. Оқушылардың назарын жемістердің алуантүрлілігіне аударыңыз. Олар жемістердің пішінін, мөлшерін, түсін, сонымен қатар құрғақ немесе шырынды екенін сипаттасын. Егер пантомима көрсету мүмкін болмаса, оқушы­ лардан жемістің іші қандай, олардың дәмі қандай екенін нақтылап сұраңыз. Өсімдіктің жемісінде не бар екенін сұраңыз. Оқушылардың жауабынан кейін ”Жемістің ішіндегі тұқымның саны қанша? Олардың пішіні мен мөлшері қандай?” деген сұрақтар­ қо­ йыңыз. Мүмкіндігінше бірнеше жемісті алдын ала дайындап қойыңыз. Ортасынан жарылған жемістерді көрсетіңіз.

 

Мектептегі өсімдіктер.Шағын тәжірибелікжұмыс жүргізіңіз. Осы жұмыстың барысында оқу­ шылар “Барлық өсімдіктердің бөліктері бірдей ме?” деген сұраққа жауап берулері тиіс. Егер ауа райы қолайлы болса, далаға шығуға болады. Ал егер оған мүмкіндік болмаса, онда бөлме өсімдіктерімен сы­ ныпта жұмыс жасаңыз. Қауіпсіздік техникасы бо­-йынша­ нұсқаулық жүргізіңіз. Оқушыларға өсім­ діктерді немесе олардың бөліктерін жұлуға бол­ майтынын ескертіңіз. Олар өсімдіктермен жұмыс істегеннен кейін қолдарын жууы керек.

Зерттейік. Шағын тәжірибелік жұмыс жүргізіңіз.Жұмыс барысында оқушылар “Тұқым қалай өнеді?” деген сұраққа жауап берулері тиіс. Бұл жұмыстың нәтижелері біраз уақыт күтуді қажет етеді. Сондықтан мұғалім алдын ала тәжірибе жасап, осы сабақта нәтижелерін көрсетуі керек. Кейін оқушылар өз жұмысының нәтижелерін мұғалімнің нәтижесімен салыстыра алады.

Оқушыларды бірнеше топқа бөліңіз.

 

Әр топқа қажетті заттарды беріңіз: үрмебұршақ, кішігірім құтылар, мақта, су, стақан.

Оқушыларға мынадай нұсқаулар беріңіз:

Шағын ыдысты алыңыз.

Түбіне мақта салыңыз.

Мақта ылғалданатындай, бірақ тұқымдардың бетін жаппайтындай етіп, аздап су құйыңыз.

Егер тұқымдардың бетін су жауып тұрса, олар бөртеді, бірақ өнбейді, себебі су ауаның өтуіне кедергі жасайды.

 

Бірнеше тұқымды мақтаның үстіне қойыңыз да, қақпақпен жабыңыз. Қақпақта ауа өтетіндей тесіктер болуы керек.

 

Тұқымды жылы жерге қойыңыз.

 

Шамамен үш күннен кейін тұқымдар бөртіп, бір аптадан кейін өнеді. Алдын ала осы екі нұсқаны жасап қоюға болады.

 

Ойлан!Тұқымдардың өнуіне ылғал қажет,сондықтан олар ылғалды мақтада өнеді. Егер мақта құрғақ болса, тұқым өне алмайды. Егер тұқымды суға батырып қойса, олар өнбейді, себебі тыныс алуға қажетті оттек жетіспей қалады.

 

 

 Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Математика.Өсімдіктің биіктігін салыстыру.

Кейбір оқушылар қолда бар заттарды пайдалана отырып, өсімдіктің коллажын жасап, оның бөліктерін белгілей алады.

 

Бағалау

 

Оқушылар өсімдіктердің бөліктерін ажырата алады.

 

Өсімдік бөліктері.Оқушылар өсімдіктің әрбөлігінің атын жазады. Жаза алмайтын оқушыларға өсімдік бөлігін, оның атауымен қосуды ұсыныңыз. Тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалаңыз. Орындау жылдамдығы мен ұқыптылығына назар аударыңыз. Тапсырманы орындауға қиналған оқушы­ ларға көмектесіңіз.

