|
||||||
Пәнаралық байланысБақыла. Сен білесің бе?Оқушыларға қазіргі заман зерттеушілері табиғатта болып жатқан әртүрлі құбылыстар мен заттарды да бақылай алатынын айтыңыз. Қазіргі таңда олар көзге көрінбейтін заттарды бақылауды үйренді. Ғалымдар көзге көрібейтін заттарды бақылау үшін лупаны (үлкейтіп көрсететін арнайы құралдарды) пайдаланады. Oқу шыларға көзге көрінбейтін ұсақ затты үлкейткіш әйнекпен немесе микроскоппен бақылатуға болады. Егер сыныпта оқушылардың біреуі телескопты көрген болса, көргенін айтып беруін сұраңыз.
Бөлме өсімдігін зертте.Оқулықтағы тапсырмаға кіріспес бұрын, оқушыларға өлшеу әрекеті туралы мәтінді оқып беріңіз. Оқулықтағы суретке назарларын аударып, балалардың не істеп жатқандарын сұраңыз. Жақсы зерттеуші болу үшін заттарды өлшей білу қажет екенін айтыңыз. Өлшеудің көмегімен олар заттың көлемін немесе салмағын анықтай алады. Оқушыларды топтарға бөліңіз, әр топтағы оқушылар саны 4-тен аспағаны дұрыс. Oларға өлшеу жасай алатындай әртүрлі заттарды ұсыныңыз. Өлшеуге пайдаланатын затты оқушылардың өздеріне таңдатыңыз. Оқушыларға бөлме өсімдіктерін беріп, оларға ұқыпты болуларын сұраңыз. Тәжірибеге мысал келтіріңіз, мысалы: өсімдіктің биіктігі 2 қаламға сәйкес т.б. Оқушылар өз өлшеулерінің нәтижелерін сурет салу арқылы көр сетсін.
Нәтижесін жаз.Оқушылардың назарын оқулықтағы мәтінге аударыңыз, зерттеушілердің өз бақылаулары мен өлшеулерінің нәтижелерін не үшін жазатындығы туралы сұраңыз. Жауаптарды тыңдап алып, оқушыларға бұл нәтижелерді ұмытып қалмау үшін және кейін тексеру кезінде қолдану үшін жазу керек екенін айтыңыз. Оқушыларға өздерінің бақылаулары мен өлшеулерінің жазбаларына қайта қарап, оларды сыныптағы басқа оқушылардың жазбаларымен салыстыруды ұсыныңыз.
| ||||||
Пәнаралық байланыс |
|
|||||
|