Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





сыныпқа «Жаратылыстану» пәні бойынша орта мерзімді  жоспарлау



1-сыныпқа «Жаратылыстану» пәні бойынша орта мерзімді  жоспарлау

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.

Авторлары: С.Н. Кузнецова, Д.Н. Сапақов, И.Н. Васева, Ә.Қ. Жамиева, М.Қ. Құсайынова, М.Қ. Тасболатова

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен

“Мектеп” баспасымен бірлесіп әзірленген

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының сарапшыларымен келісілген

 

Оқу ісінің меңгерушісі: _Жұмабекова А.Е.__________

 

Сабақ тақырыбы:

Кіріспе          

Мен зерттеушімін

Мектеп:

Күні :

 

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: қоршаған ортадағы құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды оқып-үйренудің маңызын түсіну;

Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жүргізу.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

бөлме өсімдіктері;

табиғи және жасанды заттар;

сызғыш;

таразы.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар: қоршаған ортадағы құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды оқып-үйренудің қажеттілігін түсінеді;

қоршаған ортадағы құбылыстарға қалай бақылау­ жасау керектігін біледі.

Сабақтың мақсаты:

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Зерттеу дегеніміз — қандай да бір құбылысты ғылыми түрде оқып-үйрену үдерісі. Адам баласы қоршаған ортаны тани бастаған шақтан зерт­ теушілер пайда бола бастады. Алғашқы зерттеу­­ шілер философтар және дін қызметкерлері еді. Олар ғылымның жеке салаларын зерттемей, тұтас қарастырды. Мысалы, Ежелгі Мысыр абыздары бір мезгілде жыл санаумен, астрономиямен, матема­ тикамен және медицинамен айналысты. Ұлы ғалым­-дардың көпшілігі Ежелгі Грекиядан шықты. Олар — есімдері дүниежүзіне белгілі Сократ, Платон, Аристотель, Пифагор, Гиппократ, Архимед т.б.

 

Қазіргі заманғы ғылымның көптеген бағыттары бар. Өмірін ғылымға арнаған ғалымдар теориялық та, практикалық та тұрғыда зерттеулер жасай алады. Олар барлық қолда бар құжаттарды зерттейді немесе әртүрлі тәжірибелік бақылаулар жүргізеді.

 

Кіріспе сабағының барысында оқушылар зерт­ теушілер дегеніміздің белгілі бір ғылым саласын зерттейтін мамандар екенін түсінеді. Зерттеушілер қоршаған әлемнің үдерістерімен құбылыстарын, олардың табиғатын жақсы түсіну үшін зерттеу жүргізеді. Олар өз жұмысында ғылыми әдістерді пайдаланады және тексерістен өткен деректерге сүйеніп, зерттеу жасайды. Деректер құбылыстарды тікелей бақылау, өлшеу, тәжірибелер жасау арқылы алынады. Ғалым жұмысының негізгі бөлігі мәліметтермен жұмыс жасап, оларды жазу және сараптау болып табылады.

Есте сақта!         Зерттеушілер бізді қоршаған Әлемді зерттейді. Олар бақылайды,өлшейді, тәжірибелер жасайды және нәтижелерін жазып отырады.

Кіріспе тапсырма.Оқулықтағы мәтінді оқыңыз. Оқушыларға айналамыздағы заттар мен құбылыстарды зерттейтін адамдарды зерттеушілер деп айтатынымызды түсіндіріңіз. Ғылым саласындағы зерттеулермен ғалымдар айналысады. Олардан ғалымдардың нені зерттейтіндерін­ айтып беруді сұраңыз. Талқылау барысында оқушылардың жауаптарын толықтыруға болады: ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде табиғатта өсімдіктер мен жануарлардың өте көп екенін, олардың қандай түрге жататынын, қайда өсіп, мекендейтінін, немен қоректенетіндерін білдік. “Заттар қалай қозғалады?” және “Не үшін қозғалады?” деген сұрақтарға ғалымдардың өз пайымдауы­ болатынын айтыңыз. Мысал келтірулерін сұраңыз, кейбір оқушылар өз нұсқаларын ұсынуы мүмкін. Тапсырманы жұппен ауызша орындауға болады.

 

Талқылаудан кейін ойын ойнатыңыз. Оқушыларға әртүрлі заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың суреттерін таратыңыз. Әрбір оқушы зерттеуші рөлін ойнап, өз қолындағы суретті көрсетеді. Мысалы, аюдың суретіне қарап, оқушы: “Мен зерттеушімін, мен аңдарды зерттеймін”, — деп айтады.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.