Оқушылар өсімдіктердің тұқымдары мен жеміс­ терін ажыратады.

 

Жемістер және тұқымдар.Оқушыларға жеміс-терді бояп, тұқымдардың суреттерін аяқтауды, со­ нымен қатар оны дұрыс атауымен қосып, өсімдікті атауды ұсыныңыз. Жемістердегі тұқым санына ерекше назар аударыңыз. Бұл оқушыларға қиын болуы мүмкін. Оқи алмайтындарға көмектесіңіз.

Тұқымның өнуі.Оқушылардан үрмебұршақ­тың қалай өнетіндігін бақылауды сұраңыз. Тұқымның өнуін бақылап, 3 және 6 күннен кейінгі суретін са­ луды тапсырыңыз.

 

Мұнда оқушылардың бақылау жүргізу және ба­ қылау нәтижелерінің суретін дұрыс салу қабілет­ терін атап, мақтап отыру қажет.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

 

         

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

 

Сабақ тақырыбы:

Өсімдіктердің тіршілігіне не қажет?

Мектеп: Рублевка орта мектебі

Күні :

25.09.2018

Мұғалімнің есімі: Мержақып Г.Е.

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 4 Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:өсімдіктердің тіршілігіне қажет жағдайларды зерттеу;

Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

су, топырақ, күннің суреттері;

бөлме өсімдіктері;

үрмебұршақ тұқымдары;

қораптар.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар өсімдікке өсу үшін қандай жағдайлар қажет екенін білетін болады. Бұл үшін олар өсімдікке түрлі өсу жағдайларын модельдеу арқылы зерттеулер жүргізеді.

Оқушылар болжамдар мен бақылау нәтижелерін салыстыруды, болжамдар ұсынуды үйренеді, содан кейін түрлі жағдайларда өсімдіктердің өсу нәтижелерін салыстырады, салыстырудың нәтижесінде қорытынды жасайды.

Сабақтың мақсаты:

1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;

1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Әр түрге жататын өсімдіктердің өсуі үшін тір­ шілік ету ортасына байланысты әртүрлі жағдайлар қажет. Кейбір өсімдіктер шөлге төзімді, басқалары ылғалсүйгіш болады. Біреулері жарықсүйгіш болса, екіншілері қараңғылықты сүйеді. Бірақ барлығына өсу үшін қажетті мөлшерде: су, жарық, жылу, ауа және қоректік заттар қажет.

 

Су өсімдіктер үшін өте маңызды, себебі ол жасушалардың құрамына кіреді және тіршілік үдерістері жүріп жатқан орта болып табылады. Ол тұқымның суды сіңіріп, бөртуі мен өнуі үшін қажет.

 

Жарық фотосинтез үдерісі үшін қажет, соның нәтижесінде өсімдік жапырақтарында қоректік зат­ тар түзіледі. Өсімдік минералды заттарды топы­ рақтан алады.

Сен білесің бе?

Оқушыларға жылыжайларда өсімдіктерге бар­ лық жағдайлар жасалатындықтан, олар жыл бойы өсе алатындығын түсіндіріңіз. Кейде онда осы өлкеге тән емес өсімдіктерді өсіреді. Егер сіздің өлкеңізде жылыжайлар болса, экскурсияға апарыңыз.

 

Кіріспе тапсырма.Оқушыларға пантомимаменсау өсімдікті көрсетуді сұраңыз. Содан кейін солып бара жатқан өсімдік қандай болатынын сұраңыз. Ол неге осындай болды? Оған не жетпеді? Өсімдіктерге өсу үшін не қажет?

 

Суреттерді салыстыр.Екі суреттегі өсімдік­­терді салыстырыңдар. Қандай айырмашылықтарын байқадыңдар? Осы сұрақты жұппен талдап, өзде­ рінің­ жасаған болжамдарының дұрыстығын дәлел­ деуді тапсырыңыз.

 

Алаңқай.Оқушылардың назарын оқулықтағысуретке аударыңыз. Тағы қандай жерлерде шөп аз өсетінін, ал қай жерде өте жақсы өсетінін сұраңыз. Неге бұлай болатынын сұраңыз. Шыршалы орманның фотосуретін көрсетіңіз. Толық сөйлемдермен суреттеуді өтініңіз. Кейбір оқушыларға сурет бойынша әңгіме құрауды ұсынуға болады. Оқушылар шыршалы орманның өте қараңғы болатынын, онда жарықтың аз түсетінін, сондықтан ешнәрсе өспейтінін айтуы мүмкін. Салыстыру үшін алаңқай немесе жапырақты орманның суретін көрсетіңіз. Бұл жұмысты оқушылар өз бетімен “өсімдікке жарық қажет” деген қорытынды жасай алатындай етіп ұйымдастырыңыз. Оқушыларға күн жарығы өсімдікке күш-қуат беретінін және олар осының нәтижесінде қоректік заттар түзетінін түсіндіріңіз.

 

Шөл.Оқушыларға шөлді жерлердің, орманныңсуреттерін көрсетіңіз, оқушылар суреттерді салыстырсын. “Неге өсімдіктердің барлығы шөлді жерде тіршілік ете алмайды?” деп сұраңыз. Оқу­ шылар өз жауаптарын негіздесін. Тамыр туралы өткен сабақты естеріне түсіріңіз. Шөлді жерде тіршілік ететін өсімдіктердің тамырының ұзындығы қандай? Неге?

 

Зерттейік.Жұмысты еркін құрылған топтардаұйымдастырыңыз.

 

Үрмебұршақ немесе асбұршақтың тұқымдарын, бөлме өсімдігін (немесе өніп тұрған үрмебұршақты), 3 құты (пластикалық стақандар), топырақ, қорап және “су, жарық”; “су, жарықсыз”; “жарық, сусыз” деген жазулары бар қағаздарды пайдаланыңыз.

Нұсқаулар

Құтыларға жазулары бар қағаздарды жабыс­ тырып, сол күнді, топтың атауын немесе оқу­ шының атын жазып қою. Құтыларға топырақ салу.

Әрқайсысына бір үрмебұршақ тұқымын отыр­ ғызу. Тұқымды сабаққа бір тәулік қалғанда сулап қойған дұрыс. Құтыларды терезенің алдына қою.

 

Бірінші құтыдағы топырақты суарып, қақпағын ашып қою.

 

Екінші құтыдағы топырақты суарып, қораппен жабу.

 

Үшінші құтыдағы топырақты ашық қалдырып, суармау.

 

Тура осыны бөлме өсімдіктері немесе алдын ала

 

өнген тұқымдар арқылы да жасауға болады.

 

Оқушыларға нәтижесінде не болатынын бол­ жауды тапсырыңыз. Айнымалы және тұрақты көрсет.

Суреттерді салыстыр.

Екінші сурeттегі өсімдіктерге не болғанын түсіндір. Оларға не жетіспеді?

Зерттейік

Өсімдіктерге өсу үшін не қажет?

 Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Математика.“Тексер” тапсырмасын орындаубарысында ұзындық өлшем бірліктерін пайдаланады.

Оқушылар өсімдіктердің өсуіне қажет жағдай­ ларды біледі.

Өсімдікке жасалатын жағдай. Оқушылар су­ реттерді­ сәйкес сөздермен­ байланыстырады. Жұ­ мыс барысында оқушылар­ өсімдіктердің өсуіне және тіршілігіне қажет жағдайларды тағы бір рет түйіндейді,­ артық сөзді анықтайды. Егер уақыт болса, оқушылар суреттерді бояйды.

Жауабы:

Су, жарық, жылу, топырақ.

Зерттеу нәтижесі. Оқушылар зерттеу жұмы­ сының нәтижелерінің суретін салып бере алады. Бұл үшін олар бірнеше күн бойы үш өсімдікті бақылайды, негізгісін таңдап, суретін салады. Оқушылар өсім­ діктің өзгеруіне назарын аударсын, маңызды өзге­ рістерге көңіл бөліп отырсын.

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